- Учителю
- 4-сынып математика Бір таңбалы сандарға көбейту және бөлу.
4-сынып математика Бір таңбалы сандарға көбейту және бөлу.
Бір таңбалы сандарға көбейту және бөлу.
Сабақтың тақырыбы: Ауызша көбейту және бөлу тәсілдері.
Мақсаты: көп таңбалы сандардың өтілген есептеу тәсілдерін бекіту; оқып-үйренген тәсілдерді меңгеру деңгейін анықтау және түзетулер жүргізу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.
Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 7.
ІІІ. Өткенді пысықтау: Зейінділік ойыны:
№ 1. Кестені толтыр. Есептеуді қалай тиімді орындауға болатынын ойлан.
а
200
15
6
120
b
30
30
40
5
с
5
9
100
15
d
4
2
4
3
( а + b +с) ∙d
940
108
584
420
ІҮ. Жаңа сабақ: 1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.
№ 2.(а). Қосындыны санға қалай көбейтуге болады?
(а + b) ∙ с = а ∙ с + b ∙ с
с ∙ (а + b) = с ∙ а + с ∙ b
қосындыны санға қалай көбейту үшін, әр қосылғышты сол санға көбейтіп, содан шыққан көбейтінділерді қосу керек.
(1 000 + 200 + 30 + 4) ∙ 2 = 1 000 ∙ 2 + 200 ∙ 2 + 30 ∙ 2 + 4 ∙ 2 = 2 000 + 400 + 60 + 8 = 2 468
1 234 ∙ 2 = 1 000 ∙ 2 + 200 ∙ 2 + 30 ∙ 2 + 4 ∙ 2 = 2 000 + 400 + 60 8 = 2 468
№(ә). Қосындыны санға қалай бөлуге болады?
(а + b) : с = а : с + b : с
Қосындыны санға бөлу кезінде әрбір қосылғыш осы санға бөлінетін болса, онда тиімді есептеу үшін әр қосылғышты санға бөліп, алынған нәтижені қосуға болады.
Түсіндіріп шығару.
(2 000 + 400 + 60 + 8) : 2 = 2 000 : 2 + 400 : 2 + 60 : 2 + 8 : 2 = 1 000+ 200 + 30 +4 = 1 234
1 234 : 2 = 617
Ү. Жаңа сабақты пысықтау: Есеп шығару: жұптық жұмыс.
№ 3. Түсіндіре отырып есепте. Көрсетілген теңдіктерді пайдалан.
4 ∙ 6 = 24 4 ∙ 6 000 = 24 000 7 ∙ 7 000 = 49 000 4 000 ∙ 8 = 32 000
№ 4. Есепті шығар.
Ш: 500 000 - 700 ∙ 2 = 500 000 - 1 400 = 498 600 Ж: арақашықтығы 498 600м.
Ш: (45 + 38) + 50 = 83 + 50 = 133 Ж: барлығы 133м
№ 5. Өздік жұмыс. Тіктөртбұрыш, шаршы сыз.
ҮІ. Бекіту. Шығармашылық тапсырма. № 7.
Ү. Үйге тапсырма: № 6. 53 - бет.
Бағалау