7


  • Учителю
  • Әдебиеттік оқу. 2 сынып Тақырыбы: Астана. Күләш Ахметова

Әдебиеттік оқу. 2 сынып Тақырыбы: Астана. Күләш Ахметова

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Астана. Күләш Ахметова.

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділігі: Оқушыларға ақын Күләш Ахметованың өмірі, шығармашылығы туралы айта отырып, өлеңнің негізгі идеясы туған жерді сүю, қадірлеу екендігін ұғындыра отырып, оқушылардың өз Отанына деген мақтаныш сезімдерін туғызу, білім алуға талаптандыру.

2) Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.

3) Тәрбиелілігі: Оқушыларды патриоттық тәрбиеге баулу. Туған жерін, елін сүюге, табиғат әсемдігін таныта және қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайдтар, сюжетті суреттер, смайликтер, гүлдер.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, үйрету, сұрақ-жауап, ассоциация, ой-толғаныс, мадақтау.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Слайд қосылып тұрады. № 1

-Балалар бүгінгі біздің әдебиеттік оқу сабағымыз ерекше болмақ.Өйткені бізге сабағымызға қонақтар келіп отыр.Қазақ халқы қонақтарын ерекше сыйлап, бар жақсысын алдарына тосқан.Олай болса біз де салтымызға сай азамат екенімізді көрсетейік.Олай болса:

Слайд №2, №3

Мұғалім: Оқушылар:

Әрбір адам? Туысым,досым,жұрағат.

Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ісің? Тірлік,тірек,адамдық.

Әрбір сөзің? Шындық,бірлік, адалдық. Слайд № 4



II.Үй тапсырмасын тексеру:

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-«Кімнің мекені жақсы?»

1 қатарға осы мәтін бойынша сахналық көрініс берілді

2 қатарға осы мәтін бойынша сурет салу.

Барлығына осы мәтіннің үш бөліміне ат қою берілді. Өз туған жерің туралы әңгімелеу.



III.Жаңа сабақ:

-Жақсы балалар үй жұмысына жақсы дайындалып келген екенсіңдер,«Кімнің мекені жақсы?» мәтінінде айтылып отырған негізгі ой не?(туған жер,туған ел)

-Ендеше біздің туған жеріміз,туған еліміз қалай аталады?(Қазақстан)

Олай болса экранға назар аударайық.

(Слайд Астана қаласының көрікті жерлері)№5 - № 10

Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

- Өте дұрыс «Астана» өлеңімен танысамыз. Бұл өлеңнің авторы Күләш Ахметова.

(Слайд көрсету.) №11 -№12

Балалар К.Ахметова кім екенін есімізде сақтаймыз, сабақ соңында ораламыз.

Күләш Ахметова-1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстан Республикасы, Талас ауданы, Киров ауылында дүниеге келген.Ақын, жазушы, редактор. Шығармалары туған елді сүю, адалдық, достық, махаббат сезімдерін арқау етеді. Өлеңдері бірнеше тілге аударылған.



1.«Астана»өлеңін мәнерлеп мұғалімнің оқуы.

2.Оқушылардың шумақтап тізбектеп оқуы.

3.Өлеңмен жұмыс: Слайд № 13

Балалар кітабымыздағы 5 тапсырмаға назар аударайық. Өлеңнен осы сөздердің әрқайсысына қатысты жолдарды тауып оқимыз.

Сарыарқа, Есіл, Алатау , Алматы, Бәйтерек, Астана



Сергіту сәті:Көк тудың желбірегені. Видео қосу. 2 мин.

Осы өлеңді айтқанда қандай сезімде болдыңдар?



Шығармашылық жұмыс. (Слайд көрсету)№ 15

Балалар 83-беттегі суретке зер салып қарайық. Сурет сенде қандай сезім туғызды? Ақынға ілесіп, суреттен алған сезіміңді өлеңмен жеткізіп көрейік.

1 қатар Жұппен жұмыс. Астанаға өлең шығару.

2 қатар Астана туралы шағын эссе жазу.



«Күн шұғыласы»ойыны. Алматы мен Астана аттары неге қатар аталады деп ойлайсың?

(Тақтаға Астана Алматы деген сөздер ілінеді)

Алматы-«Тәуелсіздік монументі», апорт алмасы, Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ, Алғашқы бас қала, Мәдени орталық

Астана-«Бәйтерек», Ақ Орда, Думан ойын - сауық орталығы, Хан - шатыр

Ақын өлеңдегі Алматы мен Астана сөздерін адамның көз жанарына теңеген, себебі Алматы мен Астана да Қазақстан Республикасының құтты мекені десек те артық айтқандық болмас. Слайд №16

Рефлекция.

-Балалар сонымен бүгін біз қандай тақырып өттік?

-Өлеңнің авторы кім?

-К.Ахметова кім?

-Астана басқа қалалардан несімен ерекшеленеді?

-Балалар бүгін сабақта тағы қандай жұмыстар жасадық?

-Жақсы,енді сабақ басталғаннан бері туған жер, туған ел деп жатырмыз. Кім осы туған жерге, туған елге байланысты қандай мақал-мәтелдер біледі екен? Олай болса «Бәйтерек» монументінің жанына өз гүлдерімізді отырғызайық.

  • Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

  • Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

  • Ел іші алтын бесік.

  • Жері байдың елі бай.

  • Өз елің алтын бесік.

  • Әркімнің өз жері - Мысыр шаһары.

  • Өз елің өзекке теппес.

  • Туған жердің түтіні де тәтті.

  • Туған жерің түсіңе кіреді.

  • Өз елім - өлең төсегім.

Y.Үйге тапсырма. Слайд № 17

- «Астана» өлеңін мәнерлеп оқу. 1 қатар Астана 2 қатар Алматы сөздеріне сөзжұмбақ құрастыру.

YI.Бағалау. Балалар партаның үстінде 3 смайликтер жатыр. Әркім өз өзін смайликтер көтеру арқылы бағалайды.

Мен сабаққа өте жақсы қатыстым жасыл түсті. (5)

Мен сабаққа жақсы қатыстым сары түсті. (4)

Мен сабақта өзімді көрсете алмадым қызыл түсті. (3) көтереміз.

Олай болса сабағымыз аяқталды. Барлықтарыңызға көп - көп рахмет.

Тәуелсіздігіміздің тірегі,еліміздің жүрегі-Астанамыз асқақтай берсін! Слайд № 18

Жетекші орта жалпы білім беру мектебі























</ Ашық сабақ

Тақырыбы: Астана.

Күләш Ахметова.



2 «а» сынып



























Бастауыш сынып мұғалімі: Орынгазиева Г.О.







2015 - 2016 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал