7


  • Учителю
  • Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары»

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Сыздықова Гүлнар Ануарбековна

4«а» сыныбы.

Оқушының саны - 15

Степняк қаласы Абай атындағы №2 қазақ орта

мектебі

Күні

4/11 2014

Сабақтың тақырыбы

«Ауа жердің қорғаны. Ауаны қорғау »

Көрнекілігі

«Ауаның құрамы» тірек сызба, Ауаның қасиеттері кестесі. Слайдтар, Бейнеролик,ЭОЖ.

SMART

Мақсаты


1.Оқушылар өмірде білетініне сүйене отыра ауаның құрамы және қасиеттері жайында білімдерін толықтырады.

2.Табиғат пен адам үшін ауаның маңыздылығын түсінеді.

3.Алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана алу үшін үйренеді.

Міндеттері

1. Оқушылардың қызығушылығын ояту.

2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру.

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау.

4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау.

Мұғалім үшін

1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу.

2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру.

3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену.

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау

3. СТО арқылы проблемалық сұрақтарды шешуге итермелеу.

Күтілетін нәтиже

Топтық жұмыстар негізінде оқушылар ауаның құрамы мен қасиеті жайында пікір алысады. Өз білімдерін дәлелдейді.

Сабақтың жүргізілуі бойынша мұғалімнің жазбалары:

Мұғалім немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Ұйымдастыру кезеңі ( 1 мин)

Мұғалімінің іс әрекеті

Оқушының іс­әрекеті

Психологиялық тренинг.

Мұғалім оқушылардың назарын сабаққа аударады. Сабақтың мақсатын хабарлайды.


Оқушылар адам,жануар,өсімдік болып топтарға бөлінеді.

Хормен Бүгінгі күн тамаша,

Кел тұрайық жараса.

Төрт топқа біз бөлініп,

Сабаққа қатысайық жарыса.


Қызығушылықты ояту ( 5 мин )

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Табиғат жайлы біз не білеміз?

  2. Табиғаттың қандай түрлері болады?

  3. Тірі табиғат үшін не қажет?

  4. Біздің тыныс алып өмір сүруімізге не себепші?

Оқушылар ойларын жинақтап,кезектесіп сұрақтарға жауап береді.

Миға шабуыл ( 3 мин )

Мұғалімнің іс-әрекеті

Жер бетінде көзге көрінбейтін сиқыршы бар.Онымен әркім әрдайым кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің,бірақ маңайыңда екенін сезесің.Ол кейде жылы,кейде салқын болады. Сені үнемі қоршап жүреді.

Өмірде одан мол ештеңе болмайды,

Құшақтасаң құшағың толмайды Ол не? (ауа) Балалар жалпы ауа сөзін естігенде ойларыңа не келеді?

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар алғашқыда ойларына келген ойларын дәптеріне жаза қояды.

Жауабы Ауа.


Мағынаны тану (3мин )

Мұғалімнің іс-әрекеті.

Кіріспе :Балалар шер шарының айналасын ауа қабаты қоршап тұр. Ол жер бетіндегі тіршіліктің көзі. Ауа жалғыз адам үшін ғана емес,жануарлар мен өсімдіктер тіршілігіне де ауа қажет.Ауа жерді күндіз қатты ысып,ал түнде қатты суып кетуден қорғайды. Мысалы күн сәулесі ауа қабатынан өткенде,зиянды заттардан тазарады.Ауа дегеніміз -әртүрлі газдардың қосындысы,яғни оттегі,көмірқышқыл газы және азоттан тұрады.Демек көлемі бойынша ауада 78 % азот,21% оттек,1 %инертті және басқа газдар. Ендеше сіздердің назарларыңызға бейнетүсірілімді ұсынамыз. ЭОЖ жіберіледі.

Оқушының іс-әрекеті


Оқулықпен жұмыс (10 мин)


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқулықтың 43-44 бетіндегі «Ауа жердің қорғаны.Ауаны қорғау» тақырыбын INSERT әдісі яғни түртіп алу арқылы оқимыз.


Оқушылар мәтінді мұқият оқып мәтінде кездескен жаңалықтарды табады.

Жеке,жұпта,топта талқылайды.

Сөздік жұмысы 2 мин

Атмосфера-

Бей берекет-

Ғаламшар-

Инертті газ сөздерінің мағынасын түсіндіру.


Деңгейлік тапсырмалар 5 мин


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ауаны зерттеу кестесін таратады.

Оқушылар кестені өз бетінше толтырады.


Құрамы

қасиеті

пайдасы

зияны

Ауа



Сергіту сәті (2 мин)

Мұғалім немен айналысады.

Оқушы немен айналысады.

Интербелсенді тақтаның көмегімен сергіту сәтін ұйымдастырады.




Саусақпен мұрын қысайық.

Әншіге біраз ұқсайық.

Әрбір сөздің дыбысын,

Қандай екенін ұғайық.

Топпен жұмыс


10 мин

Мұғалім немен айналысады.

Оқушы немен айналысады.

Оқушыларды жұмысқа бағыттайды

1-топ Ауа сөзіне бес жолды өлең құрастырады.

2-топ Ауаның ластануы.

3-топ Ауаны қорғау жолдары.

4топ Жасыл желек бағдарламасына үн қос.

Пікірталас



Рөлдік ойын

Оқушыларды рөлдік ойынға шақырады.

Әкесі: Ағаш та қалмапты ғой өзі!

Баласы: Әке бар ағашты өзіміз кесіп алдық қой

Әкесі:Е,міне,жалғыз қайың қалыпты ғой,соны кесіп алайық.

Баласы: Әке,ол әлі жас қой,әлі өссінші. Обал емес пе,табиғаттың сәні ғой.

Әкесі: Неменеге табиғатқа жаның ашып қалды? Заманның бізге жаны ашымағанда,табиғатты біз ойлауымыз керек пе? Отынға не жағамыз? Көп сөйлемей ұста араның арғы басын.

(Ақ қайыңды кесіп жатқанда құс ұшып келеді)

Құс: Тимеңдерші бұл қайыңға,бұзбаңдаршы менің ұямды

Әкесі:Мына құс қайтеді өзі шиқылдап,балам таспен ұршы

Баласы:Әке ол өз ұясын қорғап жүр ғой. Осы ағашты кеспей -ақ қояйықшы.

Әкесі:Өй,сен,көп сөйлемей ағашты кес.

Нәзік жүрек бола қалуын.Мәссаған!

Құс: (Сахнаға құлайды)

Ей,адамзат,ойланшы сен бір сәт қана,

Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына дала.

Ысырапсыз табиғаттың пайдаланып бар байлығын

Не қылады,не көреді артыңдағы ұрпағың?

Мен көрдім жас қайыңның құлағанын,

Бас ұрып қара жерге сұлағанын.

Сарғайып жапырағы өлімсіреп

Байғұстың кім тыңдайды жылағанын?!

1 топ Өсімдіктер атынан сөйлейді

2-топ Құстардың атынан сөйлейді

3-топ Адамдардың атынан сөйлейді.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

1.Ойлау керек орман жайын,ел жайын.

Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын.

Өзімізді асыраушы табиғаттай- ананы,

Азаматтық арыңменен аялауға тұр дайын.


2.Табиғат байлықьтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі-ауа.

Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,

Тіршілікте адам қымбат,сен қымбат.

Ал адамға ауа қымбат бәрінен

Ауа қымбат,алатұғын дем қымбат.


3.Осылайша табиғатқа бір қарап,

Табиғатпен сырласуда әдемі.

Жер-ананы аяласаң жан-тәнмен,

Боларсыңдар сендер де,дүниедегі ең әдемі.


4.Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,

Бір-бір ағаш және гүл егейік.

Текке отырмай сіздер мен біздер болып,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.


Хормен: Табиғат сені сүйеміз,

Басымызды иеміз!

Мұғалім: Ендеше балалар бір тал кессек,он тал егіп еліміздің табиғатын көркейтуге үлес қосайық деп отыра сабағымызды аяқтайық.

Бағалау

(2мин )

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бақылайды, бағалайды.

Алдарына берілген бағалау парақшасы бойынша,өздерін және өзара бірін -бірі бағалайды.


Оқушылардың алған әсерлері

Берілген стикерлерге өтілген сабақтағы көңіл күйлерін жазып смайликтерге жапсырады

Үйге тапсырма ( 2 мин )

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ауаны қорғау жолдары та0ырыбына эссе жазу.


Күнделікке жазады





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал