- Учителю
- Открытый урок '4 санын қосу және азайту'
Открытый урок '4 санын қосу және азайту'
Жамбыл обылыс, Талас ауданы, Қаратау қаласы
А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
Сембекова Макпал
Сабақтың тақырыбы: 4 санын қосу және азайту
Мақсаты:
Білімділігі:10 көлеміндегі санға 4-ті қосу және саннан 1-ді азайту тәсілімен
оқушыларды таныстыру.
Дамытушылығы: ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын арттыру.Ойлауын,
танымдық қабілетін,белсенділігін,шығармашылық қабілетін арттыру.
Тәрбиелігі:оқушыларды мақсатқа жетуге,ұйымшыл болуға,әдептілікке тәрбиелеу.
Түрі:«Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісіндегі саяхат сабақ.
Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын,өзіндік және ұжымдық жұмыс,
салыстыру,талдау,жинақтау.
Көрнекілігі:интерактивті тақта,слайд,сандар қатары,үлестірмелі сандар мен
дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Психологиялық дайындық
2.Қызығушылықты ояту.«Мақта қыз бен мысық»ертегісін айтқыза отырып, тапсырмаларды орындату.
II.Үй тапсырмасын тексеру.1.Сиырдың тапсырмасы.
1.Оқулықтағы №4 тапсырма. Өрнектерді салыстыру.
2+4*6-1
3+5*10-2
4-1*2+3
5+1*9-2
4+3*9-3
8-0*1+7
2.«Үйшіктегі» сандардың құрамын табу.
III.Жаңа сабақ.2.Ағаштың тапсырмасы
-Ағаштың тапсырмасына мысыққа мен де көмектесіп жіберейін.
Көрнекі құралдың көмегімен 4 санын қосу және азайту тәсілін түсіндіру.
Тиіннің орманнан жинаған 4 жаңғағы бар еді.Ол тағы 4 жаңғақ тауып
алды.Тиінге жаңғақтарды қосуға көмектес.
4+4=8
Енді тиін жаңғағының 4-еуін баласына берді.Қалған жаңғақты санауға
көмектес.8-4=4
Оқулықпен жұмыс.3.Қыздардың тапсырмасы.
№1 тапсырма.«Доминодағы» суретке қарап теңдіктер құрастыр және
оқы. Дәптерге жаздыру
4+4=8
5+4=9
6+4=10
8-4=4
9-4=5
10-4=6
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып,бір тұрып,
Сергіп алайық.
4.Дүкеншінің тапсырмасы
№2 тапсырма.Сандар қатарының бойымен 3 сан аттай отырып, тура және кері бағытта санаудың үлгісі және соған сәйкес жазуға қарап әртүрлі мысалдар келтіру.
5.Тауықтың тапсырмасы.
№4 тапсырма. Қызыл және көк кесінділердің ұзындықтарының қосындысын жасыл кесіндінің ұзындығын салыстыр.
1.Кесіндіні өлшеу
2.Қызыл және көк кесіндінің қосындысының ұзындығын табу.
3.Ол кесіндіні жасыл кесіндімен салыстыру.
Қызыл кесінді-4см,жасыл кесінді-6см,көк кесінді-3см.
4см+3см=7см
4см+3см˃6см
7см˃6см
Сергіту сәті:
Бала,бала,балақан,
Қане,қайсы алақан.Сайсақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Екі қолды қосқанда,
Болады екен он саусақ.
6.Тышқанның тапсырмасы.
Өзіндік жұмыс.№5 тапсырма. Есепті шығар.
Шарты: Оқушылар 3 түп өрік ағашын және 4 түп шие ағашын отырғызды.
Сұрағы: Оқушылар барлығы неше түп ағаш отырғызды?
-Есеп не туралы?
-Не белгілі,не белгісіз және нені табу керек?
-Есепті шығару үшін қандай амал пайдаланамыз?
Шешуі: 3+4=7 (т.а.)
Жауабы: барлығы 7 түп ағаш
-Енді мысық келген жолмен қайтады.Сонымен ол мақта қызға келгенде,оның да тапсырмасы бар болып шықты.
IY.Бекіту.Мақта қыздың тапсырмасы
-Санды 4-ке арттыру үшін сол саннан неше сан аттап санаймыз?
-Саннан 3 сан тура аттай отырып санағанда сан нешеге артады?
-Саннан 3 сан кері аттай отырып санағанда сан нешеге артады?
Тура және кері үш сан аттай отырып сана.
Y.Қорытындылау.
-Бүгінгі саяхат сабағымыз ұнады ма?
-Саяхат сабағымыз санға нешені қосуды және азайтуды үйрендік?
YI.Бағалау.