- Учителю
- Дүниетану пәнінен сабақ жоспары 3 сынып 'Мемлекеттік мерекелер'
Дүниетану пәнінен сабақ жоспары 3 сынып 'Мемлекеттік мерекелер'
Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік мерекелер
Мақсаты:
Мерекелердің түрлерімен және ол мерекелердің адам үшін маңызымен таныстыру, өмірмен байланыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер, постер.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, музыка, бейнелеу өнері.
Сабақ барысы
Психологиялық дайындық.
Қайырлы күн, балалар!
Күн жарқырап тұр, қараңдар,
Бәріміз бірге қуанайық,
Бәріміз бірге дос болайық!
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Топқа бөлу:
1-топ: Қазақтар (үзінді муз.билеу)
2-топ: Орыстар (үзінді муз.билеу))
3-топ: Өзбектер (үзінді муз.билеу)
II.Үй тапсырмасын тексеру. (Құрылыс басында.)
1-топ. Қалада жүргізілетін құрылыс жұмыстары.
2-топ. Ауылда жүргізілетін құрылыс жұмыстары.
3-топ. Ауыл мен қалада жүргізілетін құрылыс жұмыстарының ұқсастығы.
III.Жаңа сабақ.
Кіріспе
-
Оқушылар суретте қай кездегі кезең орындалып жатыр?
-
Олай болса мереке дегеніміз не?
-
Ендеше, бүгінгі біздің жаңа сабағымыз «Мемлекеттік мерекелер»
Жаңа сабақты жұппен оқып, алған білімдерін суреттер арқылы постерге іліп, жаңа сабақ бойынша әр топ білімдерін көрсетеді.
Тест жұмысы:
-
«Атқа мінгізу» салты баланың неше жасында орындалады?
А.5-6 жаста
Ә.бала дүниеге келгенде
Б.1-5 жаста
2.Құда танысу, сыңсу, беташар, шашу шашу қай кезде өткізіледі?
А. Бала дүнеге келгенде
Ә.Жастар үйленгенде
Б.Құрметті қонақтар келгенде
3.Отан қорғаушылар күні ?
А.1-мамыр
Ә.9-мамыр
Б.7-мамыр
4.Қай мерекеде еңбек адамына деген құрмет көрсетіледі?
А.кәсіптік мереке
Ә.отбасылық мереке
Б.халықтық мереке
5.Шапан қай кезде жабылады?
А.көмектескенде
Ә.құрметті қонақ келгенде
Б.бала мектепке барғанда
IV.Бекіту.
Тапсырма:
1-топ: 22- наурыз (ырым-тыйым, әдет-ғұрып)
2-топ: 9-мамыр 70-жылдыққа байланысты шығарма жазу
3-топ: Туған күн иелеріне тілек жазу.
-Ия балалар, бұлардың барлығын біз тойлап, атап өтеміз.
- Сонымен мерекелер қалай бөлінеді?
-Слайд көрсету.
VI. Бағалау.
VII.Қортындылау.
VIII.Үй тапсырмасы