7


  • Учителю
  • Қазақ тілі сабақ жоспары (3сынып)

Қазақ тілі сабақ жоспары (3сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі (3сынып)

Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы



Мақсаты:

Б.м: Сөз және оның мағынасы туралы 2-сыныптағы алған білімін қайталап, еске түсіре отырып, жаттығулар орындау;

Д.м: Сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту;

Т.м: Дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер



Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс: а) өткенді еске түсіру. Сөз дегеніміз не? Сөздің қандай мағыналарын білесің? ә) оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу (тірек сызба көмегімен сөз таптарын еске түсіру) б) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу А а А а Алма.

2-жаттығу. Сөздерді оқу, ондағы ұқсастық пен айырмашылықты бөліп көрсету, сөйлем құрау. Мысалы: Жазда аралар гүлдерден бал жинайды. Айдостың ала сиыры жайылып жүр. 3-жаттығу. Аспанда: ай, жұлдыз, күн, бұлттар, құстар, тікұшақ.

Жерде: топырақ, тастар, жәндіктер.

Суда: балықтар, балдырлар, кеме, қайық .

в) Сергіту жаттығуы. 4-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде балаларға сурет бойынша сөйлем құрап жаздырту. 5-жаттығу Оқушылардың үстел жайында білімдерін ауызша сұрау, суретпен жұмыс жүргізу.

ІҮ.Бекіту: а) 6-жаттығудағы ақпаратты есте сақтап талдау. ә) Ойын «Кім тапқыр?» Ойының шарты: оқушыларды 4 топқа бөліп, зат, сын, сан есім, етістік бойынша сөздер айтқызу, сұрақ қою.

Ү. Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөз туралы не білеміз? Сөз мағынасына қарай қалай бөлінеді?





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал