7


  • Учителю
  • Step by step технология бойынша ашық сабақ әзірлемесі Дүниетану пәні 3 сынып

Step by step технология бойынша ашық сабақ әзірлемесі Дүниетану пәні 3 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Тау жыныстарыСабақтың түрі: қайталау.Мақсаты: 1. Оқушылардың пайдалы қазбалар және олардың түрлері туралы білімдерін тиянақтау, олардың қолданылуы мен топтары туралы түсініктерін тереңдету.2.Оқушылардың тілін, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, Қ
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Тау жыныстары

Сабақтың түрі: қайталау.

Мақсаты:

1. Оқушылардың пайдалы қазбалар және олардың түрлері туралы білімдерін тиянақтау, олардың қолданылуы мен топтары туралы түсініктерін тереңдету.

2.Оқушылардың тілін, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, Қазақстанның пайдалы қазбалар картасымен жұмыс істеуге үйрету.

3.Табиғат ресурстарына ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, энциклопедия, шартты белгілер, «Пайдалы қазбалар» топтамасы, кестелер, суреттер, атлас.

Сабақтың әдіс-тәсілі: орталықтарда жұмыс істеу, жұппен, топпен.

Технология: «Step by step», «7 модуль» элементтері


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі 7 мин

1. Амандасу (психологиялық дайындық) 1мин

Шеңбер болып тұрайық

Қолымыздан ұстайық.

Сәттілік тілеп сабақта

Көңілді де болайық.

2. Топқа бөліну (дүниетану, ғылыми-ізденіс, шығармашылық, сарамандық). 2 мин

3. Үй тапсырмасын тексеру 4 мин

«Ыстық орындық» ойыны

  • Қандай тау жыныстары болады?

  • Пайдалы қазбалар деген не?

  • Тау жыныстары қандай күйде болады?

  • Қатты тау жыныстарын ата.

  • Сұйық тау жыныстарын ата.

  • Пайдалы қазбалар нешеге бөлінеді?

  • Адам пайдалы қазбаларды қалай пайдаланады?

  • Пайдалы қазбаларды не үшін ұқыпты жұмсау керек?

  • Оларды қорғау үшін не істеу керек?

ІІ.Негізгі бөлім 29 мин

1.Қызығушылығын ояту

Ребус ( тау жыныстары) 1 мин

- Бүгінгі сабақта біз орталықтарда жұмыс істейміз. Сендердің алдарыңда орталықтар мен сол орталықта істейтін тапсырмалар жазылған маршруттық парақтар бар (Спикерлер маршруттық парақтарды алып өз топтарына таратады. Олар аттарын жазады).

2. - Орталықтарда жұмыс тәртібін түсіндіру.

1. Дүниетану орталығы 7 мин

Орталықтағы 59-61 бет оқу.

А) Кестені жұптасып толтыру.

Ә) Тұжырым шығару

2. Ғылыми-ізденіс орталығы 7 мин

Қосымша мәліметпен танысу

А) Энциклопедия 40-41 бет, оқу, талдау.

Ә) Шартты белгілерді кескін картаға жұптасып толтыру.

Тұжырым шығару.

3. Шығармашылық орталығы 7 мин

Эссе жазу. «Біз үшін пайдалы қазбалардың маңызы»

Бір-бірін тыңдап, ең жақсы эссені оқу.

4. Сарамандық орталығы 7 мин

Пайдалы қазбалармен танысып, қасиетіне қарай топтастыру.

А) Семантикалық карта толтыру.

Ә) Тұжырым шығару.

- Орталықтарда жұмыс істегенде біз қандай ережелерді жадында сақтаймыз!

  • Топпен жұмыс істегенде сыныпта шу болдырмау үшін керегінше қатты сөйлеу, бірақ айғалау болмайды.

  • Балалардың арасындағы қашықтық "тізеге тізе тигізердей" болу керек.

  • Үштік тәртібі: "Үшеуден сұра, сосын менен" (ең алдымен топтағы жолдастарыңмен ақылдас, содан кейін мұғалімнен)




ІІІ. Рефлексия: 11 мин

1. Сызба толтыру 3 мин

2.Тест 3 мин

1. Пайдалы қазбаларға ... жатады:
а) темір кенінен алынған металл

ә) тау жынысы
б) техника бөлшектері
в) жер қыртысының қатты бөлігі.
2. Тығыз тау жынысы:
а) құм және цемент
ә) мұнай, газ
б) гранит
в) құм және саз.
3. Борпылдақ тау жыныстарына ... жатады:
а) құм және цемент
ә) мұнай, газ
б) гранит
в) құм және саз.
4. Пайдалы қазбалар 3 негізгі топқа бөлінеді:
а) пайдалы, пайдасыз, жарамсыз
ә) жанғыш, кенді, кенге жатпайтын
б) бағалы, құнсыз, жанатын
в) металл, тау жынысы, «қара алтын».
5. Кенді пайдалы қазбалар:
а) мұнай, газ
ә) темір, алюминий

б) таскөмір, мыс

в) әктас, құм, саз.

Тест кілттері: 1. Ә 2.Б 3.В 4. Ә 5. Ә

Бағалау: "5"- қатесіз

"4"- 1 қате

"3"- 2 қате

3. Бағалау: Спикерлерге сөз беру 2 мин

4. Үй тапсырмасы: 1.Қазақстанның кен орындары туралы мәлімет жинап келу. 1 мин

2. Үй ішіндегі, ауладағы заттарға қара. Сенің ойыңша, қай жерде қандай пайдалы қазба қолданылған? Егер атын білмесең, ересектерден көмек сұра.

5. «Кері байланыс» - «Екі жұлдыз, бір тілек» 2 мин

№ 25 жалпы орта білім беру мектебі


Сабақтың тақырыбы: «Тау жыныстары»

Сынып: 3 «Е»

Мұғалім: Ташкенбаева Г.К.

Павлодар, 2014 жыл





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал