- Учителю
- Дүниетанудан сабақ жоспары. (1- Сынып)
Дүниетанудан сабақ жоспары. (1- Сынып)
Дүниетану мерзімі: ---------------
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе
Сабақтың мақсаты:
1. «Дүниетану» ататы оқулығымен және пәнімен танысу;
2. Дүниетану пәні арқылы табиғатты бақылауға үйрету;
3. Сөздік қорын байыту, байқампаздықтарын, ой өрісін дамыту;
4. Мұқият болуға, табиғатсүйіспеншілікке тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, «Дүниетану» оқулығы
Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету,
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сыныпты сабаққа дайындау. Оқушылардмен амандасу, түгендеу.
ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ:
- «Дүниетану» ататы оқулық сендерді өздерің күнделікті көріп, араласып
жүрген табиғатпен және адамдар қоғамымен таныстырады. Сендер мұнда
дүниедегі заттар, құбылыстар, жануарлар және өсімдіктер әлемімен
кездессесіңдер. Адамдар қоғамы, олардың еңбегі мен мамаңдығы туралы
оқып білесіңдер. Өз елдерің Қазақстан Республикасы, оның Ата Заңы
Конституциясы және Президенті, заңдарды шығаратын Парламенті
туралы алғаш рет мағлұмат аласыңдар. Дүниетану пәнін оқу арқылы
табиғатта болатын құбылыыстарды бақылауды үйренесіңдер. Өздеріңді
қоршаған ортаны, ондағы заттар мен құбылыстарды танып білесіңдер. Ол
үшін әрбір зат пен құбылысқа мұқият көңіл аударғандарың жөн.
Сергіту сәті:
Бақылау дәптермен жұмыс
ІҮ. Қорытындылау: Сұрақ жауап әдісімен бекіту
ҮІ. Үйге тапсырма: Табиғат көрінісін суреттеу, сурет салу.
Дүниетану мерзімі: ---------------
Сабақтың тақырыбы: Айнала дүниедегі денелер мен құбылыстар
Сабақтың мақсаты: 1. Табиғат,қоршаған дүние, табиғат құбылыстары,
адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік беру.
2. Әсемдікке баули отырып,логикалық ойлау қабілетін есте
сақтау қабілетін дамыту.
3. Бір затпен екінші затты ажырата білу.Табиғатқа деген
құштарлығын арттыру. Эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, айналадағы заттар.
Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету,
Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындау. Оқушылардмен амандасу, түгендеу.
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Өтілген материалдарды еске түсіру, сұрақтар қою.
ІІІ. Жаңа сабақ: - Балалар,табиғат құбылыстарына нелер жатады?
- Адам қолымен жасайтын заттарға нелер жатады?
- Олардың бір-бірінен ерекшелігі неде?
- Ендеше , балалар, жаңа тақырыппен танысайық
а) Табиғат, табиғат құбылыстары, табиғат заттары туралы.
б) Адам қолымен жасалатын заттар туралы.
Сергіту сәті:
Дәптермен жұмыс
ІҮ. Қорытындылау: - Балалар, бүгін біз сендермен не жайында білдік?
- Табиғат дегеніміз не? - Табиғат құбылыстары деген не? - Табиғат заттарына нелер жатады?
- Табиғи нешеге бөлінеді? Оларды ата.
- Адам қолымен жасалатын құбылыстарды атап көрейік:
Ү. Бекіту кезеңі: - Біз бүгін айналадағы дүниемен таныстық.Табиғаттың екіге
бөлінетініне көз жеткіздік. Табиғаттағы заттар, табиғат
құбылыстары адам қолымен жасалатынын білдік.
ҮІ. Үйге тапсырма: Бүгінгі тақырыпқа сай сурет салып келу.
Дүниетану мерзімі: ---------------
Сабақтың тақырыбы: Күндіз, түн, түн тынысы.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға айналадағы дүние туралы түсінік.
2. Логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауын, сөздік қорын қалыптасу.
3. Табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, айналадағы заттар.
Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың барысы:
І .Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.Үйге берілген тапсырмаларға дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: - Балалар, үйге қандай тапсырмалар берілді?
- Табиғат құбылыстары туралы кім, не айтады?
- Табиғи заттар мен адам қолымен жасайтын заттарға нелер жатады?
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау: а) -Табиғатты нелер құрайды?
- Табиғат құбылыстарына нелер жатады? - Табиғат нешеге бөлінеді?
- Тірі табиғатты ата. - Өлі табиғатты ата. - Суреттегі табиғат заттарын ата.
- Адам қолымен жасалатын заттарды ата. - Күн қай сағатта шығады?
- Күн қай сағатта батады?
ә) Күннің шыққан кездегі, күннің батардағы көрінісін әңгімелеу.
ІҮ. Жаңа сабақ:
а) Оқулықпен жұмыс. - Балалар, осы тақырыптар бойынша кім, өз ойын айтады? - Күндізгі тіршілік, Түн, түн тынысы тақырыптарын кім қалай түсінеді және оларды қалай сипаттауға болады? -Күн мен түннің ерекшелігі неде?
Сергіту сәті: «Күн және түн» ойынын ойнату.
Ү. Оқушы білімін бекіту: - Біз сіздермен «Күн. Түн. Түн тынысы» тақырыптарын оқи отырып, оның қасиеиттерімен таныстық. Енді сол тақырыптарды суретпен бейнелесек қайтеді?
ҮІ. Қорытындылау. - Балалар, бүгін біз сендермен не жайында білдік?
- Нені бейнеледік? - Күн мен түннің ерекшелігін кім айтады?
VII . Үйге тапсырма.
VIIІ . Бағалау:
Дүниетану мерзімі: ---------------
Сабақтың тақырыбы: Айналадағы дүниемен танысу
Сабақтың мақсаты: 1.Табиғат пен адам өміріндегі байланыс туралы түсінік.
2. Табиғаттың адам өміріндегі маыңзы туралы айта отырып
логикалцық ойлау қабілетін есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Табиғат сырын білудің адам үшін маңызын түсіндіре
отырып оны қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, айналадағы заттар.
Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету,
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Үйге бірілген тапсырманы пысықтау.
ІІІ. Мақсат қою: жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру
ІҮ. Жаңа сабақ:
а) Табиғат, табиғат құбылыстары, табиғат заттары туралы.
ә) Адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік беру
Сергіту сәті:
Ү. Оқушы білімін тексеру: а) Айналадағы дүниемен танысу.
- Адам жалғыз өмір сүре алмайды. Басқа адамдармен бірлесіп қана өмір сүреді. Біздің білмейтініміз көп,оқыған талаптанған адам көп біледі. «Талаптығы нұр жауар» деген нақыл осыдан шықса керек. Адам өз өміріне қажеттінің бәрін табиғаттан алады. Сондықтан адам табиғатқа қамқорлық жасау керек. Бұл Ата Заңымыздың 38-бабында жазылған.
ҮІ. Бекіту кезеңі: ә) Табиғат құбылыстары туралы халық болжамдары:
1. Бал арасы гүлге құжынай қонса жаңбыр жауады.
2. Егер күн батарда бұлтқа енсе ертеңінде күшті жел болады.
3. Егер қарлығаш жер бауарлап төмен ұшса жаңбыр жауады, ол аспандап
жоғары ұшса күн ашық болады.
ҮІІ. Қорытындылау: Адам өзіне қажеттіні табиғаттан алады және үйренеді.
ҮІІІ. Үйге тапсырма.
ІХ. Бағалау
Дүниетану мерзімі: ---------------
Сабақтың тақырыбы: Табиғаттан үйрене біл.
Сабақтың мақсаты: 1. Табиғат пен адам өміріндегі байланыс туралы.
2. Табиғаттан үйренуге болатын заттарды есте сақтай есте
сақтай отырып, логиакалық ойын дамыту. Танымдылық
қабілетін таныту
3. Табиғатты сүюге оны қорғауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы.
І .Ұйымдастыру. 1. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тапсырманы пысықтау, сұрақтар қо
ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: - Суреттегі түнгі көрініске қарап, оларға ат қой.
- Суреттегі табиғи денелерді ата. - Түн мезгілінде туған ойыңды әңгімеле.
- Айналадағы дүниені қалай танып білуге болатынын айт.
ІҮ.Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ:
а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.
ә) Адам өзіне қажеттінің бәрін табиғаттан алатынына баланың көзін жеткізу.
б) Табиғаттан үйренудің қажеттілігіне зерттеу жұмысының мәнінің зор
екенін түсіндіру.
Сергіту сәті.
ҮІ. Жаңа білімді бекіту.
1. Суреттегі техникалардың қайсысы қандай жануарлардың іс-әрекетінен
туындағанын әңгімелеу.
2. Өзің табиғаттан не үйрендің?«Адамды адам еткен- еңбек» деген мақалдың
мазмұнын қалай түсінесің
3. Дәптермен жұмыс.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Адам өз өміріне қажеттінің бәрін табиғаттан
үйренеді екен. Сондықтан адам табиғатты аялап, қоғауы керек.
ҮІІІ.Үйге тапсырма.
ІХ. Бағалау.
Дүниетану мерзімі: ---------------
Сабақтың тақырыбы: Адам - ақыл ойдың иесі
Сабақтың мақсаты:
1. Мәтінді түсіндіру.Адам туралы түсініктерін қалыптастыру.
2. Оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін дамыту
3. Еңбек етуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру:
Сыныпты сабаққа дайындау.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Өткен сабақты еске түсіру:
«Құстардың жазғы тіршілігі» туралы пысықтау.
- Балалар, құстардың жазғы тіршілігі туралы не айта аламыз? (әңгімелеу)
ІІІ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:
а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.
1) Іштей оқыту.
2) Тізбектей оқыту.
3) Әңгімелету.
Сергіту сәті.
Ү.Жаңа білімді бекіту:
1. Адам туралы не білеміз?
2. Ғарышкер
3. Дихан еңбегі жайында әңгімелеу.
4. Шопан
5. Ұстаз
ҮІ .Оқушы білімін тексеру. - Өзің білетін маман иелері туралы әңгімелеу .
- Адамдар бір-бірімен еңбек арқылы байланысатынын дәлелде.
ҮІІ. Үйге тапсырма: «Адам дегеніміз мен және біз» түсініп оқуға.
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау: - Адам жайында не білдік?
Дүниетану мерзімі: ---------------
Сабақтың тақырыбы: Адамның сезім мүшелері . Көз және тері.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға көз туралы түсінік беру.
2. Танымдылық қабілетін дамыту.
3. Көз күтіге, оны басқа қауіпті заттардан сақтауға үйрету.
Салауаттылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І .Ұйымдастыру. 1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:
«Адам дегеніміз мен және басқалар» туралы пысықтау.
- Адам туралы не білеміз? - Ғарышкер жайында не білесің?
- Дихан, шопан еңбегі жайында әңгімеле.
- Жүргізуші не істейді?
ІІІ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:
а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.
1) Іштей оқыту.
2) Тізбектей оқыту.
3) Әңгімелету.
Сергіту сәті.
Ү. Жаңа білімді бекіту. - Сезім мүшелерін ата.-Көру арқылы нені ажыратамыз?
Есіңде болсын! Көзіңді қолыңмен уқалама. Үшкір заттан сақтан.
ҮІІ Сабақты қорытындылау - Адамның сезім мүшелері жайында не білдік?
- Көздің қызыметі туралы не білеміз?
ҮІІІ Үйге тапсырма. «Көз» түсініп оқуға.
ІХ. Бағалау:
Дүниетану мерзімі: ---------------
Сабақтың тақырыбы: Құлақ
Сабақтың мақсаты:
1. Құлақ оның қызметі туралы түсік беру.
2. Логикалық ойын, сөздік қорын қалыптастыру.
Танымдылық қабілетін дамыту.
3. Құлақты үшкір затпен шұқуға болмайтынын түсінідіріп,
оны күтуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Оқыту әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру. 1. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: «Көз» туралы пысықтау.
- Көз қандай қызмет атқарады?
- Адамның көңіл- күйін қалай байқауға болады?
- Көзді қалай қорғаймыз?
ІІІ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.
Құлақтың қызметін, көрсету арқылы түсіндіру.
1) Іштей оқыту.
2) Тізбектей оқыту.
3) Әңгімелету.
Сергіту сәті.
Ү. Жаңа білімді бекіту.
- Сезім мүшелерін ата.
- Құлақ арқылы нені ажыратамыз?
- Құлақты күту ережесін әңгімелету.
Есіңде болсын!
Құлақты қаламмен, шырпымен, үшкір қатты заттармен тазалауға болмайды.
ҮІІ. Үйге тапсырма: «Құлақ» түсініп оқуға.
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау: - Адамның сезім мүшелері жайында не білдік?
Дүниетану мерзімі: ---------------
Сабақтың тақырыбы: Мұрын. Тіл. Тері.
Сабақтың мақсаты:
1. Мұрын, тіл, терінің адам ағзасында атқаратын қызметі туралы түсінік.
2. Тақырыпқа байланысты сөздік қорын есте сақтау қабілетін дамыту.
3.Тіл, мұрын, теріні күтуге, жеке бас гигиенасын сақтауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Оқыту әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру. 1. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: «Құлақ» туралы пысықтау.
- Адамның сезім мүшелерін ата.
- Мұрын қандай қызмет атқарады?
- Құлақты қалай қорғаймыз?
ІІІ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.
1) Іштей оқыту.
2) Тізбектей оқыту.
3) Әңгімелету.
Сергіту сәті.
Ү. Жаңа білімді бекіту. - Сезім мүшелерін атау.
Мұрын
Тіл арқылы нені ажыратамыз?
Тері
- Жылу мен суықты біз қандай сезім мүшесі арқылы ажыратамыз?
- Ащы және тәтті заттарды ата.
Есіңде болсын! Мұрныңды күте біл. Ол үшін таза орамалды пайдалан.
Өзің білмейтін лас заттарды ауызға салуға болмайды.
ҮІІ. Үйге тапсырма: «Құлақ» түсініп оқуға.
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау:
- Адамның сезім мүшелері жайында не білдік?
- Мұрын,тіл терінің қызметі туралы не білеміз?
Дүниетану мерзімі: ---------------
Сабақтың тақырыбы: Ауа райы. Тұстарды бағдарлау.
Сабақтың мақсаты:
1. Температура ұғымын таныстыру, шартын белгісін үйрету.
Тұстар туралы түсінік беру
2. Ауа райы , оның шартты белгілері мен бағыттарды нақты ажырата
білуге үйрету арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.
3. Ұқыпты, байқағыш етіп тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Термометр. Шартты белгілер . Адам көлеңкесінің суреті
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру. 1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:
- Адам өзіне қажетті заттарды, техника жасауды қайдан үйренеді?
- Табиғат заттарына ұқсайтын, адам жасаған қандай заттарды білесің?
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: «Ауа райы.»
а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.
ә) Термометр құрылысымен таныстыру.
Олардың темпаратурасы әр түрлі болатынын айту.(дала,су,үй)б) Ауа райының шартты белгілерімен таныстыру. Аспан ашық. Аспан ала бұлтты. Аспан тұтас бұлтты. Жаңбыр. Қар аралас жаңбыр. Қар. Тұман. Су бетіндегі қабыршық мұз. Қалың мұз.
Сергіту сәті.
«Тұстарды бағдарлау». Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.
ә) Тал түстегі көлеңкенің түсуіне қарап төрт тұсты анықтау..
б) Әр түрлі бағытта соғатын желдің белгіленуі.
- Солтүстіктен, Оңтүстіктен, Шығыстан, Батыстан соғатын жел.
Ү. Жаңа білімді бекіту: : «Ауа райы.»
1. Ауа райының температурасын өлшейтін құрал не деп аталады?
2. Термометр құрылысын әңгімеле.
3. Ауа райының шартты белгілерін айт.
«Тұстарды бағдарлау».
1. Мына белгілерге қарап ауа райын ауызша айт.
2. Айналадағғы дүниеде неше тұс бар?
3. Олар қалай аталады?
ҮІ. Сабақты қорытындылау: - Біз нені білдік? - Не үйрендік?
ҮІІ. Үйге тапсырма,
VІІІ. Бағалау.
Дүниетану мерзімі: ---------------
Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері.
Сабақтың мақсаты:
1. Жыл мезгілдерімен таныстыру.
2. Әр мезгілде өлі табиғатта болатын өзгерістерді бақылау.
3. Жыл мезгілдері туралы алған білімін тереңдете түсу.
Сабақтың көрнекілігі: «Жыл мезгілі» сурет
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: - Айналадағы дүниеде неше тұс бар? Оларды ата.
- Тұстарды тал түсте қалай бағдарлайды?
Ауа райы шартты белгілерін еске түсіріп пысықтау.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: а) - Бір жылда неше мезгіл бар? Олар қалай аталады?
- Жыл мезгілдерінің басты ерекшеліктері қандай?
ә) Төрт мезгілде өлі табиғатта болатын өзгерістер туралы айту.
б) Белгілері бойынша әр жыл мезгілінің ауа райына тоқталу. Сергіту сәті.
Ү. Жаңа білімді тексеру. - Бір жылда неше мезгіл бар?
- Күз,қыс, көктем, жаз мезгілдерінің ерекшеліктері.
- Ауа райы қалай өзгереді?
- Көктем көрінісі мен жаз көрінісін салыстыр.
(Жаздың табиғаты жайында әңгімелеу).
в) Жұмбақ шешу
Көктемде келіп, күзде кетеді,
Жазда бауда әндетеді. (Бұлбұл)
Еш тесікке тұрмайды,
Ол жоқта жер қурайды. (су)
ҮІ. Сабақты қорытындылау:
- Балалар бүгін біз нені білдік?
ҮІІ.Үйге тапсырма.
VІІІ. Бағалау.
Дүниетану мерзімі: ---------------
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік топтары.
Сабақтың мақсаты:
1. Өсімдік тобы туралы түсінік беру.
2 .Өсімдіктерді қорғауға баулу.
3. Өсімдік туралы білім-білік дағдыларынқалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: - Бір жылда қанша мезгіл бар?
- Олар қалай аталады?
Жыл мезгілдеріне байланысты жұмбақтар шешу.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: а) Түсіндіру.
- Табиғатты нелер құрайды?
- Аспан,ай, күн,жұлдыз, тау, тас, көл ағаш бұта, аң, құс.
- Табиғат нешеге бөлінеді? Тірі табиғатты ата.
- Өсімдік ,жануар, адам.
- Өлі табиғатты ата
- Жер, су, ай, күн, жұлдыз, ауа, күннің жылуы, жарығы.
- Ендеше өсімдік табиғаттың бір бөлігі екен.
- Өсімдіктерді үш топқа бөлеміз. 1. Ағаш 2. Бұта 3. Шөп.
Өсімдіктер орманда, далада, тауда да, суда да өседі.
Сергіту сәті.
Ү. Жаңа білімді тексеру. - Өсімдіктер қайда өседі?
- Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?
- Ағаштың бұтадан айырмашылығы неде?
- Біздің жерімізде қандай өсімдіктер өседі?
ҮІ. Жаңа білімді бекіту. Жұмбақ шешу.
Үйі де жоқ Ыстықта да,
Күйі де жоқ Суыққа да
Бірақ Шын шыдайды
Жауыннан да, Шешуін айта ғой,
Дауылдан да Балалар білсін жайды.
Қымсынбайды. (Өсімдіктер)
ҮІІ. Сабақты қорытындылау:Балалар ,бүгін біз не жайында білдік?
ҮІІІ. Үйге тапсырма.
ІХ. Бағалау.
Дүниетану мерзімі: ---------------
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік мүшелері.
Сабақтың мақсаты:
1. Өсімдік мүшелерімен таныстыру
2. Өсімдік туралы білімін дамыту.
Өмімдік мүшелерін ажырата білуге үйрету.
3. Ұқыпты, байқағыш етіп тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Өсімдік мүшелері туралы суреттер.
Оқыту әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: - Өсімдік қайда өседі?
- Өсімдік қандай топтарға білінеді?
Ойын жүргізу: «Кім зерек?».
1- топ өлі табиғат заттарын,
2- топ тірі табиғатқа нелер жататынын айтады.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: - Балалар, өсімдік мүшелеріне нелер жатады?
а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру, көрсету.
- Кез келген өсімдіктің мүшелері болады. Ағаштың сабағын «дің» дейді.
- Өсімдік топырақтың, тамырдың, сабақтың көмегімен қоректенеді.
Сергіту сәті.
Ү .Білімді тексеру. - Өсімдік мүшелеріне нелер жатады?
- Өсімдік қалай қоректенеді?
- Өсімдік тіршілігіне не қажет?
ҮІ. Жаңа білімді бекіту.
1. Үйеңкі мен итмұрын, қайың жапырақтарын салу.
2. Өсімдікті қалай танып білетінімізді әңгімеле.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау: - Біз не жайында білдік?
ҮІІІ.Үйге тапсырма.
ІХ. Бағалау.
Дүниетану мерзімі: ---------------
Сабақтың тақырыбы: Шөп текті өсімдік мүшелері
Сабақтың мақсаты:
1. Шөп текті өсімдік мүшелерімен таныстыру.
2. Ұқыпты, байқағыш етіп тәрбиелеу.
3. Өсімдік туралы білімін дамыту, сөз қорын молайту.
Сабақтың көрнекілігі: Өсімдік мүшелері туралы суреттер.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру. 1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: - Өсімдік қайда өседі?
- Өсімдік қандай топтарға бөлінеді?
- Өсімдіктің неше тобы бар? Өсімдік мүшелерін ата.
- Өсімдік тіршілігіне не қажет?
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ. а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру, көрсету.
Кез келген өсімдіктің мүшелері болады. Ағаштың сабағын «дің» дейді.
Өсімдік топырақтың, тамырдың, сабақтың көмегімен қоректенеді.
Сергіту сәті.
Ү. Білімді тексеру. - Өсімдік мүшелерін ата. - Өсімдік қалай қоректенеді? -Желайдар, селеу, жусан өсімдіктерінің суретіне қарап әңгімеле.-Ағаштың, бұтаның, шөптің мүшелері туралы айт.Өсімдіктің топырақ арасындағы мүшелері
ҮІ. Жаңа білімді бекіту. Жұмбақ шешу.
Дауылға нық күші
Ағаштың мықтысы.(емен)
Жазда жинайды,
Қыста жайрайды. (жапырақ)
Шөлде гүлдейді, құлпырады
Суда өмірі қырқылады. (сексеуіл)
ҮІІ. Сабақты қорытындылау: - Біз не жайында білдік?
ҮІІІ.Үйге тапсырма.
ІХ. Бағалау.
Дүниетану мерзімі: ---------------
Сабақтың тақырыбы: Жеміс.
Сабақтың мақсаты:
1. Жеміс туралы түсінік беру.
2. Ұқыпты, байқағыш етіп тәрбиелеу.
3. Өсімдік тобы, мүшелері туралы алған білімін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Өсімдік жемісі туралы суреттер.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру. 1. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тапсырманы пысықтай отырып, білімдерін пысықтау.
ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру:
Шөп текті өсімдіктердің мүшелері туралы әңгімелеу.
ІҮ. Жаңа сабақ: а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру, көрсету.
Өсімдік жемістері алуан түрлі болады. Бидай жемісі масақта орналасады.
Оны « дән» деп атайды. Жүгері жемісі собағына орналасады. Жүгері жемісі
де «дән». Ал қарағайдың жемісі - бүр. Еменнің жемісі -жаңғақ. Таңқурайдың
жемісі-жидек. Жеміс гүлден пайда болады.
ә) Оқушыдарға тізбектей оқыту.
Сергіту сәті.
Ү. Білімді тексеру. - Өсімдік жемістері қандай?
- Ол қайдан пайда болады?
ҮІ. Жаңа білімді бекіту.
- Танымайтын өсімдіктерді жеуге болмайды. Кейбір жемістер улы болады.
а) Әр жемістің атын атау. ә) Жемістің суретін салу. б) Тәжірибе жасату.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау: - Біз не жайында білдік?
ҮІІІ. Үйге тапсырма.
ІХ. Бағалау.
Дүниетану мерзімі: ---------------
Тақырыбы: Тұқым
Мақсаты: 1. Тұқым өсімдіктің қандай мүшесі екенін түсінеді.
2. Тұқым түрлерін салыстырады.
3. Тұқым таралу жолымен танысады.
4. Табиғатты қорғауға аялауға үйренеді.
Сабақтың әдісі: Көрнекілік, сарамандық, түсіндірме
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Суреттер, тұқым түрлері, жемістер.
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Өткенді қайталау.
Саңырауқұлақ теру ойыны.
1\. Тапсырмалары. а/ Өсімдік топтарын ата.
ә/ Өсімдік өсуі үшін қажетті жағдайларды ата.
б/ Жеміс өсімдіктің қандай мүшесі?
2/ Жеміс тақырыбы бойынша түсінгенін айту
3/ Қорыту жұмысы
Жеміс өсімдіктің адамға, малға, жан-жануарға азық болатын бөлігі.
Өсімдік жемістерін салыстыру.
ІІІ. Қызығушылық ояту.
Суретпен жұмыс а) Өсімдік мүшелерін атату.
ә) Тамыр сабағы жапырағы, гүлі, жемісі.
ІV. Жаңа мағынаны таныту.
- Барлық өсімдік өсіп жетілген уақытта өзінің жемісін береді.Өсімдік
жемістері жемістер, көкөністер, дәнді дақылдар деп бөлінеді. Жемістер
көрмесі. Өсімдік жемістері әртүрлі болады. Асқабақ, шие, алма, қияр,
жүзім, өрік т.б.
Сарамандық жұмыс (мұғалім жасайды).
а/ қияр, алма, асқабақты кесу. Тұқымына тоқталу
ә/ Дала өсімдіктерінің тұқымын көрсету. Тұқымдар көрмес.і
Тұқымдар әр түрлі болады:
(ірі,ақ,көп шырынды,бірнеше,жалғыз,жеңіл, талшықты,жабысқақ,тікенекті)
Суретпен жұмыс
а/ Жеңіл талшықты тұқымдардың таралу жолы
ә/ Жабысқақ тікенекті тұқымдардың таралу жолы
б/ Тұқымдарды құстардың таратуы
в/ Жеміс-жидек, көкөніс, дәнді дақылдың тұқымынан таралу жолы
Сарамандық жұмыс. Топ бойынша жасау.
(Оқушылар жасайды. Қорытынды айтады).