7


ҚОсудың қасиеттері (2 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Математика 2 сынып

Тақырыбы: Қосудың қасиеттері
Мақсаты:
Білімділігі: өрнектерді және олардың мәндерін салыстыру барысында қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері туралы қорытынды жасау; кестелік қосу және азайтуға қатысты білімдерін бекіту.
Тәрбиелігі: ұйымшылдыққа, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, ойын, деңгейлік тапсырма
Түрі:аралас сабақ
Типі: дамыта оқыту
Көрнекілігі: ,кесте, дидактикалық материалдар, интерактивті тақта


Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Психологиялық дайындық
Амандасу рәсімі. Оқушылар :

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба көк аспан!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

Мұғалім :

Балалар - гүлім менің,

Балалар - күнім менің.

Балалар - нұр сыйлайтын

Шуақты күнім менің!

«Жымия білген адамның жаны сұлу», «Артта - өкініш, алда - үміт! Өкпең бар ма? - Ұмыт!» деп Қадыр Мырза Әлидің әсерлі сөзімен сабақ бастайық!
3. Көркем жазу 14, 24, 34, 44, 54, 64, 74, 84, 94.

Бұл сандардың ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

4. Ой ширату

«Үндемес» ойыны арқылы оқушылар берілген сұрақтың тек жауабын жазып көрсетеді

ü5 бірлік пен 1 ондықтан тұратын сан 15

üЦифрлары әртүрлі ең үлкен екі таңбалы сан 98

üМен ойлаған саннан 8-ді азайтқанда 9 шықты 17

üАзайғыш 32, азайтқыш 30 болғанда, айырманың мәні нешеге тең? 2

ü16 -дан 5 пен 2-нің қосындысын азайт 9

ü18-ге 5 пен 2-нің қосындысын қос 25


5. Жаңа сабақ. Қосудың қасиеттері

а) Сурет бойынша жақшалы өрнектер құрастыру арқылы қосудың терімділік қасиетін пысықтау. № 1 есеп


ә) Теңдіктерді салыстыру арқылы қосудың терімділік қасиеті сипатталады

б) Қосудың терімділік қасиетіне сәйкес тиімді тәсілді таңдауға болатыны түсіндіріледі. Сондай-ақ екі амалды есептерді шешу кезінде де тиімді тәсілді пайдалануға болады деген қорытынды жасалады.

6. Бекіту № 4

Қиып алды - 6 ү және 4 ш

Бояды - 3 ф

Қалды -? ф

1- тәсіл (6 + 4) - 3=7 2-тәсіл (4+6) -3 =7 3-тәсіл 4 + (6-3) =7

Ж: 7 фигура қалды.

7. Сергіту сәті
Қарашы, балақай,

Ақылды тақтаға

Сергіп бір қаласың,

Би биле тоқтама.

Экранға қарап би қимылдарын айнытпай қайталау

8. Өзіндік жұмыс

Кестеге сәйкес төрттік мысал құрастыру

Мысалы, 2+9 9+2 11-2 11-9 8+3 3+8 11-3 11-8

9. Сәйкесін тап

Дұрыс жауапты дәлелдей білуін талап ету

10. Логикалық тапсырма

· Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастағанда, оның неше бұрышы болады? Жауабы: 5 бұрышы болады.

· Дәу тоғыз қабатты үйдің 3-қабатында тұрады. Бір күні ол жоғары қабатта тұрғысы келіп, үйді төңкеріп қойды. Дәу енді нешінші қабатта тұрады?


12. Рефлексия

- Бүгінгі сабақта не білдің, не үйрендің?

- Өзіңді-өзің қалай бағалайсың?

üбарлық тапсырманы өзім дұрыс орындадым

ü кей тапсырмада қате жібердім

üтапсырманы орындау маған қиын болды


13. Үйге тапсырма

6-тапсырма, 87- бет Бірліктері 6-ға тең екі таңбалы сандарға 5-ті қосу және азайтумен тексеру



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал