7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты 'Мен және менің отбасым'

Тәрбие сағаты 'Мен және менің отбасым'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Мен және менің отбасым»

Мақсаты: Отбасындағы сыйластыққа, адамгершілікке,инабаттылыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата-ана алдындағы парызын өтеуге, еліміздің жақсы азаматы болып өсуге, жанүяның мақтаны болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, отбасы жайлы кітаптар, суреттер көрмесі, ата-ана мен бала жайында жазылған заңдар жинағынан үзінді.

Барысы:

Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, құрметті балалар! Бүгін біз бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыңдар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Қане, ойланып көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, ол мемлекеттің аты «Менің отбасым» деп аталады. Ол мемлекет қандай болуы мүмкін?

Балалар жауаптары: Бақытты ,тату, өнерлі, үлгілі.

Мұғалім: Балалар, мында үш түрлі түсті жүрекшелер берілген. Соларды таңдау арқылы 3 топқа бөлініп отырайық.(Балалар қызыл, көк, сары жүрекшелерді таңдап топтарға бөлінеді) .

Рольдік ойын:

1-топ: «Жанұя серуенде»

2-топ: «Жанұя кешкі мезгілде»

3-топ: «Жанұяда туған күн»

Осы тапсырмалар бойынша топтар бір-бірімен жарысады. Әрбір топқа сұрақ қойылады. Оқушылар сұрақтарға жауап қайтарады.

1-топқа сұрақ: Сіз жанұяңызбен серуенге жиі шығасыз ба? Серуенге кімдермен шығасыз?

2-топқа сұрақ: Кешкі мезгілде жанұяңызбен не істер едіңіз? Теледидар қарайсыз ба, әлде басқа істермен шұңылданасыздар ма?

3-топқа сұрақ: Туған күнді жанұяда қалай қарсы аласыздар? Үйде өткізесіздер ме?

Мұғалім: «Менің отбасымдағы рөлім» деп аталатын бөлімде сендер міндеттеріңді көрсетіңдер.Сенің отбасыңдағы рөлің қандай?

МЕН



1-топ: Тәрбие- отбасынан басталады, сондықтан болашақ ел ертеңі жас ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен отбасында, ата-ананың ықпалымен қалыптасады.

2-топ: Отбасындағы әрбір адамның туыстық қатынасқа байланысты міндеттері, парыздары бар.

3-топ:Отбасының, жанұяның екі тірегі - әлпештеген әке мен аялаған ана.

Міндет- күнделікті іс-әрекет арқылы имандылық пен қайырымдылық рәсімдерін орындау.

Парыз-міндетті іске асырудың қалыптасқан жолы.

Борыш- ата-анаға, үлкен адамдарға қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу үшін жүргізілетін салтқа айналған қайырымды іс -әрекеттер.

Отбасының, жанұяның қос шынары- алатаудай атасы және аналардыі анасы- әже береке мен мейірімнің ұйытқысы. Атаны сыйлау, ата-бабаны, елді сыйлау, әжені құрметтеу - өмірді құрметтеу.

Әр топ мүшелеріне сұрақтар:

«Жүректен жүрекке» шеңбері.

Мұғалім: Ендеше , оқушылар, шеңберге тұрып өз жанұяларыңның жақсы қасиеттерін айтып, осы шеңбер ішімен жүрейік.

1-оқушы: Біздің жанұя ұйымшыл, бір нәрсені бәріміз бірігіп жасаймыз.

2-оқушы: Менің жанұям тату-тәтті, әкемнің, анамның, ағамның айтқанын бұлжытпай орындаймыз.

3-оқушы:Ал менің отбасым үлкен. Атам, әжем, әкем, анам, апам, сіңілім бәріміз бірге тұрамыз.

4-оқушы: Біздің отбасында бәрі қайырымды. Олар бір-біріне үнемі көмектесіп, бір-бірін тыңдайды.

Қорытынды.

Қорытындылай келгенде, отбасының қоғам мен мемлекет тіпті күллі адмзат алдындағы атқаратын қажеті сан қырлы. «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі -Отанды сүю, өмірге құштарлық, сұлулықты тану бала кезден басталатыны баршаға аян.

«Дәстүрге арқа сүймегеннің көсегесі көгермейді » деген атамыз. Отбасы -адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі. Өз отбасыларыңды құрметтеңдер, сыйлаңдар, мақтан тұтыңдар! Отбасы - бақыт мекені.

Бәйтерек


Менің жанұям

Тәлім

Әке

Ата

Бала

Өнеге

Ана

Әже



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал