7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты(Мемлекетіміздің Рәміздері-біздің мақтанышымыз)

Тәрбие сағаты(Мемлекетіміздің Рәміздері-біздің мақтанышымыз)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Мемлекетіміздің Рәміздері - біздің мақтанышымыз!



Мақсаты: Оқушыларды отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал болуға, елінің Туын, Гимнін, Елтаңбасын қастерлеуге, Мемлекетіміздің рәміздерін мақтан етуге тәрбиелеу.



Нәтижесінде: Балалар Рәміздердегі белгіленулердің сипатын түсініп, рәміздердің авторлары туралы танымын тереңдетеді.



Әдісі: баяндау, деректі мәліметтер ұсыну.



Көрнекілігі: Деректі суреттер, Қ.Р. сызба нұсқасы.



Барысы:

Кіріспе бөлім.



Мұғалімнің сөзі:

Жер бетіндегі мемлекет атаулының барлығында мемлекеттігінің белгілері рәміздері бар. Рәміз дегеніміз - белгілі бір нәрсені сипаттап көрсетуден тұратын сыр-таңба, шартты белгі. Қазақстан Республикасы -тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы , Туы ,Гимні сендерге таныс. Біздің еліміз тәуелсіз мемлекет. Мемлекетіміздің ата зыңына конституцияға - он жеті жыл толып отыр.

Балалардың рәміздер туралы білетін білімдерін жетекші сұрақтар бере отырып анықтау:

-Қазақстанның туының түсі қандай?

-Қазақстанның туын қай жерлерден көресің?

-Қазақстанның елтаңбасы қандай?

-Қазақстанның елтаңбасында қандай белгілерді көрдің?

-Қазақстан Республикасының гимні қай кезде орындалады?

Қазақстан Республикасының рәміздері туралы әңгімелеу:

Гимн- жар салу деген мағынаны білдіреді.

Гимн адамға зор рухани әсер ететін күш береді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимннің авторлары:

Сөзін жазғандар:М.Әлімбаев, Қ.Мырза Әли, Т. Молдағалиев, Ж.Дәрібаева, Н. Назарбаев.

Әнін жазғандар: м.Төлебаев, Л.Хамиди, Е.Брусиловский.

Елтаңба- көгілдір түс, негізінде шаңырақ бейнесі, аспан күмбезіндегі күн бейнесі, уықтары күн сәулесін елестетеді. Елтаңбада арғымақ бейнесін алтын пырақты ай мүйізді етіп келтірген. Елтаңбаның маңдайшасында бес бұрышты жұлдыз салынған.

Жұлдыз- еліміздің жұлдызы жарық болсын дегенді білдіреді.

Елтаңбаның авторлары: Жнадарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов.

Ту- тік төртбұрышты, көгілдір түсті мата ортасында күн бейнесі мен шарықтай ұшқан дала қыраны және сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекк жолақ бейнеленген.

Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков.

Деректі суреттермен жұмыс.



жылы еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алматыдағы опера және балет театрында туға тағзым етуі.

Қазақстан Республикасының толағайларының суреттері. Олимпиадада алған жетістіктері. (алты алтын, бір күміс, бес қола)

Төл теңгедегі мемлекеттік нышандар.

Сенің Отаның. Бүркіт Ысқақов.



Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға, түс, кейпін,

Достым, білгің келе ме?



Отан - сенің ата - анаң,

Отан - досың, бауырың.

Отан - өлкең, Астанаң,

Отан - аудан, ауылың.



Отан - тарих, Отан - тіл,

Жасаған елің, өр халқың.

Отан - өлең, Отан - жыр.

Көтерген көкке ең даңқын.



Үш бақытым. М. Мақатаев.

Ең бірінші бақытым - халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.



Ал екінші бақытым - Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.



Кей - кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.



Бақытым бар үшінші - Отан деген,

Кім мықты? - десе біреу, - Отан дер ем.

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай - ақ кел - дағы от ал менен.



Ән: «Жаса, мәңгі Қазақстан!»

Отан туралы М. Мақатаев.

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем.

Мен оның құдіретті үнін сүйем.



Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.

Жаным менің, кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.



Отан , Отан,

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Ант

Мен, Қазақстан Республикасының азаматымын.





Сүйікті Отаным - Қазақстанның дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы, әділетті, өркениетті ел болу үшін сапалы білім аламын.





Жоғары мәдениетті азамат боламын.





Туған халқымның ата - дәстүрін жалғастырамын.





Мемлекетімнің Президентін құрметтеймін.





Елімнің Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай орындаймын.





Елімнің Туын, Елтаңбасын, Гимін сыйлап, қастерлеймін - деп ант етеміз.





Ән: «Атамекен»

Тілек

Шөліркемей гүл тұрсын,

Жерім жайнап құлпырсын

Нұрын сыйлап біздерде,

Көкте мәңгі күн тұрсын.





Ортақ бізге туыстық,

Нұр сыйлаған күн ыстық,

Ыстық бізге кең өлке.

Ыстық бізге тыныштық.

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

ХХІ ғасыр - білім ғасыры. Сондықтан менің білімді, сауатты, еңбекқор балаларды тәрбиелеу. Ойларын еркін айтуға дағдыландыру, қалыптастыру.

ХХІ ғасырдың болашақ лидерлерін дайындау. Бұл балалар - еліміздің болашағы!





Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл! Қазақстанның Ата заңына - он жеті жыл! Мың жаса, Қазақ елі!



































































Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Тараз қаласы әкімдігінің білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің

№23 орта мектебі



Тәрбие сағаты(Мемлекетіміздің Рәміздері-біздің мақтанышымыз)









































Орындаған: Бекембетова Эльвира Игілікқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

















Тараз қаласы

























6



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал