- Учителю
- Өмірлір сый өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ
Өмірлір сый өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ
Тақырыбы:Өмірлік сый
Мақсаты: «Бірлік» «Ынтымақ» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу және «достық» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: -Бірлік туралы түсінік беру; -Көпшіл болу іскерліктерін дамыту; -бір-біріне көмектесуге, бірілесіп еңбек етуге тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: Достық туы, қайық, «достық аралы», дельфин, өзен, лақ, құмырсқа илеуі, дәу қара тас, «таңбалы тас» суреттері.
Шаттық шеңбері: Оқушылар шеңбер құрып тұрады, Ө. Ақыпбеков Өзіңді тану өлеңін айту.
Жақсы болу өзіңнен Жақсылық көрсең біреуден,
Жаман болу өзіңнен. Мен қандаймын деп ?-деп ойла.
Өзіңді өзің ая да , Жамандық көрсең біреуден,
Өзіңнен үйрен ,өзіңнен. Мен қандаймын? -деп ойла.
Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңсің ақыл айнасы. .
Тиеді саған мәні бар,
«Өзіңді тану пайдасы.
Тапсырмалар:
-Ынтымақ, бірлік сөздерін қалай түсінесіңдер?Сыныпта қандай жұмыстарды бірлесе атқаруға болады?
- Егер сыныптағы қыздар екі топқа бөлініп жүрсе ,олардың бірге жүруі үшін сендер қандай әректтер жасар едіңдер ?
Мәтінмен жұмыс
Ырыс алды- ынтымақ (Аңыз )
Оқушылар аңыз әңгімені өздері оқиды .Мәтінге байланысты сұрақтар.
-Қария туралы не ойлайсыңдар?
-Қарияның тоғыз ұлы туралы не ойлайсыңдар?
-Қария балаларын қалай сынады ? Сендер қалай сынар едіңдер?
-Қария балаларына қандай ақыл сөздер айтты?
«Бірлік болмай, тірлік болмас»- деген халық мақалын талдау арқылы өзекті ойды нақтылай түсуіне көмектеседі.
Дәптермен жұмыс
Мақал -мәтелді талдау.Ребуста жұмыртқа, бала, көйлек, дәптер, үкі киім ілгіш суреттері берілген.
Шешуі: Жұмыла көтерген жүк жеңіл
Мақал мазмұнын қалай түсіндіруге болады ?
Сахналау
Б.Грасианнның ізімен жазылған « Өмірлік сый» атты шағын әңгімені апалы-сіңлі қыздардың диалогін сахыналау.сахыналау кезінде балалар ағайынды адамдардың арасында да бірлік болуы өмір сыйы екенін түсінеді.
-Апалы-сіңлілер неге үнемі керісе береді?
Сендер анасының орнында болсаңдар қалай жауап берер едіңдер?
-Апаларың мен ағаларың -өмірдің баға жетпес сыйы деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып , мақал -мәтелдерді аяқтау
1.Ынтымақ түбі -береке.
2.Бірлік , ынтымақ- байлық, бақ.
3. Татулық табылмас бақыт.
Адамдар арасында бірлік болса ,олар ынтымақта,тату-тәтті өмір сүреді.Өзәра сыйласып ,ұйымшылдық көрсеткен кезде ғана бірлікке қол жеткізуге болады..
Назар аударыңдар
Бүгінгі сабақтан алған білімдерін бекітіп, қорытындылау
Бірлік-ортақ істе ұйымшылдық көрсету.
Бірлік жанындағылармен тату өмір сүру.
Бірлік- өзгенің пікірімен санаса білу .
Бірлік -өзгенің де қамын ойлау, көпшіл болу.
Дәптермен жұмыс
Суретте берілген тасқа бірлік туралы жазыңдар.
Жүректен жүрекке
Қол ұстасып Ф. Оңғарсынованың « Тату доспыз бәріміз» өлеңін айту
Балалар қолдарын жаяды бата беріледі.
Өзін өзі тану пәні
2 сынып
Тақырыбы : « Өмірлік сый»