7


  • Учителю
  • Бердібек Соқпақбаев ' Шал мен бала' әңгімесі (4 сынып)

Бердібек Соқпақбаев ' Шал мен бала' әңгімесі (4 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев " Шал мен бала" әңгімесі
Мақсаты:. Мәтіннің мазмұнын ашуға, негізгі ойды ұғына білуге жағдай туғызу
Міндеттері: 1. Оқушыларға Б. Соқпақбаев туралы айта келе, мәтінді түсініп оқуға, әңгімелеуге үйрету, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің әдептілік екенін түсіне білуге жол ашу.
; 2. Оқушылардың тақырып, мәтін бойынша талдау жұмыстарын, сөздік жұмысын өз бетімен талдау жүргізе білу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
3. Үлкендерді сыйлауға, бір - бірін тыңдауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Б. Соқпақбаев портреті, мәтіннің желісі бойынша салынған сурет, сыр сандық, үлестірмелер, текшелер,»Үлгілі бала портреті»
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару
• Психологиялық ахуал:»Жүрек жылуы»
- Балалар, мейірімділік жылы жүректен пайда болады. Сол мейірім мен жылылықты бір - бірімізден аямайық. Ол үшін қолымызды жүрек тұсына қойып, екінші қолымызбен демеп, түсіріп алмастай етіп, бір - бірімізге жүрек жылуын берейік.
«Сіз»-«Біз» деген жылы сөз ---
Жылытады жүректі,
Бір - біріне болып кез,
Кең болсын адам пейілі.
Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Ғ. Орманов «Ана» өлеңін жатқа сұрау (4 оқушы)
2. Өз аналарына арнап жазған хаттарын оқыту (2 оқушы)
3. 5 жолдық өлең оқыту (2 оқушы)
ІІІ Өткенді пысықтау: «Ана» тақырыбына қандай мақал - мәтелдер білесің?
- Осы өлең арқылы ойымызға не түйдік?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2. Жаңа сабаққа даярлық. Сендердің аталарың бар ма? Ол қандай адам?
Ү. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе. Бердібек Соқпақбаев (1924 - 1992) - белгілі балалар жазушысы. «Менің атым Қожа, Әжесінің баласы» т. с. с. кітаптар жазған.
2. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Трамваймен кімдер келе жатты?
Шал не істемек болды? Оған кім көмекке келді?
Мәуленнің іс - әрекеті атаға ұнады ма?
Ата кім жайлы әңгімеледі? Ол не істеді?
Сол тақыр бас бала кім еді? Ата тақыр басты баланы таныды ма?
Шал балаға не деді? Шал қандай мақал айтты?
(«Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі. Жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі.» )
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: І. Шығармадағы оқиғаларды ретімен орналастыр:
3. атаның әңгімесі; 1. трамвайдан түскенде; атаның немересі; 2. бейтаныс баланың көмегі; 4. ата мен немересінің әңгімесі. ІІ. Дәптермен жұмыс. Мәтіндегі ақыл, нақыл сөздерді жазып ал.
(«Ұрлық істеу - ол жақсы адамның кәсібі емес» Жасың ұзақ болсын, шырағым! «Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі. Жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі.»)
ҮІІ. Қорыту. 1. Суретпен жұмыс: Суреттен не көріп тұрсың? Суретте мәтіндегі қандай оқиға бейнеленген? Өзің қандай сурет салар едің? 2. Мән беріп оқы. Нақты мысал келтір.
«Мәтінде бірнеше оқиға баяндалуы мүмкін. Мәтіндегі оқиғалар бір - бірімен байланысты болады.»
ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, мазмұны, Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал