7


  • Учителю
  • Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары: Ч, Щ дыбыстары Әдіскер: Жахметова Балжан Көшкінбаевна

Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары: Ч, Щ дыбыстары Әдіскер: Жахметова Балжан Көшкінбаевна

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән: Қазақ тілі

Сынып: 3 «Ә»

Әдіскер: Жахметова Б.К

Тәлімгер: Есмағамбет А.

Сабақтың тақырыбы: Ч, Щ дыбыстары.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға Ч, Щ дыбыстары туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

1.Білімділік: Оқушыларға Ч, Щ дыбыстарының дауыссыз екендігін, орыс тіліндегі сөздерде кездесетіндігімен, оның айтылу, жазылу

ерекшеліктерімен таныстыру.

2.Дамытушылық: Өз ойларын тиянақтап айтуға дағдыландыру, танымдық белсенділіктерін арттыру, шығармашылық жұмыс жасауға,

ізденуге үйрету.

3.Тәрбиелік: Логикалық ойындар арқылы оқушылардың ақыл - ой белсенділігін тәрбиелеу, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, шапшандыққа, еңбексүйгіштікке баулу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, әңгімелесу,ой қозғау,баяндау.

Сабақтың көрнекіліктері: тақырыпқа байланысты суреттер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Амандасу, өзін - өзі таныстыру.

-Сәлеметсіңдер ме оқушылар! Отырыңдар.Бүгінгі қазақ тілі пәнін мен беремін, аты - жөнім: Шохан Айсұлу Шоханқызы.

- Балалар, бүгінгі сабаққа белсене қатысқан оқушыларға сыйлығым бар.

ә) Психологиялық дайындық. (оқушылардың сабаққа деген дайындықтарына, көңіл-күйлеріне назар аудару)

Қуанамын мен де.

Қуанасың сен де.

Қуанайық бәріміз,

Арайлап атқан күнге.

II.Өткенді қайталау:

Үйге қандай тапсырма берілді?

  1. Ф әрпі бар сөздер тауып жазып келуге берілген, жазған сөздерінен бір, екі сөйлем құру.

  2. Ф қандай дыбыс?

  3. Ф дыбысы бар сөздерді топтастырып жаздыру.

  • Жарайсыңдар оқушылар! Өздерің сондай ақылды екенсіңдер. Үй тапсырмасын тексеру мақсатында қойған сұрақтарыма мүлтіксіз жауап бердіңдер. Сендерге сондай риза болып тұрмын. Олай болса сабағымызды жалғастырайық.

III. Жаңа білім беру.

Жаңа сабаққа байланысты жұмбақ шешу.

  1. Тіс кірлесе тазартар,

Киімнің кірін тазартар,

Бәтекенді жаңартар,

Бұл не? (щетка)

  1. Керегінді саласың,

Керек кезде табасың. (чемодан)

Енді осы сөздер қандай дыбыстардан басталып айтылып тұр?

  • Щ, Ч

  • Ендеше балалар, бүгінгі қазақ тілі пәнінен өтетін сабағымыз: «Ч, Щ дыбыстары » деп аталады.

Ойлан тап:

Берілген буындардан сөз құрап оқы. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра.















IV. Оқулықпен жұмыс.

  1. - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.

1.Қазір дүкеннен керекті затты чекпен төлеп алуға болады. 2. Борщ - көкөністерден жасалатын сұйық тағам. 3. Анна апай дәмді щи пісірді. 4. Бақтияр Артаев бокстан 27 - ші Олимпиада чемпионы атанды. 5. Менің көршімнің Чико атты тотықұсы бар. 6. Ақсу өзенінің суы тұщы.

- Ч, щ әріптері кездесетін сөздердің астын сыз. Осы сөздерді бірнеше рет дауыстап оқы.

- Ч, щ қандай дыбыстар?



Өздік жұмысы. Көп нүктенің орнына ч, щ әріптерінің тиістісін қойып, сөздерді көшіріп жаз.

Карто...ка, ...емодан, тұ...ы, бор..., ...ек, а...ы.





Ч, щ - қатаң дауыссыз дыбыстар.



Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымен жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар,

Үп-үлкен боп өседі.



б) Тақтамен жұмыс

Сөзжұмбақты шеш.

Бос торкөздерді ч,щ әріптері бар сөздер тауып жаз.

3 - жаттығу.

1.Сөздерді дұрыс оқып, көшіріп жаз.

Почта, чек, чемпион, карточка, щетка, плащ, участке.

2. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

Мысалы: Дүкеннен аяқ киім щеткасын сатып алдым.

Қазақ тілінде щ әрпі тек ащы, тұщы, кеще сөздерінде жазылады.

V. Жаңа білімді бекіту:

Дәптермен жұмыс.

4- жаттығу. Жұмбақты жатқа жаз.

Өзі ащы,

Бірақ

Дәмді етер асты. (тұз)

VI. Қорытынды:

-Бүгін біз қандай тақырыппен таныстық?

-Ч, щ қандай дыбыстар?

VII. Бағалау

- Жарайсыңдар оқушылар!Бүгінгі сабаққа қатысып отырған белсенділіктерің үшін, сендердің білімдеріңді бағалап, сыйлықтар таратайын. Осымен сабақ аяқталды, рахмет, сау болыңдар!

Үйге тапсырма.

Оқулықтың 31 - ші бетіндегі 3 - жаттығуды орындап келу.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал