7


  • Учителю
  • Поурочное планирование на тему Ұлыстың ұлы күнінде

Поурочное планирование на тему Ұлыстың ұлы күнінде

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән: ана тілі

Сынып: 1 Күні_______

Сабақтың тақырыбы: Ұлыстың ұлы күнінде

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың жал санауларына қайталау жасау, ұлыстың ұлы күні жайында түсінік беру. Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы білімдерін пысықтау. 2. Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту. 3. Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы білімдерін пысықтай отырып, наурыз мерекесінің тойлануы туралы үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: суреттер

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, сандарын түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, керекті құрал - жабдықтарын алғыздыру, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, сабаққа назарларын аудару.

Үй тапсырмасын сұрау: Өткен сабақта берілген мазмұндауды әр баладан жекелеп сұрап, сұрақ қою арқылы материалды түсінгендігіне көз жеткізу. Үйге берілген жаттығуды талдап, пысықтау.

Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: -Балалар, заттың қимылын білдіретін сөздер туралы не білеміз? -Қандай сұрақтарға жауап береді? Анықтаманы сұраймын.

Мақсат қою кезеңі: -Балалар бүгін біз кешегі тақырыпты яғни Наурыз - жыл басы жайында әрі қарай білімімізді жалғастырамыз. Мақсат қою.

Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. 1. Әр сөйлемдегі сөздерді өз орындарына қойып, сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазыңдар. 1. Тақтайды, кесті, Ержан.

2. Нұржан, сүргіледі, тақтайды. 3. Шеге, қақты, Мақсұт 2. заттың атын білдіретін сөздер мен қимылын білдіретін сөздерді қосып оқыңдар. Өлеңді түсініп оқыңдар:

Ұлыстың ұлы күнінде «Оң болсын,-деп,ұлысың!»

Төс түйісіп көрісер.

Көжедегі ырысын

Көпшілікпен бөлісер

Мәтіндегі тілек сөздерді жаттап алыңдар.

Наурыз тойы салтымыз,

Аман болсын халқымыз

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Сергіту сәті:

Қатты нөсер басылды.

(жаймен тырсылдатады)



Күн жарқырай ашылды

(қолдарымен күн жасайды)



Неше түрлі әдемі

Кемпірқосақ жасалды.

(жарты доға жасайды)

1. мәтінді түсініп оқыңдар. Немере

2. Заттың қимылын білдіретін сөздерді атаңдар.3. Әжесі жайында жазылған сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

ІII.Бекіту кезеңі: Заттың қимылы, заттың атын білдіретін сөздерге мысалдар келтіріп ойын ойнату

Сабақты қорыту: - Бүгін біз сендермен қандай тақырыпты өттік?

  • Өздеріне қандай жаңа материал алдыңдар?

  • Сабақта қандай қиыншылықтар кездесті?

  • Сабақ несімен ұнады?

Үйге тапсырма, бағалау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал