- Учителю
- Менің сүйікті ісім-кітап оқу
Менің сүйікті ісім-кітап оқу
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ісім - кітап оқу.
Сабақтың мақсаты:
- 
    Білімділік. Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу. 
- 
    Дамытушлық. Тақырып бойынша сөздік қор қалыптастырып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. 
- 
    Тәрбиелік: Оқушыларды саналы еңбекке баулу және өз бетімен кітап оқуға үйрету. 
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, әр түрлі қарындаштар.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ-жауап, жеке жұмыс, ойын
Сабақтың барысы:
- 
    Ұйымдастыру кезені. 
Тіл дамыту кезеңі.
Қазір қай сабақ?
Қазақ тілі сабағында қай тілде сөйлейміз?
Аптаның қай күні?
- 
    Каллиграфиялық жазу. 
Кк кі, ке, кө, кү, кә
Кітап, күшік, кәмпит,көріңіз.
- 
    Модуль құрамын түсіндіру. Сабақтың мақсатын, барысын айту. 
Жаңа тақырып: Менің сүйікті ісім-кітап оқу.
Сөздік жұмысы
1. Жаңа сөздермен таныстыру.
Сүйікті ісім - любимое дело.
Кітапхана -библиотека
жақсы көремін - люблю
кітап дүкені - книжный магазин
оқу -читать
2. Оқушылар жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады.
3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.
- 
    Тапсырмалармен жұмыс. 
Тыңдалым
Оқылым
54б.
1-тапсырма.
Тыңдалымға берілген мәтінмен жұмыс жасау. Оқылым әрекетін жандандыру. Тапсырманы аударып түсіндіру.
Менің атым - Марат. Мен кітап оқығанды жақсы көремін.
Менің кітабым көп.
Кітап-жақсы дос.
54б
3-тапсырма
Тақырыпқа арналған сөйлем құрап үйренуге берілген тапсырмамен жеке жұмыс жасау.
- 
    Кітап. 
- 
    Екі кітап. 
- 
    Екі жақсы кітап. 
- 
    Екі жақсы кітап бар. 
- 
    Сергіту сәті 
55б.
4-тапсырма
Кітапханада болатын әңгімеге арналған сұрақ-жауаппен жұмыс жасау. Тапсырманы жеке жұмыс ретінде орындау
55б.
5-тапсырма
Қарындаштар туралы ертегіні мұғалімнің көмегімен оқу. Тақырып бойынша сурет салдыру.
Бірде жасыл, қызыл, сары қарындаштар кездесіп қалады. Ұзындықтары әр түрлі қарындаштар бір-біріне таңдана қарайды.
- 
    Мен бәріңнен ұзынмын, - деді қызыл қарындаш. 
Ал жасыл қарындаш:
- 
    Жапырақтарды жасыл түске бояй-бояй қысқарып қалдым,- деді. 
Сары түсті қарындаштар:
- 
    Біздің ұзындықтарымыз бірдей, - деді. 
- 
    Сабақты бекіту. 
- 
    Сабақты қорытындылау. 
- 
    Оқушылардың білімін бағалау. 
- 
    Үй тапсырмасын беру. 54б. 2-тапсырма. Мақалды жаттап келу. 


ҚАЗАҚСТАН СПОРТШЫЛАРЫ



Серік Сәпиев

ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ


Ольга Шишигина





