7


  • Учителю
  • Адамның азаматтық тұлғасы (7 класс)

Адамның азаматтық тұлғасы (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақ мақсаты: Жеке тұлғаның қоғам алдындағы әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін сыни көзқарас тұрғысынан сезінуге үйрету. Мемлекеттік тілге құрметпен қарап, өз елін мақтан ету сезімдерін тәрбиелеу.оқушыларға  жан тыныштғы бақыт құндылығының негізі екенін  ұғы
предварительный просмотр материала

Мерзімі: 12.01.15 ж Оқу ісінің меңгерушісі: Иванцова О. И______________ Асабаева З.Т._____________

Мектебі: кмм №4 хом Класс: 7 «а»; «ә»; «б»; Сабақ: 17

Тақырыбы: Адамның азаматтық тұлғасы

Құндылығы: Ішкі тыныштық

Қасиеттері: мейірімділік, адалдық, қайырымдылық, қанағат тұту, рахаттану, имандылық.

Сабақ мақсаты: Жеке тұлғаның қоғам алдындағы әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін сыни көзқарас тұрғысынан сезінуге үйрету. Мемлекеттік тілге құрметпен қарап, өз елін мақтан ету сезімдерін тәрбиелеу. оқушыларға жан тыныштғы бақыт құндылығының негізі екенін ұғындыру.

Міндеттері:

  • - Азаматтық тұлға, азаматық ұстаным ұғымдары туралы түсінік беру.

  • Азаматтық ұстанымдары мен көзқарастарын қалыптастыру.

  • Оқушыларды алдыларына саналы мақсат қойып, қоршаған ортамен саналы қарым -қатынас орната білуге тәрбиелеу.

Ресурстар: интерактивті тақта, оқушы дәптері, музыка т.б.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару. 5Т

  1. Тыныштық сәті «Күннің нұры»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Сабақ барысын талқылау


  1. Үй жұмысын тексеру

  • Алдыңа қандай мақсаттар қоясың?

  • Өмірдегі таңдауларың мен қызығушылықтарың қандай?

  • «Азамат» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Адамның бойында, азаматтың бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсыңдар?

  • Сенің ойыңша азамат болу үшін өмірде қандай құндылықтар мен қағидаларды, ұстанымдары басшылыққа алу керек?


Дәйек сөз
Джон Кеннеди

Ел мен үшін не істей алады деп сұрама, елүшін өзім не істей алам деп сұра.

  1. 2-рет қыздар, 2-рет ұлдар, 1-рет барлығы қосылып айту.


  1. Әңгімелеу

Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» шығармасын оқып береді. Мәтіндегі негізгі идеяны немесе түйінді сөздерді оқушыларға тапқызып, мағынасын талқылатуға болады.

  • Өлеңдегі «... Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала» деген жолды қалай түсінесіңдер?

  • Өздерің осы «Төрт ананы» сақтап, дамытуда қандай үлес қосып жүрсіңдер?

  1. Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс

Сөздер мен олардың анықтамаларын салыстырып, әрбір терминнің өзіне сәйкес келетін анықтамасын беріңдер:

Ұғымы

Анықтамалары

1 Азаматтық

А) Ақылдылық, ойлылық. Адамға ғана тән қасиет.

2 Азамат

Ә) Адамдарға деген ізгі ниет, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық.

3 Адамгершілік

Б) Адамның тұлғалық жақсы қасиеттерін танытатын ұғым

4 Кісілік

В) Адамгершілігі бар парасатты адам.

5 Саналық

Г) Ел үшін кісілік көрсетіп, борыш, міндет, парызын адал орындауы.

Жауаптары: 1-г, 2-в, 3-ә, 4-б, 5-а;


  1. Топпен ән айту.

Қ. Мырза Әлінің «Өз елім» өлеңін орындайды.

Келгенде көктемі

Көңілін гүл басқан.

Шырағы көктегі

Жұлдызбен сырласқан.

Өз елім менің -

Өзегім менің,

Жырыма қосып жүрегім.

Төрім деп менің

Жерім деп менің,

Соғады мәңгі жүрегім.

Қайырмасы:

Түлегі сендер,

Тілегі сендер,

Тірегі сендер сол елдің!

Назары сендер,

Базары сендер,

Ажары сендер сол елдің!

Ақ күмбез астығы

Асқар боп өрілген.

Жалынды жастығы

Жүлдені бермеген.

Өз елім менің -

Өзегім менің,

Жырыма қосып жүрегім.

Төрім деп менің

Жерім деп менің,

Соғады мәңгі жүрегім.

Қайырмасы


  1. Үй тапсырмасы

№ 18 сабақ

Оқушы дәптеріндегі 2 тапсырманы орындап келу


  1. Соңғы тыныштық сәті.

(Көзімізді жұмып, баяу әуен толқынымен сұлулық пен сүйіспеншілік үйлестіре отырып, жүрегімізден өткізейік.)

Сабақ аяқталды. Әр күндеріңіз сәтті болсын! Сау болыңыздар!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал