7


Ашық сабақ: «Оқу құралдары»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


№ 17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені КММ







4 «Б» сыныбы қазақ тілі


Ашық сабақ

Тақырыбы: «Оқу құралдары»

Грмматикалық тақырып: «Септіктер»






Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:

Ескендірова Қ.Н.

Қолданылған модуль:

Жас ерекшеліктеріне сай оқыту

















Петропавл қ.,

2015 оқу жылы

4 сынып қазақ тілі сабағы

Сабақтың тақырыбы:

Лексикалық тақырып: Оқу құралдары.

Грамматикалық тақырып: Септіктер

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың «Оқу құралдары» тақырыбы төңірегінде сөйлей білу,тақырып бойынша өтетін сөздерді,сөз тіркестерді дұрыс қолдана білу.

Сабақтың түрі : Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сөздікпен жұмыс,сұрақ-жауап,мәтінмен жұмыс,тапсырмалармен жұмыс,топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары,интерактивті тақта,бағалау жетондары

I. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу.Тілектер айту.

Біз ақылды баламыз,

Күнде бестік аламыз.

Жалқаулықты тастаймыз,

Жаңа сабақ бастаймыз.

Біз он бес баламыз,

Бүгін неше аламыз.

Бір керегі жоқ,

Екі керегі жоқ,

Үш керегі жоқ,

Төрт орташа,

Бес тамаша!

Енді балалар біз қазір сендермен үш топқа бөлінеміз. Ол үшін мына қораптан кәмпиттерді алып қызыл, жасыл, көк түске бөлініп отырасыңдар.

II.Үй жұмысын тексеру.«Орамал тастау» ойыны арқылы өткен сабақтарды қайталау.Шарты: Орамал шашақтарына байланған тапсырмаларды әуен арқылы оқушылар арасында жүргізу.Әуен тоқтаған кезде орамал кімде сол оқушы сұрақтарға жауап береді.

Сенің атың кім?

Сен неше жастасың?

Сен нешінші сыныпта оқисың?

Қазір қандай сабақ?

Никита бүгін сен бес ал.

Қазақ тілі нешінші сабақ?

Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

Көктем айларын атап бер.

Жаз айларын атап бер.

Апта күндерін атап бер.

Демалыс күні қай күн?

Максим сен ақылдысың.

III.Өте жақсы, балалар,ендеше бүгінгі біздің жаңа тақырыбымызды білу үшін Тақтадағы сканвордты шешсеңдер бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.

«ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ»

1-тапсырма.Мәтінмен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп екі топтан 2-3 оқушыдан тізбектеп оқу.

Менің оқу құралдарым.

Мен төртінші сыныпта оқимын. Менің оқу құралдарым бар. Олар:кітап,дәптер, күнделік,қылқалам,түрлі түсті қарындаштар,пенал,сызғыш,желім, қайшы өшіргіш.Кітап оқу үшін керек,дәптер жазу үшін керек.Ал,күнделік мұғалім баға қою үшін керек. Күнделікте жақсы бағалар болу керек. Менің сөмкемде кітап,қаламсауыт,күнделік,дәптер бар.Мен оқу-құралдарымды өте таза және ұқыпты ұстаймын.Қаламмен жазамын. Сызғышпен сызамын. Қайшымен қиямын.

IV. Сөздікпен жұмыс.

Қаламсауыт -пенал

Ұштағыш - тачилка

Қылқалам -кисточка

үшін -для (чтобы)

Ұқыпты - аккуратный

Жаңа сөздермен сөз тіркестерін одан соң сөйлем құрату.

Мынау - қаламсауыт. Менде қаламсауыт бар. Жасыл ұщтағыш. Асланда жасыл ұштағыш бар.Қылқаламмен бояймын.

2- тапсырма

«Шығыс базары» ойынын ойнату.Шарты: Әр оқушы өз атын жазады 2 рет. Барлық жазылған атттарды бір ыдысқа салып араластырамыз. Одан соң екі қағаздан алып өз атын сұраққа жауап беру арқылы сатып алады.

Бағалау.

V.Сергіту сәті. «Қара жорға» Барлығымыз тұрып билейміз.

VI. 3- тапсырма

3 топқа тапсырмалар беру.

1-топ. Сәйкестендіру (жіппен септіктің сұрақтарын сәйкестендіру)

2-топ. «Домино құрастыру» тәсілі арқылы септіктерді қайталау

3- топ. Оқу құралдарына коллаж құру ( Кітап) сөзін тәуелдік жалғауда жазу оны қорғау.


4-тапсырма. «Кім шапшан?»ойыны әр топтан кезектеп оқушылар тақтаға шығып берілген «өшіргіш, қалам, сызғыш»сөздеріне септік жалғауларын жазады.

5- тапсырма. Әр топ тақтаға шығып сөздерді септейді. Қай топ бірінші, дұрыс орындаса сол топ жеңімпаз атанады.

Ас не? өшіргіш, қалам,сызғыш

І с ненің? өшіргіштің,қаламның,сызғыштың

Бс неге? өшіргішке, қаламға,сызғышқа

Тс нені? өшіргішті, қаламды, сызғышты

Жс неде? өшіргіште, қаламда, сызғышта

Шс неден? өшіргіштен, қаламнан, сызғыштан

Кс немен? өшіргішпен, қаламмен, сызғышпен


VII.Үйге тапсырма. Оқу құралдарын екі сөзді тәуелдік жалғауда жазып келу.

VIII. Оқушылар бір - бірін бағалау. Кері байланыс алу.




Егерде саған сабақ ұнаса және түсінсең желкенді жасыл түске бояңдар

Әлі де түсінбеген жерлерің болса көк түске бояңдар

Сабақ қиын болды мен еш нәрсе түсінбедім десеңдер қызыл түске бояңдар


Менің оқу құралдарым.

Мен төртінші сыныпта оқимын. Менің оқу құралдарым бар. Олар:кітап,дәптер, күнделік,қылқалам,түрлі түсті қарындаштар,пенал,сызғыш,желім, қайшы өшіргіш.Кітап оқу үшін керек,дәптер жазу үшін керек.Ал,күнделік мұғалім баға қою үшін керек. Күнделікте жақсы бағалар болу керек. Менің сөмкемде кітап,қаламсауыт,күнделік,дәптер бар.Мен оқу-құралдарымды өте таза және ұқыпты ұстаймын.Қаламмен жазамын. Сызғышпен сызамын. Қайшымен қиямын.






Менің оқу құралдарым.

Мен төртінші сыныпта оқимын. Менің оқу құралдарым бар. Олар:кітап,дәптер, күнделік,қылқалам,түрлі түсті қарындаштар,пенал,сызғыш,желім, қайшы өшіргіш.Кітап оқу үшін керек,дәптер жазу үшін керек.Ал,күнделік мұғалім баға қою үшін керек. Күнделікте жақсы бағалар болу керек. Менің сөмкемде кітап,қаламсауыт,күнделік,дәптер бар.Мен оқу-құралдарымды өте таза және ұқыпты ұстаймын.Қаламмен жазамын. Сызғышпен сызамын. Қайшымен қиямын.






Менің оқу құралдарым.

Мен төртінші сыныпта оқимын. Менің оқу құралдарым бар. Олар:кітап,дәптер, күнделік,қылқалам,түрлі түсті қарындаштар,пенал,сызғыш,желім, қайшы өшіргіш.Кітап оқу үшін керек,дәптер жазу үшін керек.Ал,күнделік мұғалім баға қою үшін керек. Күнделікте жақсы бағалар болу керек. Менің сөмкемде кітап,қаламсауыт,күнделік,дәптер бар.Мен оқу-құралдарымды өте таза және ұқыпты ұстаймын.Қаламмен жазамын. Сызғышпен сызамын. Қайшымен қиямын.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал