7


'Көмектес септік' 4-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Көмектес септікСабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды көмектес септігімен таныстыру. Өз бетттерімен жұмыс істеуге одан әрі машықтау. Жалпы зат есімнің септіктерін толық меңгертіп, бекіту.2.Есте сақатау қабілетін, ой шапаңдығын дамыту. Сауатты, таза, каллиграф
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Көмектес септік

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды көмектес септігімен таныстыру. Өз бетттерімен жұмыс істеуге одан әрі машықтау. Жалпы зат есімнің септіктерін толық меңгертіп, бекіту.

2.Есте сақатау қабілетін, ой шапаңдығын дамыту. Сауатты, таза, каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдыландыру.

3. Әдептілікке, білімділікке баулу. Патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: СТО, Кубизм.

Сабақ барысы: 1.Психологиялық дайындық.

Үлкенгеде сіз, Сәлем береміз сіздерге,

Кішігеде сіз. Құрметпенен біз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

341-жаттығу Қайың, сүт,Жайық сөздерін шығыс септігіне қойып сөйлем құрау.Шығыс септігінің сұрағын, жалғауларын,сөйлемде қандай мүше болатынын сұрап, алдынғы сабақта алған білімдерін бекіту. Дәптерлерін ауыстыру.

Сұрақ-жауап: 1.Зат есімнің септік жалғаулары дегеніміз не?

2. Зат есімнің септелуі дегеніміз не?

3. Шығыс септігінің сұрағы, жалғаулары қандай?

4. Қазақ тілінде неше септік бар? Атап шық.

Жаңа сабақ: Көмектес септік.

342-жаттығу. Жұмбақты слайдпен тақтаға шығарып оқыту. Жатқа жаздыру, тақтамен тексеру. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.

Қай септікте тұрғанын анықтау.

Ережемен таныстыру: Көмектес септіктегі зат есімдер кіммен? Немен? Деген сұрақтарға жауап береді. Көмектес септік жалғаулары: -мен,-бен,-пен.

Сергіту сәті. Күн ортақ, ай ортақ, жақсы ортақ. Жылы лебіздер айту.

343-жаттығу. Тақтамен жұмыс. Оқушыларға сөйлемдер жазғызу.

Көмектес септікте тұрған сөздерді тауып, астын сызу.

346-жаттығу. Ауызша талдау. Мақалдарды оқып, мағнасын ашу. Сөйлем мүшесіне талдау, көмектес септіктегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықтау.

  1. Желмен жарыспа, көлеңкеңді қума.

  2. Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір.

  3. Таспен ұрғанды, аспен ұр.

346- жаттығу. Өз бетімен жұмыс. Берілген сөздерді көмектес септігіне қойып, сөйлем құрау. Көмектес септіктегі сұрақ қою, қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтау.

Тай- таймен, білім- біліммен, еңбек- еңбекпен.

«Кубизм» Қайрақ -сөзін куб лақтыру арқылы септеу

«Тест» Зат есімнің септелуіне байланысты сұрақтарға жауап алу.

Тексеру.

347-жаттығу. Терме диктантын алу.Мәтіннен көмектес септігіндегі сөздерді теріп жазу.Сұрақ қойып олардың жалғауларын анықтау.

Бір оқушыға қайта оқытып ,мазмұнын ашу.Мәтінге ат қою.

Алатау туралы қысқы олемпиада ойындары туралы мағлұматтар беру. Суреттер қарау.

Сабақты қорыту. СТО технологиясы бойынша «Топтастыру»

  1. Көмектес септігі қай сөз табынан жасалады?

  2. Жалғаулары қандай?

  3. Сұрақтарын ата.

  4. Неше септік бар?

Мақтау -мадақтау. Оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасы: 345-жаттығу.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал