7


Жалаң және жайылма сөйлем

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлем туралы білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; үлкенге қамқор болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс -тәсілдері: сұрақ -жауап,түсіндіру,топтастыру,талдау;

Көрнекілігі: Тірек сызбалар,мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық сәт

Балалар ,адамның ең жақсы қасиеті басқа адамдарға жақсылық,сәттілік тілеу.Енді қазір оқушылар бір-біріміздің қолымыздан ұстап, бір-бірімізге жақсылық ниеттерімізді,сабағымыздың сәтті өтуін тілейік

II. Үй тапсырмасын сұрау:

Жаттығудағы берілген сызба бойынша сөйлем құрастыру,оларға

сұрақтар қою

Өткенді пысықтау

Балалар ,енді мен жұмбақ қойсам шеше аласыңдар ма?

Өзім сөзден тұрамын,

Аяқталған ойды құрамын

( Сөйлем)









Тұрлаулы мүшелер Тұрлаусыз мүшелер





Бастауыш Баяндауыш Қандай? Кімге? Неге? Нені? Қашан? Қайда?





Кім? Не? Не қылды?

Кімдер? Нелер? Не істеді?

Қайтті?





«Қонжықтың хаты» ойынын ойнау. Берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру.Құраған сөйлемдерден тұрлаулы мүшелердің астын сызу..

-Сөйлемнің қандай мүшелерімен таныстық?

-Оларды неліктен тұрлаулы мүшелер деп атайды?

-Тұрлаулы мүшелер не құрай алмайды?

Неліктен?

Жаңа материалмен жұмыс.

Қызығушылықтарын ояту

-Балалар ,енді мен жұмбақ қойсам шеше аласыңдар ма?

Өзім сөзден тұрамын,

Аяқталған ойды құрамын

( Сөйлем)

Ертегі тыңдағыларың келеді ме? Бүгін біз таңы да Қазақ тілі атты ғажап елге саяхаттаймыз.Жай сөйлем деген кішкентай ауылында Жалаң деген сөйлемнің екі ақылды ұлы болыпты,біреуі -бастауыш,ал екіншісі-баяндауыш.Бастауыш үлкен ұлы болғандықтан ылғи алдында,басында жүреді екен.Жайылма сөйлем деген қария Жалаң сөйлемнің ұлдарын қатты құрметтеп,ауылдағы алатын орындары үшін тұрлаусыз атты мүшелерді жандарына серік етіп жібереді.Солай екі қария бір-бірімен ұрыспай тату-тәтті өмір сүреді.

Венн диаграммасы:

























ә) оқулықпен жұмыс,дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.

79 -жаттығу Сөздерден сөйлем құрау және сөйлем мүшелеріне талдау.

80-жаттығу сөйлемдерді көшіріп жазу,жай сөйлемнің түрін анықтау.

Сергіту сәті:

Ормандағы аю қонжық,

Ұялардан бал іздеді.

Мойындарын оңға бұрды,

Мойындарын солға бұрды.

Ағаштарды шайқап көрді,

Қуанғаннан билей берді.

81-жаттығуда берілген жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып көшіріп жазу.

Деңгейлік тапсырмалар





I-деңгей Жалаң және жайылма сөйлем сурет бойынша екі жалаң,үш жайылма сөйлемді ауызша жазу.

II-деңгей

Берілген жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдырып жаз.

Оқушы жазды. Түн ұзарды. Сабина қуанды. Қыс келді.

III-деңгей

Берілген сызба бойынша сөйлем құрап жаз.

Жан-жақты білімдерін тексеру.

«Жеміс жинау» ойыны.

Ойынның шарты: Жемістерді жалаң немесе жайылма сөйлемдерге сәкестендіріп жинау керек.

Жалаң және жайылма сөйлем

Сабақты бекіту:

Тест тапсырма:

Үйге тапсырма беру кезеңі: 89-жаттығу 99 -бет

Оқушыларды мақтау,мадақтау.

Білімдерін бағалау



















































































































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал