- Учителю
- Көркем еңбек 1 сынып Қысқа мерзімді жоспар
Көркем еңбек 1 сынып Қысқа мерзімді жоспар
1-сыныпқа «Көркем еңбек» пәні бойынша орта мерзімді жоспарлау
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағатты құрайды.
Оқу ісінің меңгеруісі:Өзім туралы
Сенің айналаңдағы әсемдік
Мектеп:
Күні :
Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП: 1-сынып
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың мақсаты
Қоршаған ортадағы алуан түрлі пішіндерді көрсету. Бейнелеу өнерінің ісерлегіш құралдарымен танысу. Эстетикалық дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері
Мұғалім үшін: суретшінің кім екенін айтады. Оқушыларға қоршаған ортадан суретшінің еңбегін көрсетеді. Өнер туындыларындағы белгілі бір әсерлегіш құралдарды байқай білуге үйретеді.
Оқушылар үшін: әсерлегіш құралдарға жататын терминдерді атап, оларды дұрыс қолданады. Қолданған әсерлегіш құралдарына назар аудара отырып, өз жұмыстары туралы айтады. Оқулықтағы сұрақтарға жауап береді.
Нені білулері керек
Суретші деген кім,оның еңбегі қай жерден көрінеді?Бейнелеу өнеріндегі әсерлегіш құралдарың атаулары.
Нені үйренулері керек
Қоршаған ортадағы заттардың әсемдігін байқай біледі.
Жұмысқа қажетті материалдар
Диаметрі 20 см-ден аспайтын дөңгелек қағаздар, қабырғалары 20 см болатын шаршы қағаздар.
Сабақты өткізуге қажетті материалдар,интернет ресурстар
Оқулық, әдемі стақан, ерекше безендірілген кітап,ойыншық ашық хаттар.
Материалды түсіндіру
Оқушыларға суретші мамандығы туралы әңгімелеу.
Көркем еңбек сабағына қажеті материалдар туралы айту.
Кішкентай шеберлердің құпиялары туралы айту.
Әртүрлі суретшілердің еңбектерімен танысады.
Тақта алдында жұмыс, Өздік жұмыс
Оқушыларды қалауы бойынша тақтаға шығару.
Тақтада ілінген суретші құралдарын көрстіп, жұмыс істеу тәсілдерімен таныстырады.
Сурет салуға тапсырма:
Қағаздан жасалған тәрелке мен жастыққа өздеріне ұнайтын өрнектер салып безендіреді.
Тілдік құзіреттілік
СУРЕТІ*ХУДОЖНИК*PAINTER
Сабақтың қорытындысы
Өмір суретшілерсіз көңілсіз болар еді. Суретшінің заттар мен өнер туындыларына еңбегі сіңеді. Олар үшін алуан түрлі әсерлегіш құралдарды пайдаланады.
Кері байланыс
Бүгінгі сабақта болған көңіл - күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.