7


  • Учителю
  • Әдебиеттік оқу Анамның қолдары (2 сынып)

Әдебиеттік оқу Анамның қолдары (2 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Анамның қолдары.

Сабақтың мақсаты: Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Мәтінді оқи отырып, ананың еңбегін бағалай білуге үйрету.



2. Дамытушылық: Мәтінді өз сөздерімен әңгімелеп беруге төселдіру, ақыл- ойларының дамуына, сөздік қорларының молаюына ықпал ету.



3. Тәрбиелік: Мейірімділікке, татулыққа, имандылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі (типі): аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,ой шақыру.мәнерлеп оқу,оқытушы мен оқушының әңгімесі.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайд.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Психологиялық дайындық.

Мақсатымыз-білім алу,

Міндетіміз-еңбектену,

Білімді боп топты жару,

Білікті боп өмірге ену.

Балалар бүгін бізде ерекеше сабақ,өйткені көптеген қонақтар келіп отыр.

2) Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.





ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Әбдірашит Ахметовтың « Кішілік- кісілік» өлеңін мәнерлеп оқу. (7)

2. Неліктен кішілік пен үлкендік бір- біріне ұқсайды?

Жаңа материалмен жұмыс:

Қызығушылықтарын ояту (көпір жасау)

Өлең оқу

Бала-менің бауыр етім,

Сенің тәтті балғын үнін,

Бала үшін бар бейнетім.

Баурап алды мені бүгін

Бөбегім деп өлеңдедіп,

Қызығым сен, қыз бен ұлым,

Балбырасын алма бетің.

Кеудемде өскен егіз гүлім.





-Бұл өлең кім туралы деп ойлайсыңдар?

-Ана

Ана деген кім? Сұрағына жауап алу









Дос Ақылшы

Өмір сыйлаушы

Қамқоршы Ана Мейірімді жан

Аяулы жан Ұстаз Сырлас

</<font face="Times New Roman, serif">Сұрақтар:

-Балалар енді отбасыларында үйде,күнделікті ең көп жұмыс жасайтын кім деп ойлайсыңдар? Соны анықтайық .Отбасына кімдер жатады?(ата,апа,әке,ана,аға,іні ,карындас.сіңлі.)Бізге жақын адамдар кімдер?

(Слайд жасау)анам,әкем деген жазулар жазылады. Олардың күнделікті істейтін жұмыстарын жазу

Анам Әкем

Кір жуады мал қарайды

Тамақ жасайды шөп салады

Бала қарайды қар күрейді

Үй жинайды т.б. отын жарады т.б.

Мағынаны тану. Жаңа сабақ

Олай болса, түрік халқының <<Анамның қолдары>> деген әңгімесімен танысу

Авторы туралы айту.

а) Оқулықпен жұмыс.

1. Әңгімені оқу(мұғалім)

2.Іштей оқу(карандашпен түсініксіз сөздерді белгілеу)

3.а.) тізбектеп оқу(әр топтан оқушы дауыстап,мәнерлеп оқып шығады.)

ә.) сөздік жұмыс

Хақында- туралы

Бешпент-сырт киім

Дұға-тілек

4.Толық оқыту

5.Сұрақтар қою

- Қыз қандай шығарма жазды?(ана туралы)

-Мұғалім неліктен таңданды?(анасының жиырма алты қолы туралы.)

-Жиырма алты қолды санамалап айтып шығайық.

Сергіту сәті.

-Ата-ана, әдептілік, еңбек, білім, адамгершілік, сыйластық, өнерлі туралы мақал-мәтелдер айту ,мағынасын ашу.

Тапсырмалар орындау. Слайд көрсету

1-топ

Ана туралы өлең шығару

2-топ

Ана туралы эссе жазу

3-топ

Аналарының осы қиын,таусылмайтын,күнделікті қайталанатын жұмысын жеңілдету үшін не істер едіңдер?

Ой қорту. Тауып оқу

-Қыз баланың анасының жиырма алты қолы туралы айтқанын тауып оқы

Сабақты бекіту:

Ой толғаныс,сын тұрғысынан ой қозғау.

-Бүгінгі әңгіме кім жайында болды? Оқушылардың өз ойларын тыңдап,толықтыру

Слайд көрсету

-Айналайын адамдар,

Бәрінің де анаң бар.

Қайғыға салмай жүрегін

Анаға дұрыс қараңдар-деп бұдан былай аналарыңа қолғабыс боларсыңдар деген сеніммен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз

Үйге тапсырма беру.

1. "Анамның қолдары" мәтінін оқып, мазмұнын айту.

2. Әркім өз анасы туралы эссе жазып келу.

Бағалау.

Рефлекция кезеңі

Жапсырма қағазға жазып тақтаға ілу.

Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың?

Не ұнады?

Не үйрендің?1,2 балаға оқыту





Ана туралы әнмен аяқтау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал