- Учителю
- Тема Қыс айлары
Тема Қыс айлары
Көркем әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Қаңтар мен ақпан
Сабақтың мақсаты:
Қыс мезгілінің ерекшелігін балаларға түсіндіру.
Қыс мезгіліне деген қызығушылығын арттыру.
Табиғатты бақылауға, қорғауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.
Көрнекіліктері: Қыс мезгілінің суреттері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі неше айдан тұрады?
- Қыста қар неге жауады?
- Қардан не жасауға болады?
Дәптермен жұмыс: Ә. Табылдының «Қыс» өлеңін жаттау.
Жас ұланмын шыныққан,
Жасқанбаймын суықтан.
Қардан жасап аққала,
Сырғанаймыз шаттана.
- Сендерге аққала соққан ұнай ма?
- Аққаланы неден соғады?
- Ендеше аққала соғып көрелік.
Сергіту сәті: Қарды жинаймыз, дөңгелектейміз, тағы да біреуін дөңгелектейміз. Дайын қарларды бірінің үстіне бірін қоямыз. Қолын жасаймыз, көздерін, мұрнын, аузын жасаймыз. Мінекей, аққаламыз да дайын болды. (Қимылмен көрсетеді).
Қимылды ойын: «Қар жинау».
Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Ортада екі топқа да бірдей етіп қар үйілген. Берілген белгі бойынша шелекке қарды толтыру керек.
Дәптермен жұмыс: Жұмбақтың шешуін тап.
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(Қыс мезгілі).
Дидактикалық ойын: «Аққаланы құрастыр».
Ойын шарты: Қиып дайындалған аққаланың денелерін тақтаға апарып ретімен орналастыру керек. Балалардың көздері байлаулы болады. Ойын осылайша жалғасады.
Қорытынды:
- Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктері бар? - Қыс айында қандай мерекелер болады? - Қыс мезгілі несімен ұнайды? - Қардан тағы не жасауға болады?