- Учителю
- Ашық сабақ: '10саны және цифры'
Ашық сабақ: '10саны және цифры'
Астана қаласы №44 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі:
Тулегенова Бибигуль Шаймуратовна
1 «Ә» сыныбы
Сабақтың тақырыбы: "10саны және цифры"
Мақсаты: Оқушыларды 10 саны және цифры мен таныстыру.
Міндеттері:
Білімділік: 10 саны мен цифрының баспа және жазбаша түрлерін меңгерту, сан қатарындағы орнын анықтау арқылы басқа сандармен байланысын қарастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың есептеу дағдыларын, логикалық ойлау жылдамдығын, есте сақтауды дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге, өз ойын еркін жүйелеп айтуға және өзгенің пікірін тыңдай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар 10 саны және цифрының баспа және жазбаша түрін меңгеріп, басқа сандармен байланысын құрастыруды үйренеді.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Технология: БжС технологиясындағы "Алгоритм" картасын қолдану.
Сабақта пайдаланатын ресурстар: Ресурс Bilimland.kz
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсің бе, Күн!
Сәлеметсің бе, Жер!
Сәлеметсің бе, Халқым!
Сәлеметсің бе, Мен
Бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбын анықтау үшін мына сызбаға назар аударайық: (Ресурс Bilimland.kz.)
- Балалар, кез келген санға 1-ді қоссақ келесі сан шығады
- 9-ға 1-ді косқанда келесі сан 10 шығады.
Біз бүгін 10 саны және цифрымен танысамыз.
Сан қатарындағы орнын анықтау:0, 1,2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10
Тура және кері санау:10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0.
10 цифрын жазу
Сыныпты белсендіру үшін көшбасшыға сөз беру.
Біз ақылды баламыз
Оқып білім аламыз.
Қандай баға аламыз?
1-жоқ, 2-керек емес,
3-жоқ, 4-жаман емес
5-өте жақсы, тамаша.
5-тік болсын алар бағамыз
Білімнен бақыт табамыз!
- Жылдамдық санағын жүргізу (У=1, 2, 3,)
Жылдамдық, Зейін, Есеп, Тақырып
ОӘЖА (Оқу әрекетінің жинақталған амалдары) сызбасы бойынша
1-түсіндіру
9 + 1 =10 Бірінші қосылғыш 9, екінші қосылғыш
1, қосындының мәні 10-ға тең
1+9 =10 Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан
қосындының мәні өзгермейді.
10- 9=1 Қосындының мәнінен 1-ші қосылғышты азайтсақ
2-ші қосылғыш шығады.
10- 1=9 Қосындының мәнінен 2-ші қосылғышты
азайтсақ 1-ші қосылғыш шығады.
1-цикл Байқау
Бір шапалақ ұру. «Байқау» сөзін дәптерге жазу, жұмысқа кірісу.
ТҚШ АҚШ ЖҚШ
9+1 1+9 9-1+1
Жұмыстың аяқталу уақыты 5 бала және 30 сек
Жұмыс аяқталған соң оқушылар дәптерлерімен алмасады. «Қолда қалам - бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмалардың орындалу кезеңін тексер, орындау спасын анықтау. Тақтаға тапсырма жауаптарын жазу.
ТҚШ АҚШ ЖҚШ
10 10 10
2-ші цикл Бекіту.
ОӘЖӘ (Оқу әрекетінің жинақталған амалдары) сызбасы бойынша 2-ші түсіндіру.
2рет шапалақ ұру. « Бекіту» сөзін дәптерге жазу, жұмысқа кірісу.
ТҚШ АҚШ ЖҚШ
2+8 8+2 10-1-1
- Жұмыстың аяқталу уақыты 5 бала 30 сек.
Жұмыс аяқталған соң оқушылар дәптерлерімен алмасады. «Қолда қалам - бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмалардың орындалу кезеңін тексер, орындау сапасын анықтау. Тақтаға тапсырма жауаптарын жазу.
ТҚШ АҚШ ЖҚШ
10 10 8
Сергіту сәті.
3-цикл. Есте сақтау .
ОӘЖА сызбасы бойынша 3-түсіндіру.
3 рет шапалақ ұру. «Есте сақтау» сөзін дәптерге жазу, жұмысқа кірісу.
ТҚШ АҚШ ЖҚШ
7+3 5+5-0 10-5+5
Жұмыстың аяқталу уақыты 5 бала және 30 сек.
Жұмыс аяқталған соң оқушылар дәптерлерімен алмасады. «Қолда қалам - бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмалардың орындалу кезеңін тексер, орындау спасын анықтау. Тақтаға тапсырма жауаптарын жазу.
ТҚШ АҚШ ЖҚШ
10 10 10
Түсіну: ОӘЖА сызбасы бойынша материалды меңгеру деңгейін анықтау.