- Учителю
- Тақырыбы: «Ақыл-ой,жігер,талап серік болар жігітке» атты сайыс жоспары
Тақырыбы: «Ақыл-ой,жігер,талап серік болар жігітке» атты сайыс жоспары
Класс:4
Класс жетекшісі:Баймаханова Амангул Жанибековна
Тақырыбы:
«Ақыл-ой,жігер,талап серік болар жігітке»
атты сайыс жоспары
Мақсаты:Балалардың тапқырлық ,өнерпаздық, ойшылдық қабілеттерін ашу, эстетикалық талғамын дамыту, шығармашылық деңгейін, өз еліне , туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру , отанын сүйетін нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Сайыстың барысы:
1-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, жиналған қауым! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
2-жүргізуші:
Уа, халайық келіңіз, армысыздар!
Барлығыңыз есен-сау бармысыздар!
Бала деген өмірдің қызығы ғой,
Бала деген өмірдің жалғасы ғой,
Қызығын қызықтауға тоймаңыздар.
1-жүргізуші:
Благодар орта мектебінде 4 «А» сыныбы оқушылары арасында "Ұлыстың ұлы күні" Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ақыл-ой,жігер,талап серік болар жігітке» атты сайысына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Бүгінгі «Ақыл-ой,жігер,талап серік болар жігітке» сайысының ашылуын
4 «А» класс аруларының орындауында Наурыз мерекесіне арнаған «Наурыз әні» атты көңілді әнмен бастағымыз келіп отыр.
1-жүргізуші:
Жиналған мерекеге бүгін халық,
Қарасын біздің жаққа көзін салып.
Жігіттің сұлтандары келіп қалды,
Өнермен тапқырлығын қатар алып.
Ал енді алты кезеңнен тұратын сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін.
2-жүргізуші:
1-шарт:
«Сәлем-сөздің анасы» әр топ өдерінің ұранымен,эмблемасымен таныстырады
1-жүргізуші:
2-шарт:
«Жігітке жеті өнер де аз».Әр топ өз өнерін көрсетеді.
(Әр топтан фокус өнерін көрсету)
2-жүргізуші:
3-шарт:
«Бәрекелді,сайыпқыран» күш-білек сайысы.Гир көтеру
1-жүргізуші:
4-шарт:
«Көкірегі ояу,көзі ашық».Бір сөзден сөйлем құрастыру
2-жүргізуші:
5-шарт:
«Шеберлікті сүйеміз» үй тапсырмасы,яғни қолөнер бөлімі
1-жүргізуші:
6-шарт:
«Біз сәнденшек баламыз» сән үлгілерін көрсету
2 -жүргізуші:
Әділдікпен баға берер жігітке,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Нағыз жігітті талдап бүгін алуға-деп бүгінгі сайысымызға қазылық ететін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1-жүргізуші:
Ақыл,көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызға,
Жігіттер өздерін таныстырып өтеді.
Ең бірінші бөлім «Сәлем-сөздің анасы» деп аталады.
2-жүргізуші:
Ортаға «Қыран» тобын шақырамыз.
Жүргізуші:
Ортаға «Достар» тобын шақырамыз.
Жүргізуші:
Ортаға «Болашақ» тобын шақырамыз.
1-жүргізуші:
2 -бөлім: «Жігітке жеті өнер де аз»
Ал, кәнеки қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар.
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар,- деп келесі кезекті өнер бөліміне береміз.
2-жүргізуші:
Ортаға «Қыран» тобын шақырамыз.
«Жаяу» әнімен
Ортаға «Достар» тобын шақырамыз.
«Ақ сиса» әнімен
Ортаға «Болашақ» тобын шақырамыз.
«Тұлпарым» әнімен
1-жүргізуші:
Шын ер жеңсе-тасымас, жеңілсе жасымас,-деп,келесі 3-шарт «Бәрекелді, сайыпқыран» (күш, білек сайысы гир көтеру)
2-жүргізуші:
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек оқуменен білімге.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде саған қуана бер, күлімде, - деп,4-бөлім «Көкірегі ояу,көзі ашық».
Әр топ басшылары мына жерден бір сөз таңдап алады да,сол сөзден шығатын
негізгі ойы бар бір сөйлем ойластырады.Кімнің тобы жүйрік екенін байқайық.
Ортаға үш топ оқушыларын шақырамыз.
1-жүргізуші:
Өзінің алғырлығын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығым қылық.
Келесі бұл сайыстың жоспарында,
Түседі бәсекеге шеберлілік.
Әр нәрсеге машық болғанша,бір нәрсеге машық бол,-дей келе,5-шарт «Шеберлікті сүйеміз» үй тапсырмасы,яғни қолөнер бөліміне келіп те қалдық.
Ортаға үш топ оқушыларын шақырамыз.
2-жүргізуші:
Оқу, білім - жанған шырақ, ойласаң.
Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң.
Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал.
Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң
Би билеймін тынышыңды алатын,
Ән саламын жанның шөлін басатын.
Әсем әннің әуенімен өткізген,
Шіркін, шіркін, бұл өмірдің әр сәтін,-дей отырып,4 «А» класс қыздарының орындауында қазақша би.Қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Алдарыңызда «Төрлет,наурыз» әні.Қабыл алыңыздар,Қосылып айтуға болады.Сіздердің қошеметтеріңізбен.................
2-жүргізуші:
Біз қазақпыз өнерге бай, жолы кең,
Сусындаған ақыл,білім нәрімен.
Жігіттердің талғамдарын байқайық,
Елдің көркі «сымбатты жігіт сәнімен» дей келе,келесі соңғы бөлім
«Біз сәнденшек баламыз»
(Ортада үш топ оқушылары сән үлгілерін көрсетеді)
1-жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ата-аналар өздеріңіз бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған "Ақыл-ой,жігер,талап серік болар жігітке" атты сайыс өз мәресіне жетіп қалды.
2-жүргізуші:
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар","Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда", - демекші бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын анықтау үшін сөз кезегі әділқазылар алқасынаберіледі.
1-жүргізуші:
Бүгінгі сайыста оза шапқан жүйріктер,сіздерді жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
2-жүргізуші:
Осымен біздің сайысымыз аяқталды.Назарларыңызғарахмет.
Хормен:
22-наурыз Ұлыстың ұлы күні наурыз тойларыңыз құтты болсын!