- Учителю
- Батырлар жыры Ер тарғын 4 сынып сабақ жоспары
Батырлар жыры Ер тарғын 4 сынып сабақ жоспары
Өткізген: Жомартова Мейрамкүл
Пәні: Ана тілі
Сыныбы:4
Сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры. Ер Тарғын жырынан
Мақсаты: балаларды көркем сөздің шынайы үлгісімен таныстыру мақсатында қазақтың асыл мұрасы - халық ауыз әдебиеті үлгілері жайлы анықтама беріп, әдебиет теориясынан қарапайым түсініктер беру; Халық ауыз әдебиетінің бір түрі батырлар жырымен таныстыра отырып, өзінше жазылу ережелері болатындығы жайлы, шығарманы толық талдауға жаттығуға баулу; оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелей отырып, ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге ықпал жасау; балалардың өзіндік жұмыс істеуіне, өмірімен байланыстыра отырып білімге деген құштарлығын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың ұстанымдары: жүйелілік, көрнекілік, тілдік сезімді дамыту. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, тілдік сезімді дамыту, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: кітап, суреттер, сызбалар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ІІ . Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, оқуға зер салыңдар.
ІІІ. Жаңа сабақ Кіріспе: 1. Ана тілі оқулығымен, жазған, құрастырған адамдар жайлы, шығарған баспамен таныстыру. Кітапты күтіп ұстау, оған көп адамның еңбек еткені, кісі еңбегін сыйлау керектігін, өзінен кейін тағы кіші достары ұстайтынын ескерте кету.
2. Халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар халық ауыз әдебиеті деп аталады. Сендер бұл бөлімде ертегілерден бастап ауыз әдебиетінің көптеген түрлерімен танысасыңдар. Ауыз әдебиетінің түрлері көп, олардың ерекшелігіде әр түрлі.
Халық ауыз әдебиетіне қандай шығармалар жататынын білесіңдер ме?
4. оқулықпен жұмыс.Жырды түсініп, іштей ,тізбектей, жеке-жеке оқу.б/ Дәптермен жұм-с
сөздік жұмыс жүргізу «Пәрмен - бұл жерде: көмек.
Тобасы - бұл жерде: тілегі.
Көңіліне қайғы бітеді - қатты қамықты, түңілді.»
ІҮ. Түсінгендерін тексеру:
-
сұрақ - жауап: «Ер Тарғын» жырында қандай оқиға баяндалады? «Ер Тарғын» тұлпары қалай аталады? Жекпе-жекке Тарғынның аман қалу себебі неліктен деп ойлайсың?
-
талдау: Осы үзіндіні мазмұны жағынан неше бөлікке бөлер едің?
(Жаудың келуі, Ұрысқа шақыру, Жекпе - жек.)
Егер Ер Тарғын Домбауылдан жеңілсе, елдің жағдайы не болар еді?
-
Шығармашылық жұмыс: Өлең жолдарын жырға қарап толықтырып жаз.
Толықсып келген қалмақты, Толғап Тарғын салады.
Домбауыл барып құлады, Туы қолдан сұлады.
Ү. Қорыту: 1. Ер Тарғынды және Домбауылды суреттейтін жолдарды тауып оқы. Екеуін салыстырып айт.
2. Кітаптағы суретке қарап осы оқыған жырмен байланысы бар деп ойлайсың ба?
ҮІ. Үйге тапсырма: 3-6 бет, жырды түсініп оқу, әңгімелеу. Бағалау.