7


  • Учителю
  • Тақырыбы: «Ұлы ерлікке тағзым» Мақсаты: Отанға сүйіспеншілігін арттыру. . Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу. Күтілетін нә

Тақырыбы: «Ұлы ерлікке тағзым» Мақсаты: Отанға сүйіспеншілігін арттыру. . Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу. Күтілетін нә

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Ұлы ерлікке тағзым»
Мақсаты: Отанға сүйіспеншілігін арттыру.. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Ел ерлігін бағалайды; еліне сүйіспеншілігі артады ;
Өз елінің патриоты болуға жетелейді.

Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем шуақ - 9май күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі,
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.
Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы 9 май күні,
Алмастырған қуанышқа қайғыны.

Бүгінгі күн - көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 70- көктемі де келіп жетті.
70 жыл - бейбіт көктем таң атқалы,
70 жыл - шуақты күн таратты әнін.
70 рет - көктемде сонан бері,
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
--------------------------------------------------

Қазақстанға Ұлы Отан соғысының отты шарпуы тиген жоқ, соған қарамастан соғыстың барлық кезеңдерінде болған оқиғалар республикамен тығыз қабысып жатты.

Қазақстаннан 1 366 000 адам майданға аттанды. Олардың 60 мыңы қайтып оралған жоқ.

Жауынгерлік ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алған 500 қазақстандықтың 53-і біздің жерлесіміз - солтүстік қазақстандықтар.

Әрбір үшінші солтүстік қазақстандық Отанды қорғау үшін әскерге шақырылды. Олардың ішінде 45 364 адам майданда мерт болды.

Соғыс жылдарында Қазақстанда қуатты қорғаныс индустриясы құрылды. Елдің батыс аудандарынан көшірілген 140-тан астам кәсіпорындар мен қоныс аударған 1 000 000-нан астам кеңес азаматтары республика аумағына орналастырылды. Соғыс жылдарында Қазақстан елге 6 000 000 тонна астық, басқа да азық-түлік өнімдерін, жалпыодақтық мыс, молибден, қорғасын, көмір өндірудің едәуір үлесін берді.

Ер-азаматтарсыз қалған ауылдарда бар ауыртпалықты әйелдер, қариялар мен жасөспірімдер де көтерді. Олар ашқұрсақ жүріп, бәрін майданға берді. Астық дайындауға қоса азық-түлік, жылы киім-кешек салынған сәлемдеме жөнелтті, жинаған ақшасын қорғаныс қорына аударды.


Уа, халқым!
Күн туды сенің басыңа,
Жау кірді сенің жеріңе,
Сұм фашистен қорғауға,
Аттан, халқым майданға!
Солдаттың көкірегі толы арманы,
Оқ жаңбыр астында да жоғалмады,
Отан мен анасы үшін «Алға» деді
Амал не,
Көпшілігі оралмады.
«Алар жау сыбағасын оңбай бізден»,
Шығамыз
Соңғы күшпен,
Соңғы айбынмен,
Қорғаймыз байтақ елді,
Өйткені оны
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал