7


  • Учителю
  • На тему 'Бастауыш сынып оқушысының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру'

На тему 'Бастауыш сынып оқушысының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қызыләуіт ауылы,

М.Қыстаубайұлы атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Қалымбетова Эльмира Букебаевна


Бастауыш сынып оқушысының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру

Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі - білімді, әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.Қоғамның әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіншілігіне байланысты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Республика білім және ғылым қызметкерлеріне ІІ съезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалауда стратегиялық міндеттердің бірі шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу екендігіне баса назар аударып, жалпы білім беретін орта мектепте білім берумен қатар адалдық, адамдық, Отан сүйе білу сияқты гумандық сезімдерге тәрбиелеу қажеттігі өзекті мәселе болып отырғандығын ерекше атап өтті.
Гуманизациялаудың түпкі мақсаты - оқушыны жан - жақты танымдық ұмтылысы бар субъект етіп, шығармашылық тұлға етіп қалыптастыратын дамуға апару.
Бүгінгі таңда білім сапасының алдында жүйеленіп дайындалып берген білімді, дағдарды меңгеретін, қайталайтын ой ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың маңызды мәселе екендігін дәлелдейді.
Мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаттары - баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту болып табылады.
Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттары мына нәрселерді жатқызуға болады :
1. Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау.
2. Қызығушылық және шығармашылықпен таным белсенділігін арттыру.
3. Оқушы мүмкіншілігіне сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату.
4. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама - қайшылықтарды есепке алып зерттеу.
5. Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу.
Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан - жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді. Жаңалыққа деген қызығушылық - басты ішкі талпыныс болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларында жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер баланың бар ақыл - ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді.
Қызығушылықтың арқасында білім де, оны игеру үрдісі де, интелекті дамытуда қозғаушы күш және жан - жақты дамыған адам тәрбиелеуде маңызды фактор болуы мүмкін.
К. Д. Ушинский: «Еріксіз көндірумен, күштеумен алған білім дамыған ақыл тудыра қояр ма екен?» - деген. Оқушылар бойында «Шығармашылық әрекет тәжірибесін» қалыптастыру қажеттігі туралы И. Я. Лернер жазған болаты, қазіргі нарық заманындағы жағдай мұны дәлелдей түседі.
В. В. Давыдов «Жеке тұлға негізінде шығармашылық бастау жатыр, жеке тұлғаның маңызы оның жасампаздыққа мұқтаждығына және қабілеттігіне байланысты» деп есептеген.
Б. Д. Эльконин шығармашылыққа мынадай анықтама береді : «Шығармашылық - бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрыңғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің соңғылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін - өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады».
Әрине, мәселе тек басты ұғымның мәнін түсінумен шектелмей, оның мүмкіндіктеріде зерттелген. Айталық, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері В. В: Давыдов пен
В. В. Репкин еңбектерінде қарастырылады. Бір нәрсені жасауға, тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін де қалыптаса бастайды. Бұл кезде шығармашылық актілері ойын әрекетінде жүзеге асады да, даму өнімі «қиял, елес» болып есептеледі. Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттері оқу әрекетінде көрінеді, даму өнімі - «оқуға құштарлық, ынталық». Жасөспірімдік кезінде оқушы оқу әрекетінің жеке - дара субъектісі ретінде дами бастайды, В. В. Давыдов шығармашылық тұлғаның сипаттамасы деп осыны есептейді.
Ендеше, оқыту негізгі ерікті қызығушылық жағдайда болуы керек.
Негізгі мектептің бүгінгі білім берудегі мақсаты - оқушыда өз жеке білім траекториясын тыңдау қабілеттігін қалыптастыруға жағдай жасау. Яғни, педагогикалық әрекет оқушылардың белгілі бір нәтижеге әкеп тірейтін әрекетіне бағытталу қажет. Шығармашылық әрекет - оқушыны өз жеке шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет.
Оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуы: оқушы өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді, бұл оған белгілі бір пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық әрекет оқушыны өзіне тарта, баули түседі.
Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік - дағдыларды меңгерумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту - бүгінгі күннің талабы. Шығармашылық бұл шынай өмірде баланың өзін - өзі тануы.
Жалпы білім беру үрдісінде :
- жаңа педагогикалық технологияларды ендіре отырып оқыту үрдісін демократияландыру
және ізгілендіру, субъект қатынастар қалыптастыру, сабақтағы оқушының шығармашылық рөлін арттырып, еркіндігін қамтамасыз ету, сол арқылы оқушылардың даралық интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, бейімділіктерін ашу және дамыту.
Шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде :
- мәселені қарастырудағы қырағылық көрегендікті;
- ақылдың икемдігі, ойдың орамдылығы;
- әрекетті бағалай білуді қарастырады;
Адам әрекеті :
- шығармашылқтардағы қарама - қайшылықтардың болуы;
- әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы;
- шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайлардың болуы;
- шығармашылық тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;
- нәтиженің жаңалығы.
Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға және тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылыққа, жаңа, тың нәрсе жасау тән десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды немесе көшіруді шығармашылық деп айтуға болмайды, бірақ бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс деуге болады.
Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белсенділігін оятып, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, тәртіптілік пен жолдастыққа, адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді. Ұжымдық сабақтарда өзінің сыныптасының кемшілігін көруге, оған достық қолын созуға, өзгелердің існен сабақ алуға, әлеуметтік ұстанымның қалыптасуына өз ортасының пікірінің әсері зор. Мұндай сабақтарда оқушылардың ұжымдық ой - пікірлері қалыптасып сыныптағылардың пікірі бойынша ортақ тұжырым жасауға үйренеді. Ортақ іске өзін - өзі қосады, жолдасының жауабына пікір айтып, бағалауға үйренеді. Оқушының өзіндік жұмысы талқыланады.
Шығармашылық тапсырмалар орындауда шағын топтармен жұмыс жасау - бұл ең әйгілі стратегиялардың бірі, өйткені ол оқушылардың жұмысқа қатысуына, ынтымақтастық дағдысын тәжірибеден өткізуде, тұлға аралық өзара қарым - қатынаста (белсенді тыңдау, жалпы пікір қалыптастыру, түрлі көзқарастың шығуына рұқсат беру, өзгені тыңдап, өзін тыңдата білу) зор мүмкіндіктер береді.
Топпен жұмыс жасауда аудиторияны үнемі айналып өтіп, тек қажет болған жағдайда ғана көмекке барыңыз. Шағын топта қандай дағдыларды меңгеру керектігін сезінуге мүмкіндік беріңіз.
Оқушыларды топтарға бөлуде, тәжірибелі әдістемешілер топ құрамын әр түрлі, яғни әр түрлі мүмкіндіктегі күшті, орташа және әлсіз оқушылардан құралуын қамтамсыз етеді. Әртекті топта шығармашылық ойлау ынталандырып отырады. Оқушылар уақытының көп бөлігін өз көзқарасын ұсыну, мәселелерді жан - жақты талқылау және сұрақты құрастыруды үйренуге жұмсайды. Мұндай топтар оқушылар арасында жүйелі қарым - қатынас орнатады.
Топ құрамын ұзақ уақыт бойы өзгертпей сақтау топ ішіндегі шеберліктің қалыптасуына ықпал етеді. Сондай - ақ топ құрамын ауыстыру барлық оқушыға түрлі адамдармен жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Сонымен бірге топ мүшелерін әр түрлі ролдерге бөлуге болады. Рөлдердің бөлінуі кез - келген оқушыны жұмысқа белсенді атсалысуына итермелейді. Егер топ құрамын тұрақты сақтаса, онда оқушылар арасындағы ролді ауыстырып тұруға болады.
«Шағын топтардағы жұмыс» тәсілін пайдалану арқылы тапсырмалады орында :
- Тапсырманың әр кезеңін орындауға қанша уақыт бергеніңізді жариялаңыз.
- Оқушыларды шағын топтарға бөліп, қажет мысалдарды, мәліметті таратыңыз, содан кейін тапсырманы орындауға кірісуін сұраңыз.
- Бір топтан екінші топқа жылжып отырыңыз және оқушыларға топтағы жұмыс ережесін орындауға көмектесіңіз.
- Топтағы жұмысты аяқтаған соң, тапсырманы орындаудың нәтижесі жөнінде баяндау үшін топ өкілдеріне сөз беріңіз. Плакаттар, кестелер, суреттер және өзге де көрнекі құралдарды пайдаланғандарды қошеметтеп отырыңыз. Сіз өзіңіз де әр түрлі топтың тапсырманы орындау нәтижесін енгізетін кесте жасап алсаңыз болады.
Оқушының шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас қалыптасады.
А. Байтұрсыновтың пікірі бойынша, «бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі - оның білімінің, шеберлігінің ұзақ жолды қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай өтуі үшін, керек білімді кешіктірмей, кезінде беріп отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзетіп отыру керек» - деген. Осы тұрғыдан қытай халқының мақалында : «Тыңдасам ұмытамын, көрсем есте сақтаймын, жазсам түсінемін» деген екен.
Мұғалім бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс - әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ған оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар мен олимпиадалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың, ата - аналармен біріктірілген сабақтардың маңызы зор.
Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет.
Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы мен белсенділігін, шығармашылқ бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану - олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.
Бастауыш буында шығармашылықтың алғашқы сатысын іс - әрекет және ойын арқылы бастаған дұрыс. Сондықтан сабақты қызығушылықты ояту кезеңінде суретті ойындар, сөзжұмбақтар т.б. тәсілдерімен бастап оны тақырыпқа байланысты етеп алған дұрыс.
Оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін, үнемі шығармашылық тапсырма - міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынған жөн. Шығармашылық жаттығу, ойын тапсырмалардың мазмұнын балалардың жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесуі керек.
Мұғалімнің ең үлкен міндеті бала белгілі бір көркемдік шешім тауып, өз туындысын ұтымды аяқтап шыққанға дейін оны назарынан тыс қалдырмай, шығармашылық бағыт - бағдар беріп отыру.
Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар : «Сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан ешнәрсе келмейді» деген қорқыныш сезім, екінші - өзіне тым риза болмаушылық сезімі, үшінші жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу :
- оқушылардың шығармашлықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай жасау;
- шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптасытрып отыру.
Оқушыларды шығармашылқ жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады.
Олар мынадай :
- тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;
- логикалық ойлауын дамытатын ойын тапсырмаларды шешу;
- бергілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есетер құрастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын мәтін, әңгіме құрау)
- әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу;
- қиялдау арқылы сурет салғызу;
- ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру (ақтап алу, қаралау);
- мәтін, әңгіме, ертегіні өз бетінше аяқтау.
Осындай жаңа технологиялардың әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы оқушылар шығармашылығын арттыруға үлес қосуға болады.
Шығармашылқ жұмыстың оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.
Қорыта келе айтарым оқу процесінде шығармашылық түсінігін жеке бастың қасиеті емес, оқушының оқу процесіндегі іс - әрекет құралы және табыстың белгісі деп білу керек.
Оқу процесіндегі негізгі мәселе - оқушылардың белсенді іс - әрекеті және шығармашылықтың дамуына негіз болады. Оқушылардың іс - әрекеті неғұрлым үйлесімді, кемелденген, тиімді оқыту әдістермен ұйымдастырылса, онда олардың белсенділігі де, соғұрлым жоғары болып, шығармашылықтың дамуы қарқынды түрде көрінеді. Шығармашылыққа баулуда кез - келген әдісті тиімді қолдану өзіміздің құзырымызда. Оның сабақ үстінде болсын, сыныптан тыс жұмыс түрінде болсын, қай жұмыс түрінде де жемісін көруге болады. Тек әр жұмыс жетістігін марапаттауды естен шығармайық. Барлық жұмыстарда оқушының қалауын, таңдауы мен ұсыныстарын ескере отырайық. Сонда ғана шығармашылық жұмыс нәтижесіне жетуге болады. Шығармашылық жұмыс нәтижесі көп жылдық еңбекті талап етеді.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал