7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары әдебиеттік оқу пәнінен 3-сынып

Сабақ жоспары әдебиеттік оқу пәнінен 3-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 19.02.2016ж.

Мектеп: №2 Қорғасын орта мектебі

Сыныбы: 3

Мұғалім: Жұматаева А.

Машықкер: Қуанышбекова Гүлсая

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Несіпбек Айтов «Қазан»

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Ақын өлеңдерін талдай отырып, әдеби теориялық білімдерін тереңдету;

ә)Дамытушылық: Адам мен табиғат арасындағы байланысты ұқсастықты байқата отырып, өз ойын жинақтап, қорыта білуге дағдыландыру;

б)Тәрбиелік: Табиғаттың жаршысы - құстарды қорғауға, қамқорлық жасап күтуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Оқытудың әдісі: көрнекілік, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық:

-Парта саған төсек емес жатуға,

Түзу ұста, тік отыр сен партада.

Бойды түзе, көтер басты жоғары,

Сымбаттылық болсын сенің бойында.

-Жарайсыңдар, балалар!



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Миға шабуыл» әдісі

Бұлттар төніп, жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып, өңі тайып

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай, ойнай алмай

Денең мұздап тоңады.

Айтыңдаршы, балаларым,

Бұл қай кезде болады?

- Күз мезгілі дегенде ойымызға не түседі, кім қандай ойда отыр?



















ІІІ. Жаңа сабақ.

Талдау жұмысын жүргізу:

Өлеңнің авторы - Н.Айтов

Тақырыбы - Қазан

Жанр түрі - өлең

Шумақ - 5 шумақ

Тармақ - 20 тармақ.



Оқулық бойынша сұрақтар қою:

1.Ақын өлеңде күзгі күннің реңін қалай берген?

2.Құстар қандай хабар әкелді?

3.Қазан баланың «інісі» кім? «Ағасы» ше?

4. Өлеңде табиғаттың өзгеру заңдылығы қалай байқалады?



Топтық жұмыс

«Сынақтан өткізу»

1-топ «Күз» сөзіне бес жолды өлең құрастыру

2-топ «Күз» тақырыбында шағын шығарма жазу



Сергіту жаттығуы.

Тербеледі ағаштар ,

Алдымен жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар

Үп-үлкен болып өседі.



Талдау

Жұптық жұмыс

«Ой толғау»

1-жұп Күз мезгіліне байланысты 3-4 сөйлем құрастыру

2-жұп Табиғат туралы мақалдар жазу



Жинақтау

«Артық тіркесті тап»

Алтын күз, берекелі күз, бәйшешекті күз, жаңбырлы күз, қоңыр күз, маужыраған күз, барқыт күз.



Сабақты бекіту.

БББ - кестесін толтырады.



Білемін

Білдім

Білгім келеді







Бағалау.

Сабақ жоспары әдебиеттік оқу пәнінен 3-сынып

Үйге: келесі тақырып бойынша іздену, өлеңді мәнерлеп оқу, тақырыпқа сай сурет салу.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал