- Учителю
- Разработка по литературному чтению на тему Ардақты ана (4 класс)
Разработка по литературному чтению на тему Ардақты ана (4 класс)
Пән: Әдебиеттік оқу. Күні: 03.03.2016 Сыныбы: 4Б Тақырыбы: Әнуарбек Дүйсенбиев. Ардақты ана. Мақсаты: -Әнуарбек Дүйсенбиевтің өмірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет бере отыра, автордың «Ардақты ана» өлеңінің негізгі ойын таныту. -оқушылардың жеке ойлау қабілеттерін ашу, сөздік қорларын молайту, өз пікірлерін ашық-анық айтуға бойларын қалыптастыру, пікірлерін дәлелдей білуге ынталандыру, жеке шығармашылық қабілеттерін дамтыу. -оқушылардың өмірдегі ең ардақты жан- ананы сүюге, қадірлеуге, қастерлей білуге тәрбиелеу, ұжымда тыныштық сақтауға, бірін-бірі тыңдауға, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу. Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Көңілашар», «1қадам артқа», «Топтастыру», «Ой шақыру», «кластер құру», «Әдеби үйірме», «Сергіту сәті», «Автор орындығы», «Ойлан, бірік, бөліс», «Рефлексия», «Тосын сый», «Формативті бағалау», «Бес бармақ» әдісі, «2 жұлдыз, 1тілек» әдістері.Ұйымдастыру кезеңі
«Көңілашар»
«1 қадам артқа»
«Топтастыру»
«Ой шақыру»
«Кластер құру» Ана деген кім?
Жаңа сабақ:
Автормен танысу:
Оқулықпен жұмыс:
«Әдеби үйірме»
«Сергіту сәті»
«Ойлан, бірік, бөліс» Шығармашылық тапсырма:
«Автор орындығы»
«Тосын сый» «Бала тілегі»
«Рефлексия»
«2 жұлдыз, 1тілек»
Бағалау:
«Бес бармақ» тәсілі.
Үйге тапсырма:
Оқушылармен амандасады.Түгендейді.
Бүгінгі сабаққа қандай дайындықпен келгендерін сұрау.
Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық.
Нәсіреддин Сералиев: Қарлығаш немесе мамамның әңгімесі. 1-топ: Нәсіреддин Сералиевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы әңгімелейді. 2-топ: Қарлығаш немесе мамамның әңгімесін мазмұндап бастау. 3-топ: Қарлығаш немесе мамамның әңгімесін мазмұндап аяқтау. 4-топ:Қарлығаш туралы естіген аңыздарын естеріне түсіреді.
Жұмбақ шешу Үш әріптен тұратын, Есімі оның тұрақты Оңға оқы, солға оқы, Өзгермейді еш одан Күнім, жаным дейтұғын, Айтады кәне, кім атын? (Ана)
Әрбір топ «Ана деген кім?» тақырыбына кластер құрау. Мысалы: ана: қамқоршы, асыл жан...
-Алдымызда қандай мереке келе жатыр? -Дұрыс айтасыңдар! Аяулы ана, апа, әжелеріміздің мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер күні. -8 наурызда аналарыңа, әпкелеріңе сыйлаған ерекше сыйлықтарың қандай?
Сабақтың тақырыбы: Әнарбек Сералиев. «Ардақты ана»
Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, аудармашы,
балаларға арналған прозалық шығармалардың авторы, журналист
Әнуарбек Дүйсенбиев 1931 жылы қазан айының 25 жұлдызында Алматы
облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында туған. Қазақ мемлекеттік
университетін және ДЛКЖО Орталық комсомол мектебін бітірген.
Ұзақ жылдар «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, «Жалын»
баспасында бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында аға редакторлық
қызмет атқарған.
Жазушы Әнуарбек Дүйсенбиев шығармашылығы сан жанрлы, сан қырлы.
Өлеңді оқып шығу. -мәнерлеп, бір шумақтан оқу. Ардақты ана. Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым, Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың. Өміріме нәрін берді ақ сүтің, Кең құшағың- аясында гүл бақтың. Мен өзіңмен қайда болсаң біргемін, Махаббатың жүрегімде жүр менің. Күн нұрындай- жадырай бір күлгенің, Қандай жақсы ортамызда жүргенің! Ержеткізіп, елге берген баласын, Ақылдысың, ардақтысың, данасың. Қарайтыным қас-қабағың бір сенің, Қайратыңнан қайта көрме, анашым.
1-топ. Өлеңдегі ақынның сезімдері жайлы не айтуға болады? 2-топ. Баланың анасына деген алғысы, шаттығы, қуанышы қандай жолдардан көрінеді? 3-топ. Баланың анасына деген тілегін қандай жолдардан байқауға болады? 4-топ. "Ержеткізіп, елге берген баласын" деген сөзде қандай ой бар?
Шәмші Қалдаяқов. «Ана туралы жыр»
Әлемнің жарығын, Қайырмасы: Сыйладың сен маған. Әлдилеп аялап, Даланың әр күнін, Өсірген жемісін. Жинадың сен маған. Самал жел, сая бақ Сен берген құстардың, Құшағың мен үшін Қанаты самғаған, Есейіп кетсем де Балалық құштарым, Мен саған сәбимін. Өзіңе арналған Көңіліңді көктемдей Көзіңнен танимын.
-Әр топ «Анашым» тақырыбына төрт жол өлең шығару.
Әр топтан бір оқушы шығып, «Ана» туралы шығарған өлең жолдарын оқу.
-балалар сендер аналарыңа сыйлықты қай кездерде бересіңдер? -неге күнде сыйламасқа? -неге анамыздың күнде жадырап жүрген жүзін көрмеске? Бұл мәселеде мен сендерге көмектесейін.
-сонымен балар бүгінгі сабақ ұнады ма? -несімен ұнады? -несімен ұнамады? -не қызықтырды? -не жаңалық болды?
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін немесе тілектерін , стикерге жазып жабыстыру.
-бүгінгі сабақ жалпы қалай өтті? -«бес бармақ» тәсілі арқылы бағалау.
Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.
Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,
Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.
Сендік қуат болар бәлкім, басын иді көк маған,
Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман. Ана керек, о,
адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.
Әнуарбек Дүйсенбиев. «Ардақты ана» жаттау.
Амандасады. Сабаққа дайындалады.
Құрал-жабдықтарын реттейді.
Оқушылар назарларын сабаққа аударады.
Оқушылар топқа бөлініп, топ басшысын сайлайды.
Үйге берілген тапсырмалар бойынша пікрталас орнатып, талқылайды.
Сабақтың негізгі ойын ашу мақсатында жұмбақ шешеді.
Оқушылар топтасып, бірігіп, ақылдасып, кластер құрады. Топ ережелерін есте сақтайды.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
-8 наурыз мерекесі.
Сабақтың тақырыбымен танысады.
Автор Әнуарбек Сералиев жайлы мағлұмат алып, есте сақтап, жазып алады.
Оқушылар оқулықтың 83-бетін ашады. Ардақты ана өлеңін мәнерлеп, бір шумақтан кезектесіп оқып шығады.
Әрбір топқа өлеңнен түсінгендері бойынша бекіту мақсатында 1 сұрақтан қойылады.
Барлық оқушылар орындарынан тұрып, Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін орындайды.
Оқушылар топтасып, бірігіп ақылдасып, «Анашым» тақырыбына өлең шығарады. Бұл тапсырма арқылы оқушылардың ізденушілік, шығармашылық қабілеттері дамиды.
Оқушылар қарсылас топтарды «формативті түрде бағалап отырады.
Әр оқушыға таратпа қағаз таратылады. Оқушылар анасына деген лебіздерін, ниеттерін жазып шығады.
Сабақты бекіту мақсатында оқушыларға қорытындылау сұрақтары қойылады.
Әр оқушыға стикер таратылады. Стикерге бүгінгі сабақтан алған әсерлері мен тілектерін жазып жабыстырады.
Топ басшыларды топтың «бағалау парақшасын» толтырады.
Оқушылар бүгінгі сабақты «бес бармақ» әдісі арқылы бағалап қорытындылайды.
Оқушылар күнделіктеріне бағаларын қойдыртады.
Үй тапсырмасын жазып алады.
5 балдық деңгейде бағалау.
Жарайсыңдар! Смайлик беру.
Жарайсыңдар!
Жарайсыңдар!
Смайлик беру.
Жарайсыңдар!
Жарайсыңдар!
«Формативті» әдіс Смайлик беру.
Жарайсыңдар!
Жарайсыңдар!
Жарайсыңдар!
«Бағалау парақшасы»
«Бес бармақ» әдісі
5 балдық деңгейде бағалау.
«Алматыкітап» 2015ж.
Әдебиеттік оқу 4 -сынып
Оқушылар жинаған қосымша деректер.
А3 формат, плакат, қайшы.
Дәптер.
Оқулық
Дәптер.
Аудиожазба.
Орындық.
«Тілекшелер»
А3 формат. Стикерлер. Маркер.
Күнделік.
Қолы:
Баға: