7


  • Учителю
  • Дүниетанудан ашық сабақ Топсеруен 1 сынып

Дүниетанудан ашық сабақ Топсеруен 1 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№36 мектеп-лицейі бастауыш сынып мұғалімі Макенова Гульмира Уахитовна

Қысқа мерзімді жоспар.

Дүниетану 1-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Топсеруен

Оқытудың негізгі мақсаттары:

Білімділік: қоршаған дүниенің әртүрлілігі және әдемілігімен таныстыру.

Дамытушылық: зерттеу жұмыстарының қарапайым дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: топ ережесіне бағына отырып, қауіпсіздікті сақтауға баулу.

Белсенді оқытуда қолданылатын əдіс-тəсілдер: ОмОЖТ, СТОү, ОүБжОБ, ОЖЕСОжО, ОБжК

«топтастыру»

Оқу нəтижелері: Қоршаған дүниенің әртүрлілігін, әдемілігін байқайды. Зерттеудің қарапайым тәсілдерін меңгереді.

Бағалау: Өзін, бірін-бірі, топтық, "бес саусақ"

Жұмыс формасы: Жеке, жұптық, топтық, күрделі тапсырма

Негізгі дереккөздер: АКТ, Альбом, қарындаш, табиғи материалдар

Сабақтың барысы:

Уақ

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Тақырыпқа шығу. Бейне роль. «Жаңбырды алғаш көрген бүлдіршін»

Бала жаңбыр жауып жатқанын қалай сезді?

Табиғатта болып жатқан өзгерістерді қалай білеміз?

Ендеше сіздермен «Топсеруенге» шығайық.

Сәбидің жаңбыр жауғанын алғаш рет бақылап тұрғанын айтады.

Табиғаттағы өзгерістерді бақылау керек деп тұжырымдайды.

ационалдық-орындаушылық кезең

10 мин

- Балалар, міне біз тоғай ішіндеміз. Нені көреміз деп ойлайсыңдар?

- Ендеше бұл сабақта мақсатымыз не болмақ?

Сыныпты 3 топқа бөлемін. Ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктердің суретін (карточка) 24 оқушыға бөліп беремін. Әр топта 3 ағаш, 3 бұта, 2 шөп.

«Білу» тапсырмалары.

І-топ ағаштар: Қандай ағаштарды көріп тұрсыңдар? Діңін қарап, оның түсін анықтаңыздар. Ағаштардың діңінің көлемдерін салыстырыңыздар. Жапырақтардың түсі қандай? Олардың пішіндері қандай?

ІІ-топ бұталар: Бұталарды қараңдар. Олардың ағаштардан қандай айырмашылығы бар? Олардың сыртқы көрінісінен қандай ерекшелікті байқадың?

ІІІ-топ шөптесін өсімдіктер: Өсімдіктердің ішінен шөптесін өсімдіктерді тауып, оларды ағаштармен, бұталармен салыстыр. Олардың қандай айырмашылығы бар?

Тоғай ішінде не көретінін, нені бақылау керек екенін болжайды, мақсат қояды.

Балалар жалпы айналадағы өсімдіктерге бақылау жасайды.

өсімдіктердің Айырмашылығын анықтайды.





10 мин

«Түсіну» тапсырмасы.

Бақылау кезінде алған ақпараттарыңызбен алдымен жұпта, кейін топта өз сөздеріңізбен түсіндіріңіздер.

Топ мүшелері жұпта, топта өз ақпараттарымен бөліседі.

5 мин

«Қолдану» тапсырмасы.

Әр топ көшбасшысы жинаған ақпараттарын пайдаланып, қорытындылап айтыңыздар.

Әңгімелесу. Топ ішінде пікір алмасып, қорғайды.



10 мин

«Талдау» тапсырмасы.

І-топ: ағаштар, ІІ-топ: бұталар, ІІІ-топ шөптесін өсімдіктерді сызу. Айырмашылығын анықтау.

«Мозайка» стратегиясы. Басқа топтан не әкелдің? Сұраққа топпен ақылдасып жауап іздейді? Басқа топты «Бес саусақ» әдісімен бағалатамын.

Сурет салу жұмысы. Балалар бақылағандарын сызады.

Топтарда бір оқушы қалады. Қалғандар басқа топқа барып, мәлімет әкеледі.

6 мин

«Синтез» тапсырмасы.

- Қоршаған орта қайтсек таза болады? Әр топ өз жобасын ұсыныңыздар. Басқа топты «Смайликтер» арқылы бағалау.

Әр топ өзара ақылдасып өз жобасын ұсынады. Басқа топ мұқият тыңдап, бағалайды.

«Бағалау» тапсырмасы. Жинаған табиғи материалдардың ішінен жануарға, адамға, басқа заттарға ұқсайтын тұстарын табыңыздар. Ойыңызды дәлелдеңіздер.

Табиғи заттардың басқа заттарға ұқсайтын тұстарын тауып, өз ойын дәлелдейді.

Рефлексия кезеңі

2 мин

Топсеруеннің қорытындысын шығару.

- Бүгін сіздерді қандай көріністер қуантты, қандай көріністер ұнамады?

- Сіз табиғаттың жақсы досы бола аласыз ба? Ол үшін не істейсіз?

- Табиғатты бақылауға, сезінуге, оның сұлулығын көруге адамның қандай мүшелері көмектеседі? Ендігі сабақта біз сезім мүшелерімен таныс боламыз.

Үй тапсырмасы: жинаған табиғи материалдарды сараптау (тұқымы, сабағы, жапырағы, бұтағы)

Кері байланыс: «Баспалдақтың қай жерінде тұрмын?» Оқушылар аттары жазылған стикерлерді баспалдақтың тиісті жеріне қояды. Үсті «түсіндім», ортасы «түсіндім, бірақ сұрағым бар», төмен «толық түсінбедім»

Табиғаттың барлық мезгілі, барлық тіршілік иесі маңызды екенін бағалайды.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал