7


Қыз сұлу көрінеді білімімен

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Қыз сұлу көрінеді білімімен» байқауы



Мақсаты: Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай: әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық, т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу; оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық қасиеттерін дамыта оқыту; қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру.

Көрнекілігі: «Қыз сұлу көрінеді білімімен» газеті, суреттер көрмесі, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер.

Барысы.



Жүргізуші: Армысыздар, абзал аналар, ақ жаулықты әжелер, көктем гүліндей жайнаған апайлар, қыр гүліндей құлпырған қыздар және гимназия ұжымы. Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін 8 - наурыз мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл - күй тілей отырып, халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналып өткелі отырған «Қыз сұлу көрінеді білімімен» атты байқауын тамашалауға шақырамыз.

Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,

Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.

Бір көргенде болмай-ақ сахнада,

Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.



Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Аруы деп мектептің жүрейікші.

Әділқазыларға тек әділдікті,

Ал аруларға сәттілік тілейікші

Олай болса ару қыздарымызды ортаға шақырайық.



1. аруымыз Дулат Зере

2. аруымыз Тулегенова Аружан

3. аруымыз Амангелді Аружан

4. аруымыз Әлізах Аружан

5. аруымыз Әлімбет Жансая

6. аруымыз Әбдікәрім Гүлнұр

7. аруымыз Жасұланқызы Айым

8. аруымыз Несіпбек Аяна

9. аруымыз Аман Әдемі

10. аруымыз Сүлейман Анел (канекей аруларымызға қошемет көрсетейік)

Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,

Әділқазы алқасымен танысайық.

1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Тилепбергенова Гүлжахан

2. Мектебіміздің педагог - психологы Егентай Сабира

3.Бастауыш сынып мұғалімі Бижан Назгүл

4. Бастауыш сынып мұғалімі Қалдыбаева Кемер



Байқауымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.

1 - кезең «Мен қазақтың қызымын» (өзін -өзі таныстыру.)

2 - кезең «Менің өнерім»

3 - кезең «Оюлар сыр шертеді» (үй тапсырмасы)

4 - кезең «Сұлулық сыры» (сән үлгісі)



I кезең. «Мен қазақтың қызымын» (өзін -өзі таныстыру.)

Гүл көңілің қуаныштан өрілді,

Жанарыңнан жалын нұры төгілді.

Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,

Көпшілікке таныстыршы өзіңді - дей келе алғашқы қатысушымызды ортаға шақырамыз.

1. 3 «А» Дулат Зере

2. 3 «А» Тулегенова Аружан

3. 3 «Ә» Амангелді Аружан

4. 3 «Ә» Әлізах Аружан

5. 3 «Б» Әлімбет Жансая

6. 3 «Б» Әбдікәрім Гүлнұр

7. 3 «В» Жасұланқызы Айым

8. 3 «В» Несіпбек Аяна

9. 3 «Г» Аман Әдемі

10. 3 «Г» Сүлейман Анел

( әділқазылар алқасының бағаларын білу)

Жүргізуші: Келесі кезеңге ару қыздарымыз дайын болғанша 3 А сыныбының ер балаларын шақырамыз.

Дархан Ернар

Ана деген бұл өмірдің мәні ғой, Ананың құтты болсын, мерей тойы

Ана деген бұл өмірдің сәні ғой Бүгінгі айтылатын көптің ойы

Ән жырымен дүниені тербеген, Ұл ұстап, қыз өсірген жанұяда

Ана деген бұл өмірдің жаны ғой. Ауылымның арта берсін абыройы

Азамат Ақай

Ана біздің жарқыраған нұрымыз, Қос бұрымы аш беліне төгілген

Ана біздің солмас мәңгі гүліміз. Келбеті бар кермаралдай керілген

Анамызды аялай біз білейік, Қазақ қызы - инабатты ару қыз

Ана біздің жазып бітпес жырымыз. Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген

Омар Темірлан Ермек Темірлан

Арулар - аяулылыр, ардақтылар, Тіл байланып қалатындай көргенде

Өмірге жылу болып қалмақ болар. Сұлулықты соған ғана берген бе!

Арулар - тіршілікке күре тамыр, Кімде болса бас иеді мойындап,

Өмірді бір - біріне жалғап тұрар. Қарсы алдында қазақ қызы келгенде

Нұрәлібек

Кезің жоқ мейірленіп тіл қатпаған,

Сөзің жоқ өнегесін тыңдатпаған.

Осынау дөңгелеңген дүниеде,

Жан АНАМ, кім бар сендей қымбат маған?!



II кезең. Менің өнерім

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреулер ән салады.

Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға

Арулар аянбай-ақ жан салыпты - дей келе кезекті менің өнеріме берейік



1. қатысушымыз Дулат Зеренің орындауында үнді биі

2. қатысушымыз Тулегенова Аружан орындауында «Анашым» әні

3. қатысушымыз Амангелді Аружан орындауында би

4. қатысушымыз Әлізах Аружан орындауында «Шашу» биі

5. қатысушымыз Әлімбет Жансая орындауында «Сүгір» биі

6. қатысушымыз Әбдікәрім Гүлнұр орындауында «Қуыршақтар» биі

7. қатысушымыз Жасұланқызы Айым орындауында «Домбыра» биі

8. қатысушымыз Несіпбек Аяна орындауында «Ертегілер» әні

9. қатысушымыз Аман Әдемі орындауында «Евразия белес» биі

10. қатысушымыз Сүлейман Анел орындауында «Көңілді күн» әні



( әділқазылар алқасының бағаларын білу)



Камал Аяжанның орындауында «Әдем-ау» әнін қабыл алыңыздар



ІІІ кезең. «Оюлар сыр шертеді» (үй тапсырмасы)

Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан

Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан

Шеше көрген тон пішер дегені рас

Аруларым шебер қолға араласқан - дегендей аруларымыздың іскерлігі, икемділігі сынға түседі. Бүгінгі сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

1. 3 «А» Дулат Зере

2. 3 «А» Тулегенова Аружан

3. 3 «Ә» Амангелді Аружан

4. 3 «Ә» Әлізах Аружан

5. 3 «Б» Әлімбет Жансая

6. 3 «Б» Әбдікәрім Гүлнұр

7. 3 «В» Жасұланқызы Айым

8. 3 «В» Несіпбек Аяна

9. 3 «Г» Аман Әдемі

10. 3 «Г» Сүлейман Анел

( әділқазылар алқасының бағаларын білу)

3 А сыныбының оқушысы Талғатқызы Мерей көркем гимнастикадан өз өнерін ортаға салады. Тамашалаңыздар.



ІV кезең. «Сұлулық сыры» (сән үлгісі)

Қазақ қызы - тамсандырған талайды,

Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.

Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,

Ай секілді асқақ ару арайлы - дей келе сән үлгісін көрсетуге аруларымызды ортаға шақырамыз

1. аруымыз Дулат Зере

2. аруымыз Тулегенова Аружан

3. аруымыз Амангелді Аружан

4. аруымыз Әлізах Аружан

5. аруымыз Әлімбет Жансая

6. аруымыз Әбдікәрім Гүлнұр

7. аруымыз Жасұланқызы Айым

8. аруымыз Несіпбек Аяна

9. аруымыз Аман Әдемі

10. аруымыз Сүлейман Анел

( әділқазылар алқасының бағаларын білу)



Жүргізуші: Әділқазылар әділ бағасын бергенше Сағынбек Іңкәрдің орындауында «Аяулы Анашым» әнін қабыл алыңыздар. (гүл шоқтарын тарату)



Жүргізуші: «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз. Марапаттау

Би билеп ән мен күйде аяқталды

Уақытта біраз жерге таяп қалды

Көктеммен қоса келген

Ару қыздар, аналар мерекесі аяқталды - дей келе

Жүргізуші: Құттықтау сөз кезегін ата - аналарға ұсыну.

(Бүгінгі мерекеге байланысты тілектеріңізді білдірсеңіздер)



Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Қыз сұлу көрінеді білімімен» атты байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын - дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал