7


Ана тілі Тақырыбы Қыс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ана тілі 2сынып

Тақырыбы: Қыс

Мақсаты: а) білімділік : М.Дулатов туралы және оның «Қыс» мәтінін оқу арқылы қысқы табиғат қаталдығы мен қызықтарын ұғынуға, мазмұны мен идеясын ашуға мүмкіндік жасау.

Ә) оқушылардың сөздік қорын, ой - өрісін, сөйлеу машығын, қиялын, сезімін ояту

Б) өз ара құрмет сезімін тудыру, бір бірінің пікірін тыңдау, сыйласу, туған жердің табиғатын сүюге тәрбиелеу

Сабақ әдісі: СТО, сұрақ - жауап

Көрнекілігі: слайд сызбалары, қыс суреті

Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру оқушылар өз қалауларымен шана, қар, аяз ата суреттерін таңдап алып үш топқа бөлінеді.

2. Тілек шоқтары әр топ бір біріне тілек айту.

3. Бәйге ойыны арқылы үй тапсырмасын, тарауды тиянақтау.

20

30

40

30

20

10

10

20

30

20 -« Ыстыққой, шіркін, туған жер!»- деген сөздер кімнің шығармасында кездеседі?

30- мақалды жалғастыр

40 - Отан дегенді қалай түсінесің ?

30 - Отан туралы мақал айт

20 - «Астана» өлеңін жазған кім?

10 -« Туған тілім» өлеңін жазған кім?

10-« Кімнің мекені жақсы ?»- шығармасындағы негізгі ой?

20 - Туған жер туралы мақал айт

30 - Қазақстандағы мемлекеттік тіл?

4. Үй тапсырмасын тиянақтау. Ойды жинақтау.Әр топтан Туған жер туралы ойды мақалмен түйіндеу.

5. Сонымен сендер өз қалауларың аяз ата, қар , шана суреті бойынша бөліндіңдер. Бұлар қай мезгілге байланыста айтылады?.

Олай болса, біз бүгін қысқа байланысты «Қыста талай қызық бар» - деген үлкен тарауды бастаймыз.

- Балалар әр топтан сендер неге аяз ата, қар, шананы таңдағандарыңды түсіндіре қойыңдар.

Әр топқа сұрақ қою.

Аяз ата тобына: Қыс айларын ата.

Шана тобына: Қыстағы мерекелерді ата.

Қар тобына: Қысқы табиғат туралы айт.

Сабағымызды бастамастан бұрын сөзжұмбағымызды шешіп алайық.


а

я


з

Жұмбақтар:

  1. Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тонады.

  1. Есіктен кіреді еңкейіп,

Төрге шығады қампайып

  1. Отқа жанбас, суға батпас.

Шешуі: Аяз

Сұрақ: - Аяз қай уақытты болады? - Қыста

Олай болса М.Дулатов атамыздың «Қыс» шығармасымен танысамыз.

Қыс әңгімесін жазған М. Дулатов туралы естігендерің бар ма?

Олай болса экранға қарап Міржақып Дулатов туралы біліп алайық.

Өмірдерек

- Ал осы қыс туралы бұрын кімнің өлеңін оқыдыңдар? (Абай «Қыс»)

Абайдың «Қыс» өлеңін жатқа айтқызу.

Жаңа сабақ: Енді М.Дулатовтың «Қыс» әңгімесімен оқып танысайық.

Сөздік жұмысы.

Тізбектей оқыту.

Мағынаны ажырату.Авторға сұрақ қою стратегиясы.

Оқушыларға 3 логикалық бөлікке бөлінген дайын мәтін таратылады. Оқушылар бірінші бөлікті түгел оқиды.

1 топ - авторлар, қалған екі топ оқырмандар. Оқырмандар мәтін бойынша авторларға сұрақ қояды. Авторлар жауап береді.

2 ші бөлік оқылады. 2ші топ- авторлар, қалған екі топ оқырмандар. Оқырмандар мәтін бойынша авторларға сұрақ қояды. Авторлар жауап береді.

3 ші бөлік оқылады. 3ші топ - авторлар, қалған екі топ оқырмандар. Оқырмандар мәтін бойынша авторларға сұрақ қояды. Авторлар жауап береді.

Суретпен жұмыс. Ойын: « Қарлы кесек» . Қарлы кесекті лақтыру арқылы сурет бойынша оқушылар өзге топтарға сұрақ қояды, топ жауап береді.

Ой толғау. Өзің үшін жазу стратегиясы: «Қыс қызығы», « Қатал қыс», « Қысқы табиғат» тақырыбында оқушылар әңгімеден алған ой пікірлерін жазады. Оқушылар жазғандарын топта талқылап, таңдаулы шығарманы ортаға шығып, автор орындығына отырып оқиды.

Қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарыТоптастыру стратегиясы. «Қарлы кесек» ойыны арқылы қыста болатын табиғат құбылыстарн топтастыру.


қырау тайғақ

қар аралас жаңбыр

қар

боран

тұман аяз


Үйге тапсырма: Қыс суретін салу

Бағалау:

Топты бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал