- Учителю
- Сабақ жоспары Отбасы, Сөйлем.
Сабақ жоспары Отбасы, Сөйлем.
Сабақтың тақырыбы: Отбасы. Сөйлем
Сабақтың мақсаты: 1) Сөйлем туралы түсінік беру. Сөйлемді дұрыс құруға үйрету. Отбасы мүшелерінің міндеттерін және бір-біріне деген қарым-қатынастары туралы әңгімелесу.
2) Оқушылардың ауызекі тілдерін дамыту, толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.
3)Еңбексүйгіштікке, қамқорлыққа, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Көрнекіліктер: отбасы бейнеленген суреттер
Сабақ барысы:Оқушыларды тыныштандыру.
Бір, екі, үш
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
-
Оқуға қажетті оқу-құралдарының түгелдігін тексеру
ІІ. Өткенді еске түсіру
Көкеністерді атау (неше буын, неше дауысты дыбыс?)
Жемістерді атау (неше буын, неше дауысты дыбыс?)
-
Жауптарын толықтыру.
ІІІ. Жаңа сабақ
-
Сурет бойынша әңгімелеу
-
Отбасы мүшелері кімдер? - сұрағына жауаптар алу
-
Олардың отбасындағы міндеттерін ажыратып айту.
-
Сурет бойынша сөйлемдер құрату. Сөйлемдерінде неше сөз бар екенін анықтау
-
Сөйлемнің сөздерден құралғанын ашып айтып, түсіндіру.
Оқулықпен жұмыс. Әр сурет бойынша оқушылардың әңгімесін тыңдау, толықтыру.
-
Отбасына қатысты мақал-мәтелдер айту
Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер.
Ана алдында-құрмет,
Ата алдында-қызмет.
Әке-асқар тау,
Ана-етегіндегі бұлақ,
Бала-жағасындағы құрақ.
Ана сүтін ақтамағанды,
Ешкім мақтамайды.
Ата-анаңның сөзін жерге тастама,
Байып алсаң-менмендікке бастама.
-
Отбасындағы адамдарды сыйлауға, үлкенге көмекші болуға, кішілерге қамқорлық жасауға шақыру.
-
Оқушылардың өз отбасылары туралы әңгімелерін тыңдау.
Сергіту сәті Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары-төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Дәптермен жұмыс Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық. - деп дәптерлерін ашқызып, партада отыру, қаламды ұстау, дәптерді қою ережелерін еске түсіру.
Дәптерлеріне әріп элементтерін жазғызу.
-
Әр жолды жазғаннан кейін қаламдарын қойғызып, қолдарын демалту
ІV.Қорытынды
- Сенің отбасыңдағы орның қандай?
- Нені үйрендіңдер? (сөйлемнің сөзден құралатынын)
V. Бағалау
Сабақта белседілік танытан оқушыларға тиісті бағаларын қою.
VІ. Үйге тапсырма беру.
«Менің - отбасым» тақырыбына әңгіме құрау