7


  • Учителю
  • Разработка урока по Әдебиеттік оқу 4- сынып по теие 'Абай. Сабырсыз, арсыз, еріншек'

Разработка урока по Әдебиеттік оқу 4- сынып по теие 'Абай. Сабырсыз, арсыз, еріншек'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: А. Құнанбаев « Сабырсыз, арсыз, еріншек»
Мақсаты: 1. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен танысады , өлеңнің негізгі идеясына ашуға үйренеді.Абай өлеңдерін терең меңгереді,мәнерлеп жатқа айтады.
2. Көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіреді, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтады, жаттығады. Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік беріледі, шығармашылық жұмыс жасау арқылы таным-түсініктерін, сөйлеу мәдениетін дамытады.
3. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулынады адамгершілік құндылықтарын бағалай білуге тәрбиеленеді.Топта жұмыс істеуге, ұжымдасуға үйренеді.
Түрі: Танымдық сабақ
Типі: Жаңа білімді меңгерту
Жаңа технология: Дамыта оқыту. СТО әдістері
Әдіс - тәсілдер: талдау, әңгімелеу, сұрақ - жауап, топпен жұмыс , Инсерт, бес жолды өлең,Венн диаграммасы

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, қима қағаздар, плакат, фломастер
Сабақтың өту барысы:
Аффирмациялармен жұмыс жасау: Баяу музыка қойылады
- Мен өзіммен достасқан әлемде өмір сүремін!
- Менің айналамда сүйкімді адамдар өмір сүреді, олар маған әрқашан көмектеседі!
- Мен өз күшіме сенемін.
- Мен бұл өмірдің ең тамаша кереметтеріне лайықпын және оны қуанышпен қарсы аламын!
- Мен не қалаймын, соның барлығына қол жеткіземін!
- Мен өзімнің ғажайыптарымды осы қазір жасаймын!
- Өмірдің барлық жақсылықтары мен үшін!
- Мен күннен күнге күшті болып келемін!
- Менің оқуым күннен күнге жақсарып келеді!
- Менің барлық армандарым орындалады!
- Мен бәрін дұрыс жасайтыныма сенімдімін!
- Мені бәрі жақсы көреді!
- Осындай жүрекке жылы тиер жұмсақ сөздермен өз - өзімізге деген сүйіспеншілігіміз бен сенімімізді арттыра отырып сабағымызды бастайық.

Мына фигураларды алу арқылы топқа бөлінеміз

Әр топ өз топ басшысын сайлайды және бағалау парағын алып топ мүшелерін бағалап отырады

Үй жұмысына шолу- Өткен сабақта кімнің әңгімесімен танысқан едік?
- Әңгіме кім туралы?
- Әңгіме неге «Орындалған арман» деп аталған?
- Әңгіменің басында «Үлкен той болады»деп қандай тойды айтып отыр?
- Ал, енді үй тапсырмасына дайындықтарыңды тыңдап көрейік.
«Менің арманым» эссе жазып келу

Семантикалық картамен жұмыс

І. Қызығушылықты ояту кезеңі
Үнтаспадан Абайдың әнін тыңдату
- Балалар мынау қандай ән? Кімнің әні?
- Дұрыс айтасыңдар.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз»- деген үзінді аталарыңның қай өлеңінен алынған?
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңі кімнің есінде? Кім жатқа оқып бере алады?
ІІ. Мағынаны тану
1. Абай әлеміне саяхат

- Енді Абай әлеміне аздап саяхат жасап көрейік.
Бүгін біз, балалар, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңімен таныса отырып, көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдымызды жетілдіреміз, оқып түйгендеріміз туралы ой қорытындысын жасаймыз

Әр топқа Абай Құнанбаев өмірінен мәлімет таратылады. Оқып Инсерт кестесін толтыру тапсырылады

Инсерт әдісі

V

Білемін

+

Бұл маған жаңалық

-

Бұл мен білгеннен өзгеше

?

Білгім келеді







2.«Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі. Кітаптарын аштырмай тұрып өзім тақтадан оқып беремін.
- Балалар, енді тақтаға көңіл аударайық: Қандай сөздердің мағынасын түсіну қиын болып тұр?
- Бұл сөздердің мағынасын алтын сандықтан іздеп көрейік.
3.Сөздік жұмысы
Алтын сандықтағы сөздер:
Сабырсыз - шыдамсыз, төзімсіз
Қарама - қарсы мағыналы сөз - шыдамды, ұстамды, салмақты
Мысалы: Ол анасының келуін сабырсыздана күтті.
Көрсеқызар - қызыққой, еліктегіш
Мысалы: Сауысқан жылтыраққа құмар көрсеқызар еді.
Алауыз - береке - бірлігі жоқ, ынтымақсыз.
Қарама - қарсы мағыналы сөз - ауызбіршілігі мықты, ынтымақты, ұйымшыл, бірлігі жарасқан.
Мысалы: Тышқан мен мысық қашаннан алауыз болатын.
Күндейді - қызғанады.
Қарама - қарсы мағыналы сөз - тілегін тілейді, қуаныш - қайғысын бірге көтереді.
Мысалы: - Бірге жүрген достарын күндеген, көпшіліктен шеткері қалады.
Мертігеді - бір жері шығады, сынады
Мысалы: Өзі оңбай мертікті.
Міндейді - мін тағады, жамандайды
Мысалы: Тәрбиесіз жан досын да міндейді.
Жалмауыз - дүниеқоңыз, көзі тоймайтын
Мысалы: «Нағыз бір тойымсыз, жалмауыз екенсің!»- деді ренжіп.
Алтын сандықтағы сөздерді оқушылар біртіндеп алып оқиды, тақтаға іледі.
Сергіту сәті
4. Оқулықпен жұмыс
Кітаптарын аштырып, әуелі өз беттерінше іштерінен оқыту, тізбектей дауыстап оқыту

5. Өлеңнің идеясын ашу
- Өлеңде ақын адам бойындағы қандай қасиеттерді сынап тұр?
- Сабырсыздықты, арсыздықты, еріншектікті, күншілдікті, міншілдікті,
ұятсыздықты, ойсыздықты, ұрлықшылықты.....
- Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?
- Адамның жағымсыз мінез құлықтары
- Абай аталарыңның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен қандай жағымды мінез - құлықтарды тауып айтар едіңдер?
- Талапшыл, еңбекшіл, ойшыл, қанағатшыл, рахымшыл,....
- Екі өлеңнің ұқсастығы неде?
- Екі өлеңде де адам бойындағы мінез - құлықтар туралы айтады.
- Олай болса, бұл өлеңдердің негізгі ойы не туралы деп ойлайсыңдар?
- Адамгершілік туралы.
6. Топтық жұмыс
- Ия, Абай аталарың өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде ұрпағын жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа үйретуді мақсат еткен екен. Қазір біз осы отырған тобымыз бойынша жұмыс жасаймыз.
1 - тапсырма
І - топ: - Абай атаның осы екі шығармасынан адам бойындағы жағымды және жағымсыз мінез - құлықтарды жіктеп жазып, кестеге түсіріңдер. АДАМНЫҢ МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚТАРЫ
Жағымды
Жағымсыз
ІІ - топ: «Сабырсыз, арсыз, еріншек» шығармасына кешенді - сатылай талдау жасаңдар :
Шығарманың авторы:
Шығарманың тақырыбы:
Жанры:
Негізгі идеясы:
Шумақ:
Тармақ:
ІІІ - топ: Абай ата, оның біз білетін шығармалары туралы келесі топтарға сұрақ дайындаңдар.

Топтар жұмыс жасап жатқанда Абайдың бір әнін баяу қосып қою)
Екі топ жұмыстарын қорғайды, үшінші топ оларға сұрақ қояды.
- Міне, сендер мәтінмен жұмыс жасап болдыңдар, енді түйгендеріңнен ой қорытындысын жасайық

«Бес жолды өлең »құрастырып жаз

1-топ 2-топ 3-топ

Сөз өлең ән

ІІІ.Ой толғаныс

Венн диаграммасын толтыру
- Әрқайсысың өздеріңді қандай адам болуым керек деп ойлайсыңдар? (оқушылардың ойларын тыңдау)
-«Жақсы сөз - жан азығы» - дейді қазақ. Мына жүрекшені бір - бірімізге бере отырып, қандай адам болу керектігін білдіретін тілегімізді айтайық:
Жүрекше соңында мұғалімнің қолына қайтып келеді.
- Абай рухы - туған тілдің тірегі.
Абай рухы - қазағымның жүрегі.
Жыр маржаны жүрегіңді толқытып,
Намысыңды қамшыласын үнемі.- деп Абай аталарыңның шығармашылығына арналған бүгінгі сабақты аяқтаймыз

Бағалау, мадақтау
- Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Ұнаса үш рет қолымызды соғайық



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал