7


  • Учителю
  • 'Асыл мұра' курсының бағдарламасы 4 сынып

'Асыл мұра' курсының бағдарламасы 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

Шідерті жалпы орта білім беретін мектебі

Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі


ҚАРАЛДЫ:

әдістемелік бірлестігінің

отырысында


«___»_______________

КЕЛІСЕМІН:

оқу ісінің меңгерушісі

«___»_______________

«___»_______________

БЕКІТЕМІН:

Мектеп директор

А.К.Кусаинова


«___»_____________

«___» ____________

«Асыл мұра» курсының

бағдарламасы

(4 сынып)


Құрастырушы: бастауыш сынып мұғалімі

Камина Акбала Қанатбекқызы


Түсінік хат

Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш 4- сыныбына арналған бағдарламасы. Бағдарлама мемлекеттік білім стандартының негізіне сүйене отырып жасалған.

Оқу жоспарында көрсеткендей бастауыш буында «Әдебиеттік оқу » курсын оқытуға бөлінген уақытты ( 4 - сыныпта, аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат) ескере отырып, дайындалған бағдарлама. Оқу материалдардың мазмұны маусымдық - тақырыптық принципке құралған. Бастауыш сынып математикасы бүгінгі талапқа сай «Әдебиеттік оқу» курстарына қосымша білім беруге бағытталған.

Бұл бағдарлама 4 кластарға арналып жасалып отыр. Яғни, халық ауыз әдебиеті арнайы сабақ ретінде оқылатын болғандықтан, балаларды халық педогогикасы үлгісінде тәрбиелеуге септігін тигізеді - ау деген көркем шығарма түрлері беріліп отыр. Олар халық ауыз әдебиетінде ең алғаш пайда болған өлең, жыр, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал,ертегілер, т.б. Бұл оқушылар үшін беріліп отырған шығармалардың көлемі шағын, оқуға да, тыңдауға да жеңіл, ойнақы әсерлі де тартымды.

Оқу процесінде пәннің алатын орны ерекше. Біріншіден балалардың ойын ұштап, қиялына қанат беріп, әдемілікке, әсемдікке ғана тәрбиелеп қоймайды, сонымен бірге тапқырлыққа, шешендікке баулиды. Сөзді дұрыс, анық айту үшін, тілді жатықтырға түрлі жаңылтпаштар рөл атқарса, өз бетімен ойлануға, баланың ой - өрісін кеңейтуге жұмбақтар елеулі септігін тигізеді. Шығармашылық ойын шыңдап, көркемдік қиялын дамытады.


Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі

Шідерті жалпы орта білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Камина Ақбала Қанатбекқызының

4 - сыныпқа арналған

«Асыл мұра» бағдарламасына



РЕЦЕНЗИЯ


Ұсынылып отырған «Асыл мұра» бағдарламасы «Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» және жалпы орта білім беретін бастауыш сыныпқа арналған оқыту бағдарламасына негізінде 4 - сынып оқушыларына арнап жасалған.

Ұсынылып отырған бағдарламаның түсінік хат, пікір, пайдаланған әдебиеттер тізімі берілген.

Оқу материалының мазмұны маусымдық - тақырыптық принципке құралған. Бастауыш сынып математикасы бүгінгі талапқа сай «Әдебиеттік оқу» курстарына қосымша білім беруге бағытталған.

Оқушының ойын ұштап, қиялына қанат беріп, әдемілікке, әсемдікке ғана тәрбиелеп қоймайды, сонымен бірге тапқырлыққа, шешендікке баулиды. Сөзді дұрыс, анық айту үшін, тілді жаттықтыруға түрлі жаңылтпаштар рөл атқарса, өз бетімен ойлану, баланың ой - өрісін кеңейту басты мақсатты көздеген.

Сондықтан бұл құрал бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдеріне жұмыс істеу үшін өте тиімді және маңызды.

Бастауыш сынып мұғалімдеріне қолдануға ұсынылады.

2013 жылы «---------» -------------------------


Бағдарламаның мақсаты:

Дұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгерту, оқушыны шығарма авторының көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде тәрбиелеу, көркем-шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің барлық түрін жетілдіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен рухани-адамгершілік тәрбие беру.

Бағдарламаның міндеттері:

  • оқу сапасын (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп) жетілдіру;

  • ауыз әдебиетінің жанрларымен, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру;

  • ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармаларының басты тақырыбын, басты кейіпкерлерін және негізгі мазмұнын айқындау;

  • адамгершілік және эстетикалық құндылықтар жүйесі негіздерін қалыптастыру;

  • оқылған шығарма сюжеті ізімен немесе еркін тақырыпта әртүрлі әдеби шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең, әңгіме құрастыру, мәтінді сахналау, мәтін бойынша сурет салу, мақала жазу, шағын үзіндіге сценарий жазу т.б.) орындауға машықтандыру;

  • әдеби функционалдық сауаттылыққа баулу және әдеби тілде еркін сөйлеуді меңгерту;

  • тұлғалық оқырмандық мәдениетін қалыптастыруда ана тілінде ауызша және жазбаша дұрыс сөйлеу, өз ойын анық (тіл байлығын арттыра отырып), нақты баяндау білігі мен дағдысын қалыптастыру;

  • кітап және анықтамалықтармен, библиографиялық әдебиеттер және сөздіктермен жұмыс істей білуге дағдыландыру.


Күтілетін нәтиже:

  • Әр оқушы мемлекеттік білім стандартын игереді;

  • Оқушылар «әдебиеттік» пәнінің мазмұны арқылы танымдық және комуникативтік іс-әрекетке, өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу, сондай-ақ ата-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық болмысты жалпы адамзаттың мәдени мұралармен үндестіру арқылы тұлға ретінде қалыптасады;

  • Оқушының ақыл - ойы, интелектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапалары дамиды;




Оқушының дайындығының міндетті (минимум)

деңгейіне қойылатын талаптар


Халық ертегілері мен әдеби ертегіні айыру;

- оқыған жұмбақтардың мазмұнын түсіну. Сол жұмбақтардың шешуін табу.Жұмбақ құрастыра білу;

- жаңылтпаштарды жаңылмай айтып, үйренуге дағдылану;

- мақал мәтелдегі негезгі ойды таба білу;

- шығарма кейіпкерлеріне олардың іс-әрекеттерімен мінез құлқына сүйене отырып мінездеме беру;

- көркем шығармаларды мәнерлеп оқу;

- шығарманы, оның жеке бөлімдерін ауызша және жазбаша мазмұндау;

-Тұрмыс салт жырларының түрлерін білу.

- Көркем шығарманы мәнерлеп оқу;

- оқылған шығарманың немесе жеке бөлімдерінің жоспарын жасау;

- оқыған шығарманың негізгі кейіпкерлерінің іс- әрекеттері негізінде сипаттау;

- бесік, тұсау кесу жырларындағы өлеңнің құрылыс ерекшеліктерін айыра білу дағдылары;

- жырларды түсініп оқып, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік икем дағдылары қалыптасу;

- мәтіннен кейіпкерге берлген мінездемені табу;

- шығарма тақырыбы мен идеясын ашу;

«Асыл мұра» бағдарламаның күнтізбелік жоспары

/Аптасына - 1 сағат, барлығы 34 сағат /

р/с

Тақырыбы

Сағ/саны

күні


1 тоқсан

І.Кіріспе Жырлар

9сағат


1

Бесік жыры

1


2

Тұсау кесу жыры

1


3

Қобыланды батыр

1


4

Ер Тарғын

1


5

Қабанбай батыр

1



ІІ.Тұрмыс- салт жырлары



6

Малдың баласын сүюі

1


7

Төрт түлік

1


8

«Әнші төлдер»

1


9

«Қасқырдың қойшыға айтқаны»

1



ІІ тоқсан



1

«Ақылды тентек» әңгіме

1


2

Наурыз өлеңдері

1


3

Бата

1



Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақалдар.

7 сағат


4

Жаңылтпаштар

1


5

Жұмбақтар

1


6

Мақал- мәтел

1


7

Халық даналығынан

1



ІІІ тоқсан

10 сағат


1

Өтірік өлеңдер

1


2

Жұмбақ, мақал құрастыру

1



ІІІ. Аңыз әңгімелер



3

Қорқыт туралы аңыз

1


4

Асанқайғынаң Жерұйықты іздеуі

1


5-6

Әбу- Насыр Әл- Фараби

2


7

Алдар Көсе мен Шықбермес Шығайбай

1


8

Қожанасыр әңгімелері

1



ІҮ.Шешендік сөздер



9-10

Жиренше шешен

2



IV тоқсан

8 сағат


1-2

Төле би мен Әйтеке бидің шешендік сөздері

2


3-4

Сырым батыр

2


5

Ү. Мысал өлеңдер

Екі теке

1


6

Бидай мен қаңбақ

1


7

Ауырған арыстан

1


8

« Екі дос » ертегі

1



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Ш.Ахметов. Өтірік өлең.

  2. А.Байтұрсынов. Ақ жол.

  3. Б.Адамбаев,Т.Жарқынбекова.Ел аузынан

  4. Шешендік сөздер.

  5. «Балаларға базарлық» жинағы

  6. Дала көркі мал.1986ж

  7. Өзіміз оқып үйренеміз.1991ж

  8. Бастауыш мектеп.

  9. Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасы.

  10. Ақ сандық, көк сандық.1988ж

  11. Ж.Адамбаева,Ш.Жұмағұлова. Тіл дамытуды тексеру.

  12. Иленбаева Б.К Мен адаммын.

  13. Мақал-мәтелдер жинағы

  14. Ертегілер







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал