7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Зат есімді қайталау

Сабақтың тақырыбы: Зат есімді қайталау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ибрагимова Тоты Жунусовна

бастауыш сынып мұғалімі

№56 мектеп-лицейі, Астана қаласы



Сабақтың тақырыбы: Зат есімді қайталау

Сабақтың білімділігі:

  1. Зат есім тақырыбынан алған білімдерін еске түсіру (зат есімді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету)

  2. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту.

Дамытушылық мақсаты:

Ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Тәрбиелік мақсаты:

Тілді аялап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабақ.

Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, түсіндіру, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: cуреттер, сызбалар, карточкалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа зейіндерін аудару. Оқу құралдарын ретке келтіру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ.Қызығушылығын ояту.

-Оқушылар! Біздің мектепте қандай мереке өтіп жатыр.

- Тілдер мерекесі.

- Олай болса, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Өйткені бәріміздің ана тіліміз- қазақ тіліне арналады.

Елбасы 1998 ж қаңтардың 20 күнгі жарлығына сәйкес 22 қыркүйек - «Қазақстан халықтарының Тілдер күні» болып, республика көлемінде аталып өтеді.

  • ҚР-дың Тілдер туралы заңынан үзінді:

4 бап. ҚР мемлекеттік тілі. «ҚР мемлекеттік тілі- қазақ тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру- әрбір ҚР азаматының парызы деп көрсетілген. Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады. Тілді құрметтеп, көздің қарашығындай сақтау- азаматтық парыз.

  • Кімдер «Тіл» мерекесіне арналған өлеңдер оқиды?

IV. Мағынаны тану.

Балалар, қазақтың қазақтығын танитын басты нәрсе не деп ойлайсыңдар?

Сабақтың тақырыбы: Зат есімді қайталауСабақтың тақырыбы: Зат есімді қайталауСабақтың тақырыбы: Зат есімді қайталауСабақтың тақырыбы: Зат есімді қайталауСабақтың тақырыбы: Зат есімді қайталау

Мемлекет

тіл

қазақ

орыс

Салт- дәстүр қырғыз







Енді осы сөздерге сұрақ қою. Қай сөз табына жатады?

Зат есім. Ендеше. Біздің бүгінгі сабағымыз зат есімді қайталау. Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз.

Көркем жазу минуты.

А А

аа аа

зат есім туралы білгенімізді есімізге түсірейік.

Т

Кім? Не? Кімдер? Нелер?оптастыру стратегиясы:

Сабақтың тақырыбы: Зат есімді қайталау

Заттың атын білдіретін сөз

Сабақтың тақырыбы: Зат есімді қайталауСабақтың тақырыбы: Зат есімді қайталауСабақтың тақырыбы: Зат есімді қайталауСабақтың тақырыбы: Зат есімді қайталауСабақтың тақырыбы: Зат есімді қайталауСабақтың тақырыбы: Зат есімді қайталау

Жекеше

Жалқы есім

Жалпы есім

көпше



















Кітаппен жұмыс.

1-жаттығу. Сөздерді оқып, зат есімдерді теріп жазу. Сұрақтар қою.

4- жаттығу. Ребустар шешу.

Ақтау. Орал. Зат есімнің қай түріне жатады? Осы қалалар туралы не білесіңдер? Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

Сергіту сәті.

Жоғары қарап ай көрдім,

Төмен қарап жер көрдім

Оңға, солға бұрылып

Егеменді ел көрдім.

Үш топқа сурет бойынша әңгіме құрастыру. Әр топтан бір оқушыға оқыту.

Шашылған сөздерден сөйлем құрастыру. Әр топтан бір оқушы шығады. Осы сөйлемдерді тақтаға жаздырту.

Бекіту.

Ойын: Пресс-конференция.

Ойынның шарты: тақта алдына үш орындыққа зат есімді зерттеп жүрген ғалымдар отырады. Қалған оқушылар журналистер болады. «Журналистер» «ғалымдарға» төмендегі үлгі бойынша сұрақтар қояды.

Қорытынды.

Эссе: «Мен қазақпын»

Бағалау.

Үйге тапсырма: ережелерді қайталау, 5- жаттығу















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал