7


  • Учителю
  • «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» 2 сынып

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» 2 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін:

Мектеп директорының оқу жұмысы

жөніндегі орынбасары:

___________________ Н. Уахитова

« » ______________ 2014 ж



Тақырыбы: «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: бір халық - бір ел - бір

тағдыр»



Мақсаты:

  • Оқушыларға Отан ұғымын таныстыру, Отанды шексіз сүюге,

оны қорғауға үйрету.

  • «Қазақстан - 2050» Стратегиясының басты мақсатын таныту.

  • Елін, жерін қорғай білетін патриоттық сезімді, ынтымақтастық,

бірлік, достыққа тәрбиелеу.



Көрнекілігі: Танымдық тірек сызбалар, ҚР - сы Президенті

Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан

(14 желтоқсан 2012ж) үзінді, суретті плакаттар.



Пәнаралық байланыс: дүниетану, тарих.



Жүрісі: І. Психологиялық дайындық.

  • Оқушылар бүгін қандай күн?

  • Мереке күні.

  • Көңіл - күйлерің қандай?

  • 1 қыркүйек - Білім күні.



Олай болса, бүгінгі алғашқы сабағымызды бастаймыз.



ІІ. Кіріспе сөз.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған, дәстүрлі жолдауын Тәуелсіздік күні қарсаңында жария етті.

Мұнда еліміздің 21 жылда айтарлықтай жеткен жетістіктері сараланып, әлем алдындағы беделіміздің асқақтығы айқындалып айтылды.

Осы жолдаудан төмендегідей үзінділерге тоқталу:

  • «Біздің басты мақсатымыз - әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болу.»

  • «ХХІ ғасыр - Қазақстанның алтын ғасыры»

  • « Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел боламыз»

  • «Азаматтық татулық - біздің басты мақсатымыз» деген еді.







Елбасы өз сөзінде: « Біз бәріміз бір атаның - Қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу, ол қасиетті Қазақ даласы.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» 2 сынып«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» 2 сынып

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы - осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. « Мәңгілік ел» болу үшін әр сөзін аға буынға, ортаңғы буын және кейінгі толқын жастарға да арнайы бөліп айтты.

Біз көп ұлтты қоғамбыз. Қазақстан - біздің қасиетті мекеніміз.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» 2 сынып«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» 2 сынып«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» 2 сынып«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» 2 сынып«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» 2 сынып«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» 2 сынып«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» 2 сынып«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» 2 сынып









Тату ел.















Қазақстан деген алып елде өмір сүріп жатқан барша ұлт өкілі біріге отырып, еліміздің дамуына үлес қосып отыр.



ІІІ. Ой бөлісу.

  • Балалар, қандай мақал - мәтел білеміз?

  • «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады.» деген қағидалы сөздің түбі тереңде жатыр. Осындай үлкен алып елде өмір сүріп жатқанымызды мақтаныш етеміз.

  • Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасының өз рәміздері, салт - дәстүрі бар.

  • Рәміздерді атай аламыз ба?

  • Туымыз көкте қалықтаған, еңселі Елтаңбамызбен және асқақтата шырқалар Гимніміз бар.

ІV. Тіл дамыту.

«Отан - отбасы, Отан - ауыл.» (Әр оқушыдан өз отбасы, ауылы жайлы

ой қозғау.)

V. Оқушылар шығармашылығы.



  1. Отан деген - атамекен,

Отан деген - туған жер.

Отан - ана,

Отан - үлкен,

Қазақстан - туған ел.

  1. Болашаққа бастаған.

Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанның,

Мақтанышым - Астанам.



VІ. Қорытынды ой - түйін.

Мұғалім сөзі.

Сенің Отаның, менің Отаным, оның Отаны - біреу, ол - Қазақстан Республикасы. Қазақстан бай ел. Жаратқан ие бізге көп байлық сыйлаған. Жеріміз кең, суымыз мол, жер қойнауы байлыққа толы, суымыз түрлі балыққа бай.

«Қазақстан - 2050» жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыруда бізге - қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктейді.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев Тәуелсіз елді өз қолымызбен құрған, басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенемін деп, кейінгі ұрпаққа үлкен сенім артады және 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенім артады.

Ал, біздің мақсатымыз - терең білім алу, тәртіпті болу, болашаққа сеніммен қарау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал