- Учителю
- 4 Сыныпка арналған PIRLS тапсырмасы
4 Сыныпка арналған PIRLS тапсырмасы
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Облыстық білім сапасын бағалау қызметі
Аудан атауы
Қала, ауыл атауы
Мектеп атауы
Оқушының аты-жөні
сыныбы
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МӘТІНДІ ОҚУ ЖӘНЕ ТҮСІНУ САПАСЫН БАҒАЛАУ
PIRLS
Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары
Құрлық суына өзен, көл және жер асты сулары жататыны белгілі. Қазақстанда бұлардан басқа ірілі-ұсақты су қоймалары - кішігірім өзендер, көлдер, бөгеттер, қарасулар көп. Осындай су қоймасы жағасы мен оның ішіндегі тіршілікке зер салайықшы.
Су қоймасының ылғалы мол, кейде батпақты жағасында шөптекті өсімдіктер: қалың құрақ, шоқ-шоқ қоға, қамыс өседі.
1-сурет
Құрақтың иілгіш, мықты сабағы, жіңішке жапырақтары болады. Қамыстың жапырағы - ұзын, жұмырлау. Сабағының ұшына топтасып, үлпілдек масағы шығады. Қоғаның ұзын, жалпақ жапырақтары бар. Масақшасы сабақ тәрізді, майда үлпілдеген түктері болады. Қамыс пен қоғаның тұқымдары желмен таралады.
Су қоймасының ашық жерінде дөңгелек жапырақты, хош иісті , сары гүлді, жүзіп жүрген сары тұңғиықты, ірі және көп желекті келетін өте әдемі ақ күлтелері бар су аққугүлін (немесе мұны «ақ тұңғиық» деп те атайды) көруге болады.
2-сурет
Тұңғиықтардың тамырлары су түбіндегі лайға бекиді, ал гүлдері мен жапырақтары су бетінде қалқып тұрады. Балықоттың тамыры су түбіне жетпей, су ішінде тарамданып кетеді.
Балықот су қоймасы бетін тұтас жауып жатады. Бұлардан басқа суда бақа сукөрігі, суқұмық өседі.
3-сурет
Су өсімдіктерінің құрлық өсімдіктерінен ерекшеліктері бар: олардың тамыры жақсы жетілмеген. Себебі, су өсімдігі суда еріген қоректік затты бүкіл денесімен сіңіреді. Кейбір су өсімдіктері тарамдалған майда тамырлар арқылы су түбіндегі лайға немесе тасқа ілініп, бекініп өседі. Суда қалқып жүретіндерінде тамыр болмайды. Су өсімдіктері жапырағында ашылып, жабылып тұратын саңылаулар жоқ.Бірақ гүлдері жақсы жетілген.(Мысалы, тұңғиықтар, т.б.)
Су қоймасының жануарлар әлемі де бай.
4-сурет
Ең алдымен жағалау өсімдіктері үстінде ұшып жүрген инеліктер бірден көзге түседі. Инелік - торкөзді үлкен қанаттары бар өте әдемі жәндік.
5-сурет
Оның ұшқанын бақылау өте қызықты. Кейде ол екпіндей ұшып, кенет бір орында қалықтап тұрып қалады. Халық мұны «инелік биі» дейді. Инелік - қомағай әрі пайдалы жәндік.Ол күні бойы жәндіктерді аулап жейді.
Су бетіне зер салып қарағанда, құрлықта жүргендей сырғанай жүгіріп жүрген суаршындар көзге түседі. Суаршанның ұзын аяқтарының басы қалың түкті және майлы болады,сондықтан ол суға батпайды, аяқтарына су жұқпайды.
Суаршын ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Күзде олар құрлыққа шығады.Құрлықта ебедейсіз, әрең жүреді. Ағаш қабықтарының, мүктің арасына тығылып, қыстап шығады.
Инеліктің дернәсілі суда тіршілік етеді. Ол - жыртқыш. Инеліктің дернәсілінің аяқтары су түбінде жорғалап жүруге ғана жарайды.Сондықтан ол жемін қуып ұстай алмайды. Су түбіндегі құмға жабысып,жемін ұзақ аңдиды. Реңі құм түстес болғандықтан көзге түспейді. Көздері үлкен, басының астыңғы бөлігінде екі өткір тырнағы бар, ұзын, жиналмалы ерні болады. Итшабақ сияқты ұсақ жәндік маңайына келгенін көре сала, соған қарай шапшаң бұрылып, астыңғы ернін алға қарай соза лақтырады да, өткір тырнақтары итшабақтың денесіне шаншылады. Дернәсіл асықпай ернін жинап, тырнағындағы жемді аузына салады.
Су қоймасындағы жыртқыш жәндіктердің бірі - сүңгуір қоңыз. Ол су жәндіктерін, ұлу, шабақ, итшабақтарды ұстап жейді. Кейде тоқ болса да су жәндіктеріне шабуыл жасап,оларды өлтіріп,жемей тастап кетеді.
Су қоймасында тоспа ұлуы, балықтардан алабұға, мөңке, т.б. түрі тіршілік етеді.
Дене пішіні балыққа ұқсас итшабақ судағы балдырлармен қоректенеді. Кейін, ересек бақаға айналып құрлыққа шыққан соң ұсақ жәндіктерді ұстап жейді.
Су қоймасында үйрек, қаз сияқты құстар да өздеріне мол азық табады. Онда сазқұндыз, кәмшат, құндыз сияқты шағын денелі аңдар да тіршілік етеді.
Құндыздар су қоймасы жағасына өсімдік бұтақтарынан үйшік жасап алады.Оның аузы су түбіне қараған. Су деңгейі төмендей бастаса құндыздар кішірек ағаштарды кеміріп суға құлатып, бұтақтарды тасып, бөгет жасайды. Кейде мұндай бөгеттің ұзындығы ондаған метрге жетеді.
Тіршілік ортасының ондағы жағдайлардың өзгеруі қай жануардың болса да тағдырына әсер
5-сурет
етпей қоймайды. Мысалы, Аралдың тартылуы балықтарға да үлкен зиян келтіруде.
Қазір осындағы аса маңызды кәсіптік балық - арал албырты құрып бітуге жақын. Бұл балық уылдырық шашарда ғана Әмударияға шығады. Ал оның тіршілік мекені - Арал теңізі.
6-сурет
Арал албырты «Қызыл кітапқа» енгізілген. Онда: «...бұл албырт балығын аулауға тыйым салу қажет. Кездейсоқ ауға іліксе, дереу қайтадан суға қоя беру керек» деп жазылған.
Мәтін бойынша тапсырмалар:
1. Құрлық суын нелер құрайды?
а) өзен,көл және жер асты сулары
ә) қар суы, жаңбыр суы, бу
2. Кішігірім өзендер, көлдер, бөгеттер - барлығы басқаша қалай аталады?
а) су қоймалары
ә) мұхит сулары
3. Су қоймалары өсімдіктерінің ерекшелігі неде деп ойлайсың?
________________________________________________________________
_______________________________________________________________
4. 1-суреттегі өсімдік пен бақаны байланыстырып жаз:
_______________________________________________________________
________________________________________________________________
5. Тұнғиық пен балықоттың өсу ерекшелігін сипатта:
__________________________________________________________________
________________________________________________________________
6. 1-суретте бейнеленген өсімдіктер атауларын мәтіннен тауып, жаз:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
7. Су өсімдіктері суда еріген қоректік затты бүкіл денесімен сіңіреді, себебі:
__________________________________________________________________
________________________________________________________________
8. Не себепті су қоймасы жануарлар әлеміне бай деп ойлайсың?
(өз ойыңды мәтінді пайдаланып жаз)
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
9. Қомағай әрі пайдалы жәндік?
а) суаршын
ә) инелік
б) сүңгуір қоңыз
10. 5-суретке қарап мәтінді жалғастыр: Инелік - торкөзді үлкен қанаттары бар өте әдемі жәндік.
__________________________________________________________________
11. Суаршын не себептен суға батпайды, аяқтарына су жұқпайды?
а) суаршын ұсақ жәндіктермен қоректенеді
ә) күзде құрлыққа шығады
б) құрлықта ебедейсіз, әрең жүреді
в) аяқтарының басы түкті, майлы болады
г) ағаш қабықтарының, мүктің арасына тығылады
12. Не себептен инеліктің дернәсілі су түбіндегі құмға жабысып, жемін ұзақ аңдиды?
а) реңі құм түстес болғандықтан
ә) көздері үлкен, басының астыңғы бөлігінде екі өткір тырнағы болғандықтан
б) аяқтары су түбінде жорғалап жүруге ғана жаралған
13. Сүңгуір қоңыз су жәндіктерін кейде жемейді. Неге? (Өз ойыңды жаз)
________________________________________________________________
14. Алдымен судағы балдырмен қоректеніп, кейін құрлықтағы ұсақ жәндіктермен қоректенетін жәндікті ата:
__________________________________________________________________
15. Не үшін құндыз ағаштарды кеміріп құлатады?
__________________________________________________________________
16. Арал теңізі, Қызыл кітап, албырт балығы - осы үшеуінің арасында қандай байланыс бар? (6-суретті пайдалануға болады)
________________________________________________________________
_______________________________________________________________
17. Сенің өлкең - тамаша өлке! Сол өлкедегі су қоймаларын білесің бе? Атауларын жаз.
__________________________________________________________________