7


Қазақ тілі Етістік 2-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Етістік»

Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға етістік туралы толық мағлұмат беру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамытып, дербес жұмыс жасауға үйрету. Өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже Етістік туралы білімдерін нығайту

Көрнекілігі: сөзжұмбақ, плакат, үлестірмелі қағаздар

Сабақтың түрі: Дамытушылық

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап әдісі, өз бетімен жұмыс істеу.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сынып оқушыларын түгендеу.

- Үй тапсырмасының орындалуын қадағалап, бағалау..

ІІ. Ой шақыру

Сұрақ - жауап әдісі:

-Зат есім деген не?

- Зат есімнің қандай сұрақтарын білесіңдер?

- Жалқы есім деген не?

- Жалпы есім деген не?

- Кім? Кімдер? деген сұрақтар қай уақытта қойылады?

- Не? Нелер? деген сұрақтар қай уақытта қойылады?

- Зат есімнің жекеше түрі деген не?

- Зат есімнің көпше түрі деген не?

ІІІ. Жаңа сабақ

- Психологиялық дайындық

- Білімдерін жинақтау мақсатында: дидактикалық ойын ойнату

- "Тез ойла, сөз ойла" ойыны:

Не? Қоздайды

... құлындайды

... лақтайды

... боталайды

... бұзаулайды



Кім? Емдейді

... оқытады

... ұшады

... тігеді

Заттың атын білдіретін сөзді - зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: адам, адамдар, ағаш, ағаштар

Бүгінгі сабағымыздың ұраны:

Сөйлейміз, оқимыз, жазамыз,

Бәрін білуге ұмтыламыз!

Ендеше, осы ұранды ұстана отырып сабағымызды бастаймыз.

- Сәйкестендіру тестін орындаймыз: Адасқан сөздерді орнына қой.

Арыстан - боздайды

Түйе - ақырады

Жылқы - маңырайды

Қой - мөңірейді

Аю - бақырады

Сиыр - кісінейді



- Етістіктің ережесін жаттату

- Заттардың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді - етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? қайтті? не қылды? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: өсті, ойнады, сайрады.



І. Қызығушылығын ояту Тақтамен жұмыс

412-жаттығу. Сөйлем құрастыру, етістіктерді тізіп жазу, ережесін еске түсіру

Сергіту сәті:

Жұптық жұмыс

Сурет бойынша әңгіме құрап, етістіктерді тап.

413-жаттығу Жұмбақтарды оқып,шешуін тап.

Жазда қыдырады,қыста тынығады.

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады

ІІ. Ой толғаныс.

Кубизм стратегиясы:

Оқушыларға куб лақтырылады. Ол кубтың беттерінде сұрақтармен тапсырмалары бар.

- етістік дегеніміз не?

- етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

- етістіктерге мысал келтір

- оқыды - сөзін қатыстырып сөйлем құра

- барды - сөзін қатыстырып сөйлем құра

- биледі - сөзін қатыстырып сөйлем құра

- Өзіндік жұмыс

414- жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.

415 -жаттығу Ауызша жұмыс

- Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құра.

Қонды, жауды, жүзді, тасыды.

Мысалы: Қар қалың жауды.

416- жаттығу

- Берілген сөздердің ішінен етістікті тауып, етістік екенін дәлелде.

- Терме диктант

Жинады, айтты, сөйлесті, байлады.

Бағалау (түрлері)

- оқушының өзін - өзі бағалауы

өзін - өзі және достарын бағалау

Сабақты бекіту.

1. Қандай тақырыпта сабақ өттік?

2. Сабақта нені білдіңдер?

3. Етістік дегеніміз не?

4. Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

5. Мысал келтір

Үйге тапсырма: 137 бет 417 - жаттығу







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал