7


  • Учителю
  • «Қош бол, құтты Әліппем!» ертеңгілігі.

«Қош бол, құтты Әліппем!» ертеңгілігі.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Қош бол, құтты Әліппем!» ертеңгілігі.


Ертеңгілік залда өткізіледі. Ең көрнекті тұсқа «Қош бол, құтты Әліппем!» деген ертеңгілік тақырыбы көз тартарлықтай етіліп әсем өрнектеліп жазылып ілінеді.

Ы. Алтынсариннің, А. Құнанбаевтың, А. Байтұрсыновтың портреттері, қанатты сөздер жазылып ілінеді. Алфавит жазылған көрнекіліктер, «Әліппе», «Ана тілі» костюмдері жоғары сынып оқушыларымен дайындалады.

Мұғалім: Бар білімнің бастауы,

Бар ғылымның бастауы

Жас балаға нұр шашқан

Әліппе кітап тіл ашқан.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін сіздер бірінші сынып оқушыларының алғаш рет қолдарына ұстап әріп таныған оқулығы «Әліппемен» қоштасуға арналған ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Хош келіпсіздер дей отырып, мерекені бастайық.


Әнұран - оқушылар орындауында.


1 - оқушы: Армысыздар, аналар,

Бармысыздар, балалар!

Сөзіме құлақ салыңыз

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі ән-жырымыз.

Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік.

2 - оқушы: Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат

Оқулықпен достасып,

Өсті білім сан санат.

Хормен: Құтты болсын тойымыз!


Мұғалім: Балалар, естеріңде ме, алғаш мектеп табалдырығын аттап, сыңғырлаған қоңырау үнін естіген күндерің қай күн еді?


Хормен: 1 - қыркүйек.


3 - оқушы: Күмбір, күмбір қоңырау,

Сағынған ай қыркүйек.

Қалам ұстап қолыма,

Жазылған ай қыркүйек.

Мұғалім: Балалар, бұдан соң қызықтап, қолымызға алғаш ұстаған кітабымыз қандай кітап?


Хормен: «Әліппе» кітабы.

Мұғалім: Қымбатты, балалар, өздерің алғаш қолға ұстаған аяулы да, қымбатты «Әліппені» ортаға шақырайық.


Шәкірттер: Әліппе, әліппе, әліппе!


Әліппе ортаға шығады:

Армысыңдар, жас достар!

Армысыңдар, ата-ана!

Болашаққа жол бастар,

«Әліппең» келді ортаға.

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген,

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

Таудай болса талабың,

Айтары көп әріптің,

Қуанышы баланың

Қуанышы ананың

Жақсы білім-көрімдік.

Болсын сізге, халайық!

Не үйреніп, не білдік,

Қане, ортаға салайық!


Жүргізуші:

Сенің нұрың сөнбесін,

Ашық аспан, жарық күн.

Келешегі сөйлесін

«Қазақ» деген халықтың

Тілі балдай баланың,

Талабына жарық бер.

«Ертеңгілік» сабағын,

Жүргізеді, мына тұрған әріптер!


4 - шәкірт:

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріпте.

Оқимыз қазір ертекті,

Үйреткен оны Әліппе.


5 - шәкірт:

Бар кітапқа бас болған

Әліппе - ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.


Хор: «Әліппе» әні орындалады.


6 - шәкірт:

Үйретіп мұғалім алғаш бізге Әліппені,

Мұғалім ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы, мақсаттары

Оқудың сәулесімен жарық көрді.


7 - шәкірт:

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да,

Тілінен бал тамған ақын да,

Тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да,

Егін салған егінші де,

Мал бағып терін төккен шопан да,

Көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де,

Бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған,

Сондықтан да ұлағатты ұстаздар,

Сіздерге бүкіл адам баласы,

Құрметпен бас иеді.

(Шәкірттер бас иеді).


8 - шәкірт:

Иә, ғұлама білгіш ғалымнан,

Оқушы жас жалыннан.

Аса ірі ойшылдан,

Президент, ақыннан,

Ғарышкер ұлы батырдан,

Өнері тасқан актерден,

Ырыс қазған шахтерден,

Мың бұралған бишіден,

Ой тербеткен күйшіден,

Оқыған жас, кәріден,

Оқушының бәрінен!


Шәкірттер: - Ұстаздарға мың алғыс!


Ән: - «Ұстазым» орындайтын: Базарбекова Аида.


9 - шәкірт:

Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің Әліппе.

Сахнаға кір-қожалақ Білмесбек жүгіріп шығады.


Білмесбек: Мыналар неге жиналған, әй?


Мұғалім: Сәлеметсіз бе, Білмесбек. Бүгін «Әліппемен қоштасу» мерекесі.


Білмесбек: Әліппемен қош-та-су. Қоштасыңдар, қоштасыңдар. Қой, мен кетейін. Чао. (Кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады).


Бала: Тиіспе менің шарыма. Мұнда әріп жазылған.


Білмесбек: Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті. Ал мынау мәссаған рогатканың суретін салып қойыпты. Бұларды мен «Әліппені» оқымай-ақ білемін.


Мұғалім: О, не дегенің, Білмесбек. Бұлар О, Ү әріптері. Дегенмен, балалар, Білмесбектің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас.


Білмесбек: Ой, менен басқа білмейтіндер де бар шығар - ау іштеріңде.


Мұғалім: Жоқ, Білмесбек, барлық бала жақсы оқиды.


Білмесбек: Онда менің де кітап оқығым келеді.


Мұғалім: Өте дұрыс. Тек алдымен үсті-басыңды жөңге сал. Әліппені таза, әдепті бала ғана ұстайды.


Білмесбек: Жарайды. (Жүгіріп шығып кетеді).


Жүргізуші: - Ал, балалар, қане айтыңдаршы, біздің қазақ тілінде қанша әріп бар?


Шәкірттер: - қырық екі әріп бар.


Жүргізуші: - Олай болса, сендер оны маған қалай айтып бересіңдер?


Шәкірттер:

Алфавитті біліңдер,

Онда жүйе, қалып бар.

Біздің қазақ тілінде

Қырық екі әріп бар.


Жүргізуші: Жарайсыңдар, олай болса қазір өздерің жеке-жеке қандай әріп екендеріңді

және соған байланысты өлеңдерді айтып беріңдер.


10 - шәкірт:

Үйретті бізді «Әліппе»

42 дербес әріпке,

Сөз, сөйлем құрап әріптен

Лайық болдың дәріпке.

11 - шәкірт:

Біз екі тоқсаннан артық көп еңбек еттік.

Қырық екі әріпті түгел жаттап алдық.

Оқуды, санауды, жазуды үйрендік.


12 - шәкірт:

Біз «Әліппені» Ыбырай Алтынсарин атамыздың

«Кел, балалар, оқылық!... ұранымен бастадық.

«Кел, балалар, оқылық!...»


13 - шәкірт:

Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық, тойладық.


Ән: «Астана» әні орындайтын Серікбай Аяжан.

14 - шәкірт:

Барлық әріп бағалы,

Айттық әділ бағаны.

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды.

Адам барлық әріпті,

Ардақтайды, қолдайды!


15 - шәкірт:

Алфавиттің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Байқадың ба Б тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде түсінші?


16 - шәкірт:

А деген ол-Аналар ғой ардақты,

Ә деген ол-Әкелер ғой салмақты,

Б деген ол-Балалар ғой әдемі.


17 - шәкірт:

Алшақ кетпей сондықтан да,

Тұрады олар алфавиттің басында.


Әліппе:

Қане, балалар, енді қонақтарға, ата-аналарға кітапты қалай оқитынымызды

көрсетейік.

Бір бала қолындағы кішкене кітапшадан әңгіме оқып береді.

Балалар сендер тек қана мені оқып қоймай, математика пәнін де оқып үйрендіңдер. Ендеше математика пәнінен не оқып үйрендіңдер, соны ортаға салайық.

«Санамақ» айту, «Өз орныңды тап» ойынын көрсету.


18 - шәкірт:

-Дд-


Сабақ до - дан басталар,

Бірақ бізде бес сызық.

До нотасы жазылар,

Керек тағы бір сызық.

Ля үшін де үстінен

Керек тағы бір сызық.


19 - шәкірт:

-Кк-

Қай нотаға қай тіл сай,

Бұл бір жұмбақ ойнамай.

Жұмбақ болса несі бар,

Ойлан-дағы, шешіп ал.

Жұмбақ кілті табылды,

Сол таңба Кілт деп табылды.

Бес сызықтан біз білген,

Екінші жолын аламыз.

Әдемілеп иілген,

Кілт таңбасын саламыз.

20 - шәкірт:


-Бб-

Ортасы ақ қалғаны -

Бүтін нота болғаны.


21 - шәкірт:


-Жж-

Бөлінген бүтін нотамыз,

Екі жарты нотаңыз.

Таяқша тіркеп салғанымыз,

Бүтіннен бөліп алғанымыз.

22 - шәкірт:


-Шш-

Әр жартыға екіден,

Ширек нота бекіген.


23 - шәкірт:

-Сс-

Ширек нота қарадан -

Сегіздік нота тараған,

Таяқша, нүкте қасында,

Міне былай

Не былай


24 - шәкірт:

-Гг-

Оны ойнайды сол жақ қол,

Сол жағынан санап біз.

Жиырма тілді аламыз.

Соңғы нота - Фа - дан біз,

Бас кілтін табамыз,

Ерекше оның белгісін.

Былайша біз жазамыз.

25 - шәкірт:


-Фф-

Фортепиано - итальян сөзі.

Егер бұл сөзді екіге бөлсек,

Форте - қатты, пиано - ақырын

Деген дыбыстар сазын түсіндіреді.


26 - шәкірт:

P


F-Ээ-

Латын әрпін біліңдер,

Бұл әріптер білдірер:

Эф - қай тұста қаттырақ,

Пэ - қай тұста ақырын.


27 - шәкірт: -Тт-

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашан да

Биікке іліп қояды.


Әліппе: Балалар, сендер тек қана мені оқып қоймай, сендер тағы нота әліппесімен танысыпсыңдар ғой! Қандай еңбек сүйгіш, өнер сүйгіш балаларсыңдар!

Ал, енді сендер мынадай жұмбақтар шешіңдерші:


Сүңгіген жетер әрең,

Теңіздей түбі терең.

(Білім)

Қабат - қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.

(Кітап)


Жазу жазып, жалықпаған,

Жаза - жаза арықтаған.

(Бор)


Алты қырлы,

Алтын сырлы.

(Қарындаш)


Үйреткен ілімді,

Қырық екі білімді.

(Алфавит)


Дұрыс-ақ, енді бір сынайын.

Қане, ықылас қоя тыңдаңдар. Мен, жекелеген сөздерді атаймын. Ал, сендер

оны қолдарыңдағы әріптермен құрастырыңдар.

АНА - баланың бақыты.

ӘКЕ - асқар тау.

БАЛА - елдің болашағы.

ОТАН - алтын бесігім.


Дұрыс, балалар. Бұл сөздер тек қана жазып, оқып қоятын сөздер емес, әрқашан

құрмет тұтатын сөздерің.


Жеміске құты тола ма?

Бір - бірлеп теріп алмасаң.

Әп - сәтте шыға қоя ма?

Еккен дәнің ойласаң.

Білім де сондай қарағым,

Біртіндеп сіңер ойыңа.

Ұғып ал білім боларын,

Шамшырағың, жолыңда.

Көлге айналған бұлақтың,

Қайнар көзін көріппең?

Том - том қалың кітаптың,

Басы болар Әліппең!


Барлығы қосылып:

Бізге білім салып берген,

Қош бол, құтты Әліппем!


Әліппе: - Қош болыңдар, балалар!

28 - шәкірт:

Қош бол, құтты Әліппем!

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.


29 - шәкірт:

Оқитын, әрі жазатын,

Білімге қол созатын.

Оқушы болдық сауатты,

Білімнің тегін қазатын.

«Әліппе» даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты

«Әліппе» сырын ұқтырған

Рахмет, ұстаз алғашқы!


Жүргізуші:

Әліппемен қош айтысып, қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана! Қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне, балаңыз!


Ана тілі келіп, оқушылармен амандасады.

Сәлеметсіздер ме, балалар?!


Шәкірттер:

Сәлеметсіз бе, ана тілі!


Ана тілі:

Балалар, енді сендер мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп қызықты әңгімелер айтып беремін, сауатты жазуға үйретемін.


Туған елдің тілімін,

Ақылы мен таңымын.

Түсіндірер бәріне,

Ана тілі пәнімін.


Ана тілім - ұраным,

Ана тілім - құралым.

Ана тілім - болмаса,

Мықты болмас тұрағым.


Ана тілім - елдігім,

Ана тілім - ерлігім.

Ана тілім болмаса,

Бүтінделмес кемдігім.

Шәкірттер хормен:

Ана тілің - арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!


Сахналық көрініс: «Байлық пен ақыл» ертегісінен қойылым.


«Өзбек биі» орындайтын Тәжібаева Ақнұр.


Ән: «Қазақ елі» орындайтын Көшкінбай Әлихан.


Мұғалім: Алайық келер сәтті ойға түйіп,

Қалар бір шапағаты көпке тиіп.

Қол жайып, періштенің пейіліне

Бәріміз бір ауыздан «Әумин» дейік.

Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар.

(Шашу шашылады)


Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын, ата-ана,

Тойларыңыз тойға ұлассын, ағайын!

(Бата)


Ертеңгілік осымен аяқталады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал