7


Ана тілі Тақырыбы: Түйе. Бота

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Күні: 22.01.2015 жылПәні:Ана тіліСабақтың тақырыбы: Түйе. БотаСабақтың максаты:Білімділік:Қазақ халқының ең қадірлі малы түйенің ерекшеліне тоқталады.Оның еті,сүті,жүнімен қатар,күш көлігі ретінде қолданылатынын түсінеді.Дамытушылық:Оқушылар сөздік қорын молайтады,мәнерл
предварительный просмотр материала

Күні: 22.01.2015 жыл

Пәні:Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Түйе. Бота

Сабақтың максаты:

Білімділік:Қазақ халқының ең қадірлі малы түйенің ерекшеліне

тоқталады.Оның еті,сүті,жүнімен қатар,күш көлігі ретінде

қолданылатынын түсінеді.

Дамытушылық:Оқушылар сөздік қорын молайтады,мәнерлеп оқу

дағдысын жетілдіреді,төрт түлік туралы түсініктерін кеңейтеді.

Тәрбиелілік: Оқушыларды таза,көркем,шапшаң жазуға төселдіру.Бір-бірін

сыйлауға, бауырмалдыққа баулу.


Сабактың түрі: Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: сұрақ жауап, түсіндіру, әнгімелеу.

Көрнекілігі: Төрт түліктің суреттері,слайдтар ,ойын түрлері,смайликтер,құрт

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі .1. Оқушыларды түгендеу,зейінін сабаққа аудару.

2.Оқушыларды шеңбер боп тұрғызып,төрт түліктердің түрін таңдау арқылы оқушыларды төрт топқа бөлу. топ

1-топ. Лақ

2- топ .Қошақан

3- топ. Құлыншақ

4 -топ.Бұзауқан

Психологиялық дайындық.

Аспан түрді түндігін,

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық күн бүгін,

Қайырлы күн ,қайырлы.

2.Үй тапсырмасын сұрау

«Төлді қалай шақырады?» өлеңін 4 топқа мәнерлеп оқыту.

19-жаттығуды тексеру.Қарамен жазылған сөздердің дыбыстарын

сандықшаға топтастыру

«Оз орнына орналастыр» ойыны

Шопаната,Зеңгібаба,Қамбарата,Сексекаталарға төрт түліктерді жаңылыспай

орналастыру. Бағалау.Бағдаршам


-Балалар ,енді қандай төрт түлікті көрмей тұрмыз?

-Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Жұмбақ

Кезекті бір жануар

Үстінде екі тауы бар /түйе/

-Мен түйемін ,сендер мен жайлы не білгілерің келеді?

- Қане кім сұрақ қояды?

-Балалар біз төрт түлік малдарды жақсы білеміз,енді соның ішінде түйе жайлы білімімізді шыңдаймыз.

Түйе киелі жануар.Ол шөл мен аштыққа шыдамды.Оны ертеде ата-бабаларымыз көлік ретінде пайдаланды.Оның баласы бота. Ол сүйкімді жануар .Ол ботасын 12 ай көтереді.Түйенің екі түрі бар. Інген- екі өркешті.Аруана - жалғыз өркешті,сүті мол түйе.Ол жантақ,алабота,ащы қурайларды жейді.Оның терісі, жүні,сүті өте пайдалы.Оның жүнінен түрлі киімдер тоқиды,еті ем ,сүті , шұбаты шипа.Түйе сүті түрлі дәрумендерге бай.Одан құрт -май,балқаймақ,ірімшік жасалады.Еліміздің Маңғыстау,Қызылорда секілді облыстарда түйе шаруашылығы ертеден тамырланып, қазір де іргелі қожалықтар жұмысын жүйелі жүргізіп отыр.


Оқулықпен жұмыс

-мәнерлеп оқу

-екі оқушыға толығымен оқыту

-тізбектеп оқыту

Дәптермен жұмыс

20-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жазып,қарамен жазылған сөздердегі дауыссыз дыбыстардың астын сызу.

Түйе боталайды. Сиыр мөңірейді.Қой маңырайды.Жылқы кісінейді.

Бағалау. Смайлик


21-жаттығу

Сәйкестендіру арқылы орындау

«Қай мал қайтеді?»

Туйе,жылқы,сиыр,қой,ешкі.

Қоздайды,құлындайды,боталайды,бұзаулайды,лақтайды.

Бағалау. Смайлик

Сергіту сәті

« Кім жылдам?» Топтық жұмыс

1-топ .Түйенің қандай пайдасы бар?

2-топ .Дауысты дыбыстарды ата

3-топ.Дауыссыз дыбыстарды ата.

4-топ.Төлдерді қалай шақырады?

-Балалар, ата-әжелерің ,ата-аналарың сендерді қалай еркелетеді?

-Ботам,ботақаным /балалардың жауабы/

-Неліктен деп ойлайсыңдар?/жауап тыңдалады/

Бағалау.Бағдаршам


Толықтырып түсіндіру

Себебе бота сүйкімді,әдемі,көздері улкен,мөлдір қара,тартымды төл.Сендерде сол сияқтысыңдар,сондықтан да сендерді үлкендер осылай айналып-толғанып еркелетеді.


«Кім тапқыр?» Төрт түлік малдардың дыбысын тыңдау арқылы оқушылар өздері ажырату керек. Бағалау .Бас бармақ


Үйге тапсырма:

«Түйе» ,«Ботақан» өлеңдерін түсініп,мәнерлеп оқу.«Сүйкімді бота» тақырыбында екі сөйлемнен шағын әңгіме жазып келу.

Бағалау

- Балалар сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға өзімнің және ата-аналарыңнын еркелеткенде айтатын жылы сөздері жазылған құрт өнімімен бағалаймын.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал