7


  • Учителю
  • Конспект урока для 9 класса 'Алматы телевизия мұнарасы'

Конспект урока для 9 класса 'Алматы телевизия мұнарасы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Қазақ тілінен сабақжоспары.Мектептің әдістемеліктақырыбы:«Жобалау іс-әрекеті-білім сапасынарттыру құралы» Әдістемелік бірлестіктіңтақырыбы: «Қазақ тілі менәдебиет сабақтарында коммуникативті дамығанжеке тұлғаны қалыптастырумақсатында жобалау әдісінқолдану» Жеке
предварительный просмотр материала

Қазақ тілінен сабақ жоспары.

Мектептің әдістемелік тақырыбы: «Жобалау іс-әрекеті-білім сапасын арттыру құралы» Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында коммуникативті дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында жобалау әдісін қолдану» Жеке әдістемелік тақырыбым: «Оқушылардың тілін жаңа жобалар арқылы дамыту.» Күні : Сынып: 9a Пән:Қазақ тілі. Мұғалім: Жакашева Д.Қ.

Сабатың тақырыбы: Алматы телевизия мұнарасы.

Мақсаттар: 1. Алматы телевизия мұнарасы қызметі туралы мәлімет.

2.Хабарлау,ойлану қабілеттерін меңгеру, сөз қорын байыту.

3.Туған жерін, елін сүюге баулу, білімді болуға тәрбиелеу.

САБАҚ ТҮРІ: аралас.

САБАҚ ӘДІСІ: сөйлеу, аударма сөздігімен жұмыс.

КӨРНЕКІЛІКТЕРІ: суреттер, презентация, үлестірме қағаздар.

І.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу.

Тіл дамыту сұрақтары.

1.Лексикалық сәті: *Қазір қай жыл мезгілі?

*Қыста табиғат қандай болады?

*Қыстың ерекшелігі неде?

*Бүгін ауа райы, температурасы қандай?

Бүгінгі сабақты бағалау әр топқа бағалау қағазы беріледі І топ ІІ топты ал ІІ топ, І топты бағалайды

ІІ.Үй жұмысын тексеру: Хронологиялық кесте құру және сұрақтарға жауап беру.

ІІІ.Жаңа тақырып. Алматы телевизия мұнарасы.

1.Кіріспе сөз: Алматы - өте әдемі қала. Ол Алатаудың етегінде орналасқан. Алматыда әлемге әйгілі «Медеу» мұзайдыны бар. Онда түрлі спорт ойындары өтеді. Қаланың ортасында әдемі алаңдар, биік ғимараттар, театрлар, цирк, мұражайлар орналасқан. Қалада телевизия мұнарасы жұмыс істейді. Теледидар қызметі бүгінгі күнде маңызды.Себебі, көру дағдылары, есту дағдылары ,жалпы, адам өмірінде өте мәнді екен. Ғалымдардың пікірінше, көзбен көру есте көбірек сақталатынын айтады. Бұқаралық ақпарат құралдарымен жарықтандырылды: Онда «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы», «Литер», «Казахстанская правда», «Класс Тіme», «Алаш айнасы», «Страна и мир» газеттері, «Stan.kz» интернет порталы және «КТК», сайттары бар.

Алматы туралы видео.

2.Сөздік жұмысы:

Алматы қаласы → город Алматы
қала маңы → окрестности города
қала орталығы → центр города
қала шеті → окраина города
қала тұрғыны → житель города;
портты қала → портовый город
үлкен қала → большой город
қала мұнарасы → крепостная башня
болжам → прогноз, жаңалық → новость

Мәтінмен жұмыс: Ал енді екі топқа мәтін беріледі.

І топ. Мәтін бойынша тірек кесте құрап сан есімдерді теріп жазыңдар.

Телевизия мұнарасы радио телевизия хабарларын тарататын станциялардың кешені. Алматы қаласында үлкен телевизия мұнарасы бар. Ол Көктөбенің беткейінде орналасқан. Ол теңіз денгейінен 1000 метр биіктікте. Мұнараның биіктігі 372 метрді құрайды. Мұнараның құрылысы 1975 жылы басталып, 1984 жылы пайдалануға берілген. Мұнара құрылысы көлемді тұтас темірбетон іргетастан, сатылы металл діңгек және түтікті антенна қабаттарынан тұрады. Бұл мұнара күні-түні жұмыс істейді.

ІІ топ. Мәтін бойынша тірек кесте құрап сын есімдерді теріп жазыңдар.Алматы - көне қала. Археологтардың айтуы бойынша бұдан 2000жыл бұрын Алматының орнында бұрын да қала болған. Ежелгі заманның өзінде - ақ Алматы деп аталған. 1854 жылы Кіші Алматы өзенінің бойында іргетасы қаланған. Сол кезде ол әскереи бекініс болатың. Алматыға «Верный» («сенімді» деген мағынада) деген ат беріледі. 1921 жылы қалаға ежелгі Алматы аты берілді. 1929 жылы Алматы Қазақстанның астанасы болды. Сол жылы Алматыға алғашқы пойыз келді.

Келесі тапсырма Алматы телеканалдарына бағдарлама дайындау.

І топ. «Алма. ТВ.»

ІІ топ. «Алматы ақшамы ТВ»,

Әр топ тақтадағы берілген Телебағдарламадан сөйлемдер құрастырады.

Үлгі: Спорт жарысы дүйсенбі күні кешкі сағат алтыдан он минут кеткенде басталады.

Халық аспаптар концерті сейсенбі 20.30

Жаңалықтар сәрсенбі 18.10

Қазақ тілін үйренейік сенбі 12.20

Тамаша жексенбі 21.00

Әр топтан бір- бір баладан шығып жұмыстарын қорғайды.

Кітаппен жұмыс. Екі топ 1-тапсырмада берілген диалог бойынша өзара сөйлеседі.

2-тапсырма. 162- бет. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау.

VI. БЕКІТУ: Сұрақ -жауап

Қазақстанның қандай телеканалдарын білесіндер?

Балалар, сендер теледидардың қандай бағдарламасын ұнатасыңдар?

Ол бағдарламаның тақырыбы қандайы, саған несі ұнайды?

Қазіргі күнде «Келін» үнді сериялы қай телеканалда болады?

Ал енді оқушылар сендер осы жылы ВОУД тапсырасындар соған байланысты дайындыққа шамалы уақытымызды бөлейік. Тест ойын түрінде өтіледі.

V. ҮЙГЕ: Алматы телевизия мұнарасы тақырыбында эссе жазып келесіндер

Бағалау: бағалау қағазын маған тапсырады


І топ. Мәтін бойынша тірек кесте құрап сан есімдерді теріп жазыңдар.

Телевизия мұнарасы радио телевизия хабарларын тарататын станциялардың кешені. Алматы қаласында үлкен телевизия мұнарасы бар. Ол Көктөбенің беткейінде орналасқан. Ол теңіз денгейінен 1000 метр биіктікте. Мұнараның биіктігі 372 метрді құрайды. Мұнараның құрылысы 1975 жылы басталып, 1984 жылы пайдалануға берілген. Мұнара құрылысы көлемді тұтас темірбетон іргетастан, сатылы металл діңгек және түтікті антенна қабаттарынан тұрады. Бұл мұнара күні-түні жұмыс істейді.


ІІ топ. Мәтін бойынша тірек кесте құрап сын есімдерді теріп жазыңдар.

Алматы - көне қала. Археологтардың айтуы бойынша бұдан 2000жыл бұрын Алматының орнында бұрын да қала болған. Ежелгі заманның өзінде - ақ Алматы деп аталған. 1854 жылы Кіші Алматы өзенінің бойында іргетасы қаланған. Сол кезде ол әскереи бекініс болатың. Алматыға «Верный» («сенімді» деген мағынада) деген ат беріледі. 1921 жылы қалаға ежелгі Алматы аты берілді. 1929 жылы Алматы Қазақстанның астанасы болды. Сол жылы Алматыға алғашқы пойыз келді.

І топ. «Алма.ТВ.»


ІІ топ.«Алматы ақшамы.ТВ»



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал