7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты 'Төрт түліктің пайдасы'

Тәрбие сағаты 'Төрт түліктің пайдасы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақсу қаласы «Евгеньевка селолық округі Үштерек орта мектебі» коммуналдық мекемесі















Ашық тәрбие сағаты


«Төрт түліктің қасиеті»

2-сынып












Сынып жетекшісі: Исенова А.Т.









2015ж


Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің қасиеті.
Мақсаты:

1.Төрт түлік туралы білім беру, төрт түлік малдың тіршілік табиғатымен, қадір- қасиетімен таныстыру. Қазақ халқы малмен айналысатынын түсіндіру. 2.Оқушылардың ой- өрісін, тілін ,шығармашылық қабілетін дамыту.

3.Малды күтуге, қадірлеуге, оны өсіруге, ата кәсіпке айналдыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Төрт түліктің суреттері, слайдтар, ойын түрлері.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

А) Оқушылар келген қонақтармен амандасады.

Ә) Назарларын сабаққа аудару.

-Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.Ең бірінші келген қонақтармен амандасып алайық.Қанеки, барлығымыз орындарымыздан тұрып қонақтарға қарап ,олармен ымдап, іс-әрекет арқылы амандасайық.

-Жақсы, енди орындарыңа отырыңдар.

-Балалар, қазір қандай мезгіл. (Көктем)

-Табиғатымызда қандай өзгерістер болып жатыр?(Күн жылынып, күн ұзарды, түн қысқарды,т.б)

-Жақсы, біз ауылда тұрғандықтан үй жануарларын өсіреміз.Ал, сендер қандай үй жануарларын білесіңдер? (Жылқы,сиыр,ит,мысық,қой,ешкі т.б.)

-Осылардың ішіндегі жылқы, түйе,сиыр,қой мен ешкіні бір сөзбен қалай айтамыз? (Төрт түлік малдар)

2. Тақырыппен танысу.

-Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Төрт түліктің қасиеті»деп аталады. -Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Кезінде ата-бабаларымыз төрт түлікке жайлы қоныс іздеп кең даламызда көшіп - қонып жүрген. Малдың сүті, жүні, терісі, мүйізі, сүйегі тіпті тезегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған. Мал қазаққа жесе - асы, кисе - кисе киімі, мінсе көлігі, жапанда серігі - болған.
Ата - бабаларымыз «мал - жан аман ба?» деп амандық саулық сұрасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, олардың бабын тауып, бағып - күтудің де жай - жапсырын, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген.
Ерте заманнан бері осы төрт түлік малдардың пірлері бар.

-Ал енді кім осы төрт түліктің пайдасы жайлы айтып береді?


Аружан: Қой- төрт түліктің ішіндегі ең момыны. Қой малы сонау ежелден халқымыздың несібелі малы болып есептелген. Балалар ауырып қалған кезде осы қойдың құйрық майымен сылап, емдеген.
Рамазан: Түйе- төрт түліктің төресі. Түйенің тигізер пайдасы аз емес. Түйенің сүті- шұбат. Ол әрі сусын, әрі тамақ. Шұбаттың емдік қасиеті күшті. Ішсе сүт, жесе ет, майы да мол. Түйенің сапалы жүні бар.

Төлеби: Сиыр- Зеңгі баба тұқымы. Ол адамға серік, әрі ақылды, әрі момын жануар. Біздің ішіп- жейтін тағамдарымыздың барлығы осы- сиыр малының өнімі. Мысалы: құрт, ірімшік, айран, май, қатық.

Елжас: Жылқы- жер жүзінің бәріне тараған түлік. Жылқы малы өте төзімді. Ол қыста сары аязда далада жайыла береді, өйткені жылқы малы суыққа тоңбайды. Еті де, сүті де өзгеше. Қазы- қарта, жал- жая жылқыдан алынады.

Жақсы, енді осы төрт түліктің төлдері қалай аталады? (Жылқы-құлын,сиыр-бұзау,түйе-бота,қой-қозы,ешкі -лақ)

3. Топқа ат қою

Балалар осы төлдер атауына байланысты өз топтарына ат қояды.

1-топ- қошақандар

2-топ- ботақандар

4.Постер қорғау.

Төрт түліктің пайдасын қағазға түсіру оны қорғау.

5.Сергіту сәті. Қошақаным әнін айту.
6.Пайдалы тағамдар. (Слайд)

Оқушыларға төрт түліктен алынатын пайдалы тағамдар туралы жазылған қима қағаздар беріледі.Тақтадан сурет шыққан кезде оқушылар бірден орнынан тұрып жауап беруі керек.


Құрт
Қатты құртты жейміз, дәмді, қышқыл дейміз
Салма артық күшіңді, сындырасың тісіңді.
Сары май
Көп адамдар білмейді, ішсе шайын үрлейді
Ыстық шайға май қосса, бірден ауыз күймейді
Шұбат.
Бар қызығы жарнаманың шұбатта,
Ішіп алып біраз ойлап тұрақта.
Ауырған жерің басылып
Тыныстарың ашылып,
Сарайыңды ашатын,
Сусыныңды басатын
Бар қызығы шұбатта.
Қаймақ
Балдан тәтті қаймақ, жегенім жоқ айлап
Жүрген шығар сақтап, апам мені ойлап.
Сүт.
Сүт, үйіңе келсе құт,
Ішсең ас, ұйтсаң айран.
Шайқасан май,
Қатса тәтті болар шәй.
Ішіп алып терлеп- тепшіп,
Көңілің жай.
Қымыз.
Ішіп алсаң қымызды,
Тартқандайсың қымызды.
Қан жүгіріп, бой- бойлап,
Кеткендейсің той- тойлап.
Пай-пай, шіркін, денсаулыққа пайдасы- ай.
Дәрі ішкенмен сайма- сай.
Қымыз
Жеңгем бие сауады, ағам саба пісірді,
«Денсаулыққа дауалы», деп үлкендер ішеді.

Қазы

Ет төресі қазыны, апам тұздап баптайды
Ұнға тығып жаз күні, күзге дейін сақтайды.
Дәмді тағам шұжық, түрі ұзынша қызық,
Ағам көрсе тоймайды, оңайға апам қоймайды.

7.Ойын «Кім жылдам?»
Мозайка құрастыру.
Қортынды. «Малым- жаным садағасы, жаным- арым садағасы» деген ата- бабамыз мал атаулының қадір- қасиетін жетік біліп, сахараны төрт түлікке толтырған. Қазақстан жерін малсыз көзге елестету мүмкін емес. Қазақ- ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық.

«Тақырыпты постерға салу сәті»

Сергіту сәті «Қошақаным» әні


«Кім жылдам?»ойыны

Қорытынды ...





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал