- Учителю
- Тәрбие сағаты 'Аналар мерекесі'
Тәрбие сағаты 'Аналар мерекесі'
Аналар мерекесіне арналған тақырыптық сабақ
Тақырыбы: «Менің анамның мерекесі»
Дайындаған: Манай Гулим
Теміртау қаласы 2015
Мақсаты:
-
Балаларға халықаралық әйелдер мерекесі туралы түсінік беру, өз аналарының мереке күні екенін сезіндіру.
-
Сүйіспеншілік сезімі мен сыйластық сезімін дамытуға ықпал жасау
-
Әдемілікке, әсемдікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ- жауап, әңгімелесу, ойын
Көрнекіліктер: Суреттер, тақпақтар, мақал-мәтелдер.
-
Шаттық шеңбері: «Ана біздің күніміз»
Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз.
Ана бақыт, ана- күн,
Әдеппен бас иіңіз.
-
Оқу-тәрбиесінің барысы:
Тәрбиеші:
-
Балалар, айта қойыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?
-
Көктемнің қай айы?
-
Көктем мезгілінде неше ай бар?
-
Көктемнің алғашқы айы қалай аталады?
-
Көктем мезгілінің айларын айта қойыңдаршы?
Балалар, қазір көктем мезгілі басталды. Көктем мезгілінің алғашқы айы наурыз айы. Көктемнің ең алғашқы мерекесі ол- аналар мерекесі. Аналар мерекесі наурыздың сегізі күні болады. Бұл күні біз аналарымызды қуанту үшін барлық сый-сыйпаттың бәрін аналарымызға арнаймыз.
Ондай болса аналарымызға алдымен өлең жолдарын арнайық:
Медина: Армысыңдар, аналар,
Армысыңдар, әжелер.
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар даналар.
Алдияр: Аналады сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Ана-бақыт, ана-күн,
Әдеппен бас иеміз.
Амина: Құшағына кіргенде,
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көгіңе,
Мейірімді күннен де.
Береке: Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, сендерге көп рахмет! Енді барлығымыз орнымызға жайғасып, алдымыздағы әдемі түсті қатты қағазды алып, аналарымызға арнап сыйлық дайындайық.
Балалар: Аналар мерекесіне орай аналарына сыйлық дайындайды. Балалар сыйлықтарын аналарына арнаған тілектерін айтып, жақсылық, бақыт, қуаныш тілеп аналарға тапсырады.
Тәрбиеші: Балар, енді аналарымызға арнап «Аналар» әнін орындап берейік.
Ән: «Аналар»
Рахмет, сендерге! Аналар арнап, өлең оқып, ән айтып, сыйлықта жасадық. Бар жақсылықты анамызға тіледік.
Тәрбиеші: Балалар, енді бір сәт сергіп алайық.
-
Сергіту сәті: «Саусақ жаттығулары»
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Қолымызды көтеріп,
Саусақтарды ашып жұмамыз.
Саусақтарды даралап,
Онға дейін санаймыз
-
Дидактикалық ойын: «Аналарға арналған тілек»
Мақсаты: Балалардың тілін дамыту және де сыйластық сөздерін білуге үйрету.
Шарты: Бұл ойын доппен ойнатылады. Әр балаға атын атап допты береміз, ал допты алған бала бір тілек айтып допты қайтарады. Мысалы: бақыт, жақсылық, амандық, тыныштық т.б
Тәрбиеші: Балалар, енді мақал-мәтелге кезек берейік.
Ананың сүті- бал,
Баланың тілі - бал.
Ана үйдің берекесі,
Бала үйдің мерекесі.
Әке асқар тау,
Ана қайнар бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ.
Анасы бардың- панасы бар.
5.Қортындылау:
-
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз не туралы болды?
-
Аналар бізге не сыйлады?
-
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
-
Сабақтың қай бөлігі ұнады?
-
Ал, ойын сендерге ұнады ма?
Тәрбиеші: Балалар, сендер бүгін сабаққа өте жақсы қатыстыңдар сендерге көп рахмет!
Сендерге айтарым әрқашан аналарыңды ренжітпеңдер. Аналарға тек жақсылық тілеңдер. Аналарымыз мәңгі жасасын деп тілейік. Енді осы жақсы тілектеріміздің бәрін алақанымызға салып оны үрлеп аналарымызға жолдайық.