7


Д дыбысы сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Білім беру саласы:ҚатынасБөлімі:Сауат ашу және жазу.Тақырыбы: «Д, д» дыбысы мен әрпіМақсаты : «Д , д» дыбысы мен оның әріп таңбасымен таныстыру. Міндеті:1«Д» дыбысын дұрыс дыбыстауға, дыбыстық талдау жасауға, әріп элементтерін жазуға, буындарды оқуға, сөз, сөйлем ойлап табу
предварительный просмотр материала

Күні:

Білім беру саласы:Қатынас

Бөлімі:Сауат ашу және жазу.

Тақырыбы: «Д, д» дыбысы мен әрпі

Мақсаты : «Д , д» дыбысы мен оның әріп таңбасымен таныстыру.

Міндеті:

  1. «Д» дыбысын дұрыс дыбыстауға, дыбыстық талдау жасауға, әріп элементтерін жазуға, буындарды оқуға, сөз, сөйлем ойлап табуға үйрету;

  2. Өткен тақырыптар бойынша білімдерін бекіту;

  3. Ойындар, ребус, жұмбақ арқылы балалардың ақыл-ойын, тілдік қорын дамыту;

  4. Адамгершілікке, бір-біріне деген сыйластық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілік: әріп таңбасы, әліппе-дәптер, қарындаштар, манка, тарелкалар, сұлбалар, текшелер, жолақтар, суреттер, буын үйлері

Іс-әрекет

Тәрбиеші әрекеті

Бала әрекеті

Жағымды

жағымсыз

1.Мотивация

2.Ізденіс -ұйымдас-тыру

кезеңі


3.Рефлексия


І. Ұйымдастыру кезеңі

Күнім күліп арайлы,

Тереземнен қарайды

Достарыммен шеңберге,

Тұрғанымды қалайды

Ерте-ерте-ертеде екі дос болыпты. Біреуі - дыбыс, екіншісі - әріп. Ешкім оларды айыра алмапты, қайсысы дыбыс, қайсысы әріп екенін. Ал сендер білесіндер ме?

  • Кәне оны кім айтып береді?Дыбыс дегеніміз не?

  • Әріп дегеніміз не?Жақсы, балалар. Енді дыбыстар екі түрлі болады екен. Қандай? (дауысты, дауыссыз).Дауысты дыбыс екенін қалай білуге болады?

  • Дауыссыз дыбыс екенін қалай білуге болады?Балалар, біз қандай дыбыстарды өттік?

ІІ. Д/ойын «Сөз тап, тез тап» (топпен жұмыс)

ІІІ. Д/ойын «Үйін тап»

Тапсырма: суреттегі сөздерді буынға бөліп, өз үйін табуға көмектесіндер.

Сергіту сәті жасайды.

ІV. Жаңа сабақ (доп)

  • Ол сөз қай дыбыстан басталады?

  • Сонда бүгін қандай жаңа дыбыспен танысамыз? (Д)

2) Дыбыстың артикуляциясы

  • Д дыбысы қалай айтылады?

(Тілдің ұшы үстіңгі күрек тіске тиіп қашып отырады)

3) Дыбыстың сипаттамасы

  • «Д» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

  • Неге олай ойлансындар?

  • Оны қандай түсті текшемен белгілейміз?

4) Дыбыстық талдау жасау

«Доп» сөзіне

  • Неше буын?

1-ші дыбыс қандай? (д - дауыссыз, көк текшемен белгілейміз)

2-ші дыбыс қандай? (о - дауысты, қызыл текшемен белгілейміз)

3-ші дыбыс қандай? (п - дауыссыз, көк текшемен белгілейміз)

  • Неше дауысты дыбыс? (1)

  • Неше дауыссыз дыбыс? (2)

  • Барлығы неше дыбыс? (3)

(бір бала тақтада, қалғандары орындарында)

5) Сөйлем құрастыру

Мен доппен ойнадым

(бір бала тақтада, қалғандары орындарында)

6) «Д», «д» - әрпімен таныстыру

  • Мынау «Д» - бас әрпі, «д» - кіші әрпі, ал мынау жазбаша түрлері.

Ереже: Бас әріппен - кісінің аты, фамилиясы, қалалардың аттары жазылады.

Мысалы: доп, домбыра, дала, дос.

V. Әліппе-дәптермен жұмыс

  • Ненің суреттерін көріп тұрсындар?

VІ. Дыбыстық талдау

VII. Д/ойын «Кім шапшаң»

  • Д дыбысы бар сөздерді айтындар

  • Д дыбысы сөздің қай жерінде тұр?

VIII. Үй тапсырмасы

IX. Қортынды:

  • Қандай дыбыспен таныстық?

  • Дауысты ма, дауыссыз ба?

  • Қандай текшемен белгілейміз?

  • Мадақтау

Бәрі бірге қайталайды.


сұрақтарға жауап береді.

Дыбыстарды қайталайды.


Дидактикалық ойын ойнайды.

Жұмбақты шешеді.

Д дыбысын атайды.

Д дыбсының дауыссыз екенін айтады.

Дыбыстық талдау жасайды.


сөйлем құрастырады.

Д әрпінің бас әрпімен танысады.


Күтілетін нәтиже:Білу керек:[Д] дыбысының дауыссыз дыбыс екенін білуі; Игеру керек: Д дыбысқа сөз құрауды игерілуі; Меңгеру керек:Д әрпі бар сөздерге дыбыстық талдау жасап меңгерілуі;




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал