7


  • Учителю
  • Презентация тақырыбы 'Бастауышым- балбұлағым'

Презентация тақырыбы 'Бастауышым- балбұлағым'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негізі болып қаланатынына көз жеткізу.

2.Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу.

3. Білім берер ордасы- мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:«Бастауышым-балбұлағым»слайд . Қанатты сөздер мен тақырып, шарлар, гүлдер,баннер.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол - 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.

Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бір мұрат.

Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -

дегендей, бұл да бір қуанышты күн.

«Бастауышым-балбұлағым» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4 сынып оқушыларын ортамызға

(Музыкамен оқушылар ортаға шығады).

Мектеп директоры Жахин Рүстем Жанатайұлына құттықтау сөз беріледі.

Оқушылардың таныстыру өлеңдері


Аружан:

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі

Аружан атты сымбатты қызың ардақтап,

Бар пейілмен сіздерге басын иеді.

Ануар:

Өсті талап-талғамым,

Көп нәрсені ұғындым

Маңғазданып, аз сөйлер

Ануар деген ұлыңмын.

Зейнеп:

Тез үйрендік әділ мен адамдықты

Жирендік, ажырыттық жамандықты

Ата-анамның қуанышы Зейнеппін,

Дақ салмайтын елімнің мен даңқына.

Әнел:

Өнеріне халқымның бас иемін,

Тыңдап өскен бабалар өсиетін,

Мен-Әнел деген қыз инабатты

Қадірлеген елінің қасиетін

Жанерке

Жанерке қызбын өнерлі,

Ойға өнер жинаған

Меңгерген бар білімді

Аламын тез тіліңді

Толғанай

Төртінші сынып қызы мен боламын,

Есімім Толғанай,тегім Камеш.

Қоштасып ұстазыма алғыс айтып,

Болашаққа қадам басып мен барамын.

Мұғалім:

Армысыздар жас достар

Болашаққа жол бастар.

Білім деген ғажаптың

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Қоштасу тойын бастайық,

Ән мен биге басайық.

Өнерімізді көрсетіп,

Құрметіне бұл тойдың.

Би мен шашу шашайық.

Вальс: «Соңғы қоңырау»

Көрініс: (Атасы мен немересінің әңгімесі)

Зейнеп:

-Ата, ата, арман деген не?

Ата:

-Арман дегеніміз - ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді депті қарт.

Ата:

- Дос табу оңайма?

:Зейнеп

- Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.

Ата:

-Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың.

Ата:

-Үйдегі алтын қазығың кім?

:Ануар

- Ата, үйдегі алтын қазық…

Ата:

- Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана - ақылшың, әке - қамқоршың, ағаң - қорғаушың, інің - сүйенішің, қарындасың-қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем, - депті қарт.

Ата:

- Өмір сүру үшін не қажет?

:Толғанай

- Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет.

- Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су - тіршілік, от - өмір, тұз - дәм, қыз - сән, ақыл өмірдің нәрін береді.

Ата:

-Адамға ақыл беретін кімдер?

:Жанерке

- Ата, ана тілі ғой ақыл беретін.

Ата:

-Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата - ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзі ақылдан басталады, - депті қарт.

Зейнеп:

-Балалар, айтыңдаршы, мұғалімдер осы бізді қандай қалыпта көргілері келеді?

-«Мұғалімдер бізді осылай көргісі келеді»(қолдарын үстелге қою)

- Аналарымыз ше ?

-Аналарымыз былай көргісі келеді (сыпыру)

- Әкелеріміз ше ?

-Әкелеріміз мынаны қалайды, көргісі келеді (маңдайларын керіп,қарындарын сипау)

-Сыныптастарымыз мынаны көргісі келеді (қолын жүрегіне қойып, жүректерін ұсыну)

Ән: «Бала тілегі» Ануар ,Әнел

«Ойлы болсаң озып көр» ойыны.

7 сұрақ

1.Етістік дегеніміз не?

2.Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата

3.Масса бірліктерін ата

4. 82 нешеге тең?

5. ҚР өз тәуелсіздігін қашан жариялады?

6. ҚР Ел таңбасының авторларын ата

7. Ұлы Отан соғысының батыр қыздары кімдер?

Мұғалім: -Балалар, ненің суреті шықты.

- Жетіқарақшы

- Осындағы Темірқазықтың қандай пайдасы бар екенін сендер жақсы білесіңдер.

Адасқан адам аспандағы Темірқазыққа қарап, солтүстікті анықтаған екен, ендеше қазақ тілінен алған білімдерің сендердің өмірлеріңнің Темірқазығы болсын.


Көрініс: КВН

«Біздің сынып»

Кездескенде халайық қоштасуда,

Сәлемдесе салайық ән салғанда.

Айналайын жайнаған мектебімнен

«4-сынып» оқушылары біз боламыз .

Қайырмасы:

Қызыл гүлдер - ай, қазақ жері - ай,

Қызықтырдың - ай, бар әлемді - ай.

Аппақ гүлдер - ай, «біздің сынып» - ай,

Сыбызғыдай сызылтып, ән саламыз - ай

Біз Мортықта тұрамыз гүлдей жайнап,

Мөлдірейді көзіміз, нұры ойнап.

Бүгінгі күн қоштасу бастауышпен

Құтты болсын айтамыз қуанышпен - ай!

Қайырмасы сол.

Анекдоттар

«Тілші мен әншінің әңгімесі»(Әнел-Толғанай)

-Сайлауға барып дауыс бердіңіз бе?

-Жақында жеке концерт бермекші едім, даусымды соған сақтап жүр едім.

«Құрбылар әңгімесі»(Аружан-Зейнеп)

- Аружан кеше мен теледидардан арыстандар туралы көрдім. Олар әбден тойып алып, күніне 15 сағат ұйықтайды екен.

- Е - е олар да сен сияқты екен ғой...

«Сыр шерткен құрбылар»(Жанерке-Анель)

- Жанерке, енді менің бетіме безеу шықпайтын болды.

- Қалайша?

Бос орын қалмады.

Ата-аналардың құттықтау сөзі

Паппури

Ата-аналарға сұрақ

-нашар оқитын оқушы сөмкесіндегі ұнамсыз зат (күнделік)

-сабақ білмейтін балаларға жаймен не беруге болады? (подсказка)

-мектептегі басты адам (оқушы)

-мұғалімдер күні тойланатын ай (қазан)

-Мектеп өмірінде директордың өзі оған бағынады, ол не?(қоңырау)

-Қалам мен карындаштың үйі (пенал)

-Әріптері жиыны (алфавит)

-Балалар білім алатын жер (мектеп)

-Бұрышсыз фигура (шеңбер)

-Түнгі жарық (ай)

Әкелер туралы ән(Ануар)

Көрініс:Өнерлі бала. Қатысушылар:3 бала,3 ана, қария кісі.

Қолдарында шелектері бар үш әйелдер демалуға отырады.

Толғанай:Менің ұлым ән салғанда бүкіл жұрт аузын ашып тыңдап қалады. Керемет өнерлі ұлым бар.

Зейнеп:Әй соны да айтасың ба? Менің ұлым спортты жанындай сүйеді. Өзі шымыр қолымен жүріп, баспен айналғанда барлық жұрт өнеріне таң қалады.

қария: Сен неге үндемейсің?

Жанерке: Менің баламның ешқандай өнері жоқ.

Үш бала жүгіріп келеді. 1-бала айқайлап ән салады. 2-бала секіріп түрлі нәрселер көрсетеді.

Анель: Анашым саған көмектесейін деп шелегін алып кетіп қалады.

Толғанай: Ата қайыссымыздың баламыз өнерлі?

Ануар: Мен өнерлі бір-ақ баланы көрдім. Ол анасына көмектескен бала.Ол Пайғамбарымыздың хадисіне лайықты іс атқарды. Бүкіл адам баласы аналарына көмектесуі керек деп жазылған хадисте.Өнерлі бала анасына жаны ашыған бала дер едім.

Ұялған әйелдер төмен қарап кетіп қалады.

Ән: Ана туралы Жанерке

Мұғалім:

Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,

Ұстаз-ғалым толастамас мәңгі ісін.

Тыншымайтын асыл жандар аяулы,

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр-түрлі номинациялармен Сіздерді марапаттаймыз.

«Қамқор және мейірімді» номинациясымен бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі Султанова Сәуле Ержанқызы марапатталады.

Зейнеп:

Анамдай мейірімді құшақ ашып,

Тұрасыз Сағира апай амандасып.

Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп,

Барамын болашаққа қадам басып.

«Ұлағатты ұстаз»номинациясымен бастауыш сынып мұғалімі Кульмагамбетова Сағира Шакуалиқызы марапатталады.

Жанерке:

Кемшілікті кезінде

Кесіп айтар өзіне.

Өнеге мол өзінде,

Өсиет көп сөзінде.

Көңіліңнің хошын-ай,

Көп шәкірттің досындай,

Ақ ниетті кең пейіл

Сауле апай осындай.

«Инабатты» номинациясымен даярлық топта бізге білім беріп, ең алғаш қалам ұстауды үйреткен және орыс тілі пәнінің қыр - сырын үйреткен ұстазымыз Сандуғаш апай марапатталады.

Толғанай:

Сөз сөйлесе жарқын - ақ,

Күніміздей жарқылдап,

Қызық өтіп сабағы,

Өсіреді ой-сананы.

Біздермен ойнап күледі,

Сырымызды біледі.

Қасымызда қашан да,

Сандуғаш апай жүреді.


Алғыс айтады түлегі.

Ануар: «Алтын қалам» номинациясымен орыс тілі пәні мұғалімі марапатталады.

Кейде жайлы мінезіне қызығасың,

Кейде ашусыз мінезіне табынасың.

Күліп жүрер үнемі Зауреш апай,

Жан жүрегін қашанда ұғынасың.

«Шығармашыл ұстаз» номинациясымен Динара Кенжебекқызы марапатталады.

Бастауышта талай шәкірт оқытып

Шәкіртіне бәрін берді, аямады,

Әзілі бірге жүрер өзіменен

Динара апай қашып кетсек аямады.

А: «Баға жетпес, өнегелі» номинациясымен біздің сынып жетекшіміз Г.К марапатталады.

Көрмеген артық күліп, артық жүріп,

Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.

Қоштасамыз біз бүгін, Ғайни апай,

Шәкірттердің алғысын айтып тұрып.

Мың алғыс жолдаймыз түлектер атынан.

Ән: «Ұстазым»

Соңымыздан еріп келе жатқан 3 сынып оқушыларына білім кілтін табыс ету оқу үздігі Калкашев Дамирге тапсырылады.

3 сыныптың құттықтау сөзі

Аягоз:

Не жетеді көңілдің байлығына,

Мойындатар еңбегімен жұртты мына

Ізбасары ниеттес боп қолын бұлғап,

Сәттілік тілеп тұр ғой сіздерге кеп.

Жандос:

Бос жіберме ешқашан уақытыңды,

Аялай біл ақылың жақұтыңды.

Келешктеел сыйлар азамат боп,

Болашақтан табыңдар орын мықты

Мадалия:

Қуаныш көп болуда сүйікті елде

Ақылды адам - бәрінен биік пенде.

Болашағың жарқын болсын өмірде,

Жұлдызың болсын әр кез биіктерде.

Дамир:

Риза болшы ұстаз қауым ардақты

Шәкірт жүрек сізге арнау арнапты

Жылдар жылжып, айлар зулап өтсе де

Бастауышты орта буын жалғапты.

Алан:

Ақырын жаймен жүретін

Жымиып ақырын күлетін.

Әдеппен бәрін сыйлайтын.

4 - сынып жарадың!

-Мерекелерің құтты болсын!

Анель: Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар, мәңгі талай жылдарға.

Зейнеп: Бастауышым- балбұлағым ,

Алдым сеннен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

Толғанай: Бастауышым- балбұлағым

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшар тау қыраның.

Жанерке:Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым- бал бұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Зейнеп ән

Ұстаз тілегі:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,

Тек сәттілік - шәкірттерім ертеңіңе - дей келе бүгінгі мерекелік іс-шарамызды аяқтаймыз.Назарларыңызға көп рахмет!

Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал