7


О. Асқар «Достық» өлеңі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың аты О. Асқар «Достық» өлеңі Сілтеме Жоспар Жалпы мақсаты О. Асқар өмірі мен «Достық» өлеңі туралы білу.«Достық» өлеңінің мазмұнын түсіну.«Достық» өлеңінің мазмұнына талдау жасауды үйрену Күтілетін нәтиже О.Асқар өмірі мен «Достық» өлеңі туралы біле
предварительный просмотр материала

Қараманова Қиғаш

№235 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі


Сабақтың аты

О. Асқар «Достық» өлеңі

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

О. Асқар өмірі мен «Достық» өлеңі туралы білу.

«Достық» өлеңінің мазмұнын түсіну.

«Достық» өлеңінің мазмұнына талдау жасауды үйрену

Күтілетін нәтиже

О.Асқар өмірі мен «Достық» өлеңі туралы білетін болады.

Достық пен жолдастықтың айырмашылығын, шын достық жақсылыққа жетелейтінін түсінеді.

Өлең мазмұнының тәрбиелік мәніне талдау жасауды үйренеді.

Негізгі идеялар

Нағыз достық адамға шабыт беріп отырады. Олар бір-бірінің қуанышына да, сәтсіздіктеріне де ортақтасып отырады.

Жалған достықтың ғұмыры қысқа болады.Олар бір-біріне шынайы болмайды. Бір-бірінің кемшіліктерін түземейді.

Тапсырмалар

Ой қозғау (бейнежазба)

ББҮ әдісі

Топтық жұмыс(өлеңді талқылау)

Жұптық жұмыс (жалғасын тап)

Жеке жұмыс

(Блум таксономиясы)


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

Кіріспе бөлім


1.Ұйымдастыру (2 минут)


2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу (Шаттық шеңбері)


Армысың жарық күнім Көңіл-күйім ашылады,

Шуағымен берген білім, Өзіңдей боп жарқырайды.

Ертегі ,өлең үйрететін Бүгін бізде мол дайындық

Құрметтейміз ана тілін Қабыл алшы жарық күнім !


- Ал, балалар, көңіл-күйіміз қалай?

- Керемет!


- Ендеше, осындай көңіл күймен сабағымызды бастайық!

- Балалар, қазір мына тұрған түрлі түсті қағаздар қиындыларын алайық..

- Ал, балалар түрі түсті қағаз қиындыларын құрастыра отырып, жаңаша топтарға бірігейік.

- Құрастырған парақтың келесі бетін қарайық. Қандай сөздерді құрастырдыңыздар?

- Ол сөздердің барлығы қандай мағына береді деп ойлайсыздар?

3. Топқа біріктіру ( жолдастық, адалдық, шыншылдық, бірлік сөздері арқылы ) (2 мин)

( Топ ішінде рөлдерге бөлінеді.)


Оқушылардың жауаптары мадақтау арқылы бағаланады.


Тұсаукесер бөлімі . (5 минут)

1. Ой қозғау ( «Әли мен Айя. Достар туралы ән». Бейнежазбасын көрсету арқылы)

1. Бейнежазба не туралы деп ойлайсыздар? (Достар туралы)

2. Бейнежазбаның негізгі айтар ойы недеп ойлайсыздар? (Достық туралы)

- Жарайсыңдар! Ал, енді тақтадағы суретке назар аударыңыздар.

(Интербелсенді тақтадан ақынның суретін көрсетемін)

  • Ақын Оразақын Асқар.

Ендеше, бүгін Оразақын Асқардың « Достық» өлеңімен танысамыз..

Оразақын Асқар - ақын. Ол 1935 жылы 16 мамырда Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағына қарасты Мүкей-Қаратас деген жерде туған.


Оқушыларға табыс критерийлерін ұсынамын. (1 мин)

  1. О.Асқар өмірі мен «Достық» өлеңі туралы білемін.

  2. Шын достықтың жақсылыққа жетелейтінін түсіндіре аламын.

  3. Өлең мазмұнының тәрбиелік мәніне талдау жасай аламын.


Негізгі бөлім. Топтық жұмыс (өлеңді талқылау) (15 минут)

Топтарда 5 рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы.

Оқушылар өлеңді оқып, топтарында талқылайды.

1 топ -. Өлең мазмұнын сурет салу арқылы түсіндіру

2 топ - Өлеңнен достар бір-біріне қандай жақсылық жасай алатынын теріп жазып, мәнін ашу

3 топ - Достық туралы мақал-мәтел жазып, мағынасын түсіндіреді.

4-топ - Адал достық пен амал достықтың айырмашылығын түсіндіру

(Венн диаграммасы)

Баяндамашылар топ жұмыстарын қорғайды. (4 мин)

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы формативті бағалау жүзеге асырылады. (3 мин)

Әр топтың бақылаушысы бағалау парағын таныстырады. ( 3 мин)

Бақылаушының бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

Көш

басшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тапсырманың орындалуы

Өз міндетін атқаруы

2

Тақырыптың ашылуына үлесін қосты

Жұптық жұмыс.Жалғасын тап (Достық туралы мақал-мәтелдер беріп, жалғастырып жазу) (2 мин)

Әр жұп ойласа отырып, мақал-мәтелдердің жалғасын табу керек. Сағат тілімен ауыстырып, тақтадағы дайын үлгі жауабымен тексереді.


IV. Қорытынды бөлім

Жеке жұмыс (Блум таксономиясы) (10 мин)


Ойлау

деңгейлері

Тапсырмалар

Оқушының жауаптары

Білу

Оразақын Асқар кім?


Түсіну

Достық сөзін басқаша қалай түсіндіресіз?


Қолдану

Өлеңнен достар бір-біріне қандай жақсылық жасай алатынын теріп жазыңыз.


Талдау

«Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең» дегенге қалай қарайсыз?


Жинақтау

«Менің ең жақын досым» тақырыбына эссе жазыңыз.

Бағалау

Нағыз достықты қалай бағалайсыз?



Оқушылардың жұмыстары «Мадақтау сэндвичі» формативті бағалау арқылы жүзеге асырылады.


Сабақ рефлексиясы (ұнады, қиын болды, тілегім)


Кейінгі тапсырмалар

Автордың басқа қандай өлеңдері бар екенін жазып келу

Кейінгі оқу

Өлеңді жаттап келу



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал