7


Открытый уорк 1 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Пәні: Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Ә ә дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты: Білімділік. Ә ә әрпімен таныстыру. Ә дыбысының жіңішке айтылатын дауысты дыбыс екенін анықтау;

Дамытушылық: Ә дыбысына байланысты үзінді көрсету арқылы есте сақтау қабілетін дамыту

Тәрбиелік: Отбасы мүшелеріне үлкендерге сүйіспеншілік құрметтеу сезімдерін ояту.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе әріптер, бейнетаспа көрініс.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: көрсету , түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Түгендеу , сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Бір, екі, үш

Сынып іші тып-тыныш,

Құралдарым алдымда

Мен дайынмын сабаққа.

Психологиялық дайындық;

- Бір жылда неше мезгіл бар? (4)

- Қазір жылдың қай мезгілі? (Күз)

- Күз айларын ата? (қыркүйек, қазан, қараша)

- Бір аптада неше күн бар? (7 күн)

- Бүгін аптаның қай күні? (дүйсенбі)

Онда бір - бірімізге сәттілік тілейік.

Дүйсенбі күні сәтті болсын!

Күніміз тек жақсы болсын!

Жақсы білім алайық!

Үлкендерді сыйлайық.



Ой қозғау. Балалар бізге әже қонаққа келіпті. Ол сендер сияқты Әсел, Әсет атты немерелерін іздеп жүр. Сендерден көмек сұрап тұр. Әжеге көмектесейік балалар

Әженің тапсырмасы мынандай:

1) Дыбыс дегеніміз не? (дыбыс естиміз, көреміз оқимыз)

2) Берілген дыбыстардың дауысты, дауыссызын ажырат (тақтаға екі үйдің суреті ілінеді. Оқушылар дайындалып сол уйге салады және жауаптарын айтады. Дауысты дыбысты қызыл үйге, ал дауыссыз дыбысты көк үйге кіргізеді)

Балалардың жауаптары талданады.

3) Кім? Не? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді айту.

Оқушылар жауабы тыңдалады .

4) Сурет бойынша әңгіме құра, тақтаға суреттер іледі.

Оқушылар жауабы тыңдалады

Әже, Әсел, Әсет деген сөздер қандай дыбыстар басталып тұр?

Ә дыбысы мен әрпімен танысамыз. Қазір осы дыбысқа байланысты бейнетаспа көріп алайық.

Ә дыбысынан басталатын кандай сөздермен таныстық.

Окушылар айтқан создердін суреттері тактага ілінеді.

Жаңа сабақ: Ә дыбысы дауысты дыбыс. Ә әрпін хормен айтқызу. Оқушылар суретке карап әңгіме құрап көрейікші. Тақырыбын не деп атаймыз? Әже мен немере. Жақсы олар не істеп отыр? Әңгіме, ертегі айтып отыр. Әтеш сөзін дыбыстық талдау жасау. Бағандағы сөздерді оқыту.

Тусінгенін тексеру. Өздеріңнің әжелерің туралы әңгімелеп беріп көр.

Сергіту сәтті.

Білімді бекіту. Дәптермен жұмыс. Енді жұмыс дәптерімізді ашып Ә дыбысын жазайық. Бірінші мен сендерге ауада жазып көрсетейін. Балалар Ә дыбысын жазады. Өте жаксы балалар сіздер әжелеріңе сыйлық жасайсыңдар ма?

Онда Әсел мен Әсет те әжесіне алма теріп бермекші. Сендерді көмекке шақырады. Тапсырма әр алмада суреттер берілген сол сөздерді буынға болу.

Қорытындылау; Бүгінгі сабақта нені үйреніп нені білгендеріңді көрейік.

Ә дыбысы қандай дыбыс? Ә дыбысы сөздің қайсы буында болады?

Сабаққа жақсы қатысықан оқушыларды марапаттау.

























№18 орта мектеп

































Тақырыбы: ___________________________





Сыныбы: _____________________________

Сынып жетекшісі: _____________________





































2015/2016 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал