7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Ауаның табиғат пен адам өміріндегі маңызы

Сабақтың тақырыбы: Ауаның табиғат пен адам өміріндегі маңызы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

2 сынып. Пәні. Дүниетану

Сабақтың тақырыбы:Ауаның табиғат пен адам өміріндегі маңызы

Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларға ауаның тазалығын сақтау туралы ұғым қалыптстыру;

Дамытушылық: Оқушыларға табиғат пен адам өміріндегі ауаның маңыздылығын түсіндіру;

Тәрбиелік: Оқушыларға ауаны неден және қалай қорғау керектігін ұғындыру.

Сабақтың көрнекілігі: ауаның құрамы және қасиеттері туралы сызба.

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық.

Үй тапсырмасын тексеру.

- Ауаның қасиеттерін айтыңдар.

Оқушылар бір-бірінің жұмыс дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын өзара тексереді.

Пікірталас ұйымдастыру.

- «Ауа таза болу керек» деген пікірді қалай түсінесіңдер?

Жаңа сабақты түсіндіру.

1) Оқулықтағы мәтіннің бірінші бөлігі оқытылады. Осы бөлімнен ең негізгі ойды тапқызу (ауа өсімдік, жануар, адамның тыныс алуы үшін қажет).

2) Рөлдік ойын (ойынның бірінші бөлімі).

Сынып 4 топқа бөлінеді.

1. Адамдар 3. Құстар мен аңдар

2. Балықтар 4. Өсімдіктер

Әр топ таңдап алған тақырыбы бойынша ауаның маңыздылығын айтады.

Рөлдік ойынның екінші бөлімі.

Сынып 3 топқа бөлінеді.

1-топ - адам

2-топ - экологтар

3-топ - жануарлар

Экологтарға адамдардың үстінен жануарлардың шағымы түседі. Адам жаңа комбинанттар, зауыттар, жанармай колонкаларынсалу керектігін айтады. Жануарлар адамның жете ойламағандығынан көптеген жануарлардың қырылып жатқандағы туралы айтады.

Жануарларды қорғау туралы әңгімені экологтар көтереді. әңгімені экологтар көтереді. әңгімені қорытындылай келе тақтаға немесе плакатқа сызба сызылады.


Ауаның ластану себептері

Түрлі қалдықтар, улы газдар, пайдаланылған газ, радиация

Ормандағы ағаштарды кесу және т.б.

Мұғалім әңгімеге араласпай, оқушылардың өздерін сөйлетеді. Пікірталас соңында оқушылар Жердегі тіршілік атаулының бәрі адам әрекеттеріне тәуелді екендігіне , сондықтан адам ауа кеңістігін қорғап, оның тазалығын сақтауы тиістігіне көздерін жеткізеді. Ауа - тірішілік көзі.

3) Оқулықтағы мәтіннің екінші бөлігі бойынша жұмыс.

- Бұл бөлімнен қандай жаңа мағлұмат алдыңдар?

Дәптермен жұмыс.

Оқушылар «Ауа тазалығын сақтаңдар» деген тақырыпта сурет салады.

Сабақты қорытындылау.

- Ауаны ластанудан не үшін қорғау және сақтау керек?

- Таза ауаны сақтап қалу үшін не істеуіміз қажет?

Үйге тапсырма беру.

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру, жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал